- Учителю
- Сабақ жоспары: Аралас сандарды азайту
Сабақ жоспары: Аралас сандарды азайту
Математика 5- сыныпАралас сандарды азайту туралы мағлұмат беру.
Аралас сандарды азайту тәсілдерін үйрету.
Тапсырманы орындауда өзара жұптасып, топтасып жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
-
Аралас сандарды азайту туралы мағлұмат алады.
-
Аралас сандарды азайту тәсілдерін үйренеді.
-
Тапсырманы орындауда өзара жұптасып, топтасып жұмыс жасайтын болады.
Негізгі идеялар
І.Бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту үшін :
-
олардың бүтін бөліктерінің айырмасын , бөлшек бөліктерінің айырмасын табу керек.
-
бүтін бөліктерінің айырмасы мен бөлшек бөліктерінің айырмасының қосындысын аралас сан түрінде жазу керек
ІІ.Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды азайту үшін :
-
аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;
-
бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту керек.
Тапсырмалар
Топтық жұмыс (Мәтінмен жұмыс,сұраққа жауап)
Тапсырмалар
Жұптық жұмыс «Есептер шығару»
Тапсырмалар
Жеке жұмыс « Тест »
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру ( 3 минут)
1. Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру: оқушылармен амандасу, түгендеу, топтастыру.
2. Оқушыларды топқа бөлу( 3 топқа бөлу)
ІІ. Менен сұрақ, сенен жауап (сұрақ -жауап) (4 минут)
1. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз ?
2. Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосамыз?
ІІІ. Топтық жұмыс «Мәтінге шолу» ( 10 минут)
Әр топ оқулықтан өздеріне берілген мәтінді оқып топта талқылап баяндаушылары тақтаға шығып баяндайды.
І.Бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту үшін :
-
олардың бүтін бөліктерінің айырмасын , бөлшек бөліктерінің айырмасын табу керек.
-
бүтін бөліктерінің айырмасы мен бөлшек бөліктерінің айырмасының қосындысын аралас сан түрінде жазу керек.
Мысалы :
ІІ.Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды азайту үшін :
-
аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;
-
бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту керек.
Мысалы :
ІІІ.Натурал саннан аралас санды азайту үшін натурал санды аралас сан түрінде жазу керек.
Мысалы :
ІV. Аралас саннан натурал санды азайту.
Мысалы :
ІV. Жұптық жұмыс (15 минут)
Оқулықтағы № 690-693 есептер
V. Жеке жұмыс « Тест » (10 минут)
Мұғалім екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалайды.
VII.Кері байланыс. Рефлексия. (Не үйрендім, не қиын болды) (3 минут)
Әр оқушы стикерге жазып тақтаға іледі