7


  • Учителю
  • Алгебра Қызықты математикалық тапсырмалар 9 сынып

Алгебра Қызықты математикалық тапсырмалар 9 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Қызықты математикалық тапсырмалар

Сабақтың мақсаты: математикалық білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, тиянақтау, бақылау.

Сабақтың міндеті:балалардың пәнге деген қызығушылығын туғызып, оқушылардың белсенділігін арттырады.

Көрнекілігі: слайдтар

Сабақтың барысы:

I. Ертегі сипаттағы қызықты есептер.

II. Тез есепте!

III. Дидактикалық ойындар

IY. Логикалық есептер. Y. «Есте сақтайық»

YI.«Математикалық термин құрастыру» :

YIІ.Қорытынды.

I. Ертегі сипаттағы қызықты есептер.

Есеп - 1.

Қызыл Телпек әжесіне еттен, саңырауқұлақтан , орамжапырақтан 14 самса әкелді. Орамжапырақтан жасалған самса еттен жасалған самсадан екі есе көп. Еттен жасалған самса 3-еу. Саңырауқұлақтан жасалған самса нешеу? 5

Шешуі: 14 - (2*3+3)= 5 с.

Жауабы: Қызыл Телпек әжесіне саңырауқұлақтан жасалған 5 самса әкелді.

Есеп 2.

Қаңбақ шалдың жасы бір ғасырдан төрт есе көп. Оның жасы нешеде?

Шешуі: 100 * 4 = 400

II. Тез есепте!

«Торғай нешеу?»

Талдан ұшты көп торғай,

Емес бірақ көп торғай.

Алдында оның бастаушы,

Артында оның қостаушы.

Және тағы қарасақ,

Қайта оны санасақ,

Соңында біреу қап келді,

Алдында төртеу, топ келді,

Үшеуі қатар жарысқан,

Түзіліп үшеу қалыспан.

Ойың жүйрік болса егер,

Торғай нешеу, есепкер

(Бес торғай)



Көлден ұшты 50 қаз,

Қайтып қонды 20 қаз

Қонбады оның нешеуі,

Қа не кім тез шешеді? (30 қаз)



6 алманың 2-ін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады. (4)



11 түйе, бес жылқы.

2 сиыр, бір ешкі

2 қоян, үш түлкі,

Неше болды барлығы? (24)





Табақта 55 алма

Қолымда 5 алма

Барлығын қосқанда

Болады неше алма? (60 алма)



Қолымда 55 алма

5-ін бердім апама,

5-ін бердім атама,

Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)



100 асықтың 30-ын,

Досым сұрап алды

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолымда қалады. (70 асық)

III. Дидактикалық ойындар

Гүлдер, аралар

Мақсаты: сандарды қосу, азайту дағдыларын қалыптастыру. Ойын - тест арқылы қажетті жауапты таңдай білуге дағдылану.

Қажетті құрал жабдықтар: өрнек жазылған гұлдер (әр түсті). Сандар жазылған карточкалар. Аралардың суреттерін іліп қоюға болады. (Ойында олардың рөлін оқушылар атқарады).

Ойынның мазмұны. Ойынды топқа бөліп ойнатуға болады.Тақтадағы гүлдердің күлтелеріне өрнектер жазылған.Әр күлте жапырақшаларында үш түрлі жауап.

Мысалы, 20+30 ( 50, 60, 90 ). Әр топтағы ара рөліндегі оқушылар өздерінің гүлдеріндегі өрнектің мәнін дұрыс есептеп, өз жауаптарына қонуға тиісті. Қай қатар тез орындаса, сол қатар жеңімпаз атанады. Ойын нәтижесінде балалардың білім деңгейі тексеріледі.

Математикалық телефон.

Мақсаты: білімді тиянақтау.

Қажетті құрал - жабдықтар: ойыншық телефон (қағаздан дайындаған телефондар).

Ойын мазмұны.Оқушыларға тірек сандар беріледі. Мұғалім телефон құлағын көтеріп, бірінші топтың оқушыларымен байланысқа шығады.Мұғалім мысалды айтады, оқушы өзінің жауабын трубкадан айтады. Топ оқушылары қате болса, көмектеседі.

Қимақ.

Мақсаты: тез есептеу дағдыларын ұштау.

Қажетті құрал - жабдықтар: қайшы, тапсырмалар жазылған карточкалар.

Ойынның мазмұны. Ойынға жалпы сынып қатысады. Тақтаның алдында жіпті керіп, оған тапсырмалар жазылған карточкалар ілінеді. Шақырылған оқушы көзін байлап, жіптегі карточканы қиып алады. Тапсырманы орындаған соң жетон алады. Сабақ соңында кім көп жетон алса, сол «жеңімпаз» атанады.

Жұбыңды тап.

Мақсаты: тез есептеу дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құрал - жабдықтар: төмендегі үлгіде жазылған карточкалар. 20+10, 30, 50+ 20, 70.

Ойын мазмұны. Көрсетілген үлгідегі карточкалар оқушыларға үлестіріледі.

Мұғалім «жұбыңды тап!»- деген кезде әр оқушы өз жұбын тауып, қол ұстасып тұра қалулары керек. Ойын осылайша жалғаса береді.

IY. Логикалық есептер.

*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?

*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?

*4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?

*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?

*Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?

*Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?

*Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек?

*Үш қыз бір сыныпта оқиды.Айгүл,Гүлназ,Айнаш.Айгүл Гүлназдан үлкен,Гүлназ Айнаштан үлкен.Кім сонда үлкені?

*Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?

*Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?

*Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

*. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?

* Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?

* Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина, мотоцикл, велосипед) дөңгелектерінің саны - он болады. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұр?

Y. Есте сақтайық:

Оқушыларға слайдтан 10 түрлі зат көрсетіледі. Оқушылар ол заттарға 1 минут қарайды. Содан соң слайдты жауып қоямын. Оқушылар қандай зат көргенін параққа жаза бастайды. Осы он затты дұрыс тапқан оқушы екінші айналымға өтеді. Қалған оқушылар көрермен болып қалады.

YI.Математикалық термин құрастыру :

Слайдта сөздер жазылады. Оқушылар осы сөздерден математикалық термин құрастырады. Сөздерді дұрыс құрастырған оқушылар келесі айналымға өтеді.

  1. бұ-үш-рыш

  2. рыш-төрт-бұ

  3. лек-ге-дөң

  4. те-ма-ма-ка-ти

YIІ. Геометриялық фигуралардан суреттер құрау

YIІІ. Қорытынды.





























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал