7


  • Учителю
  • Урок по математики 'Қосу мен көбейтудің заңдылықтарын қолданып өрнектерді ықшамдау' 5 класс

Урок по математики 'Қосу мен көбейтудің заңдылықтарын қолданып өрнектерді ықшамдау' 5 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: математика

Сынып: 5 Реті:№30 Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қосу мен көбейтудің заңдылықтарын қолданып өрнектерді ықшамдау

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолданып өрнектерді ықшамдауын үйрету

Дамытушылық: Сабақтың барысында оқушылардың ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушының адамгершілік тұлғалық қасиеттері мен ұлттық дүниетаным мәселелеріне қатысты танымдық-тағлымдық ой-пікір туындату, ізденіске ықпал ету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Құралдар: Т.А.Алдамұратова, Е.С.Байшоланов, Математика 5 сынып, Интербелсенді тақта, смайликтер, бағалау парағы.

Әдіс-тәсілдер: АКТ, СТОҮ, Бж К, ОүБ,ТжД, ЖЕСО, ОБжК, диалогтік оқыту, топпен жұмыс.

Оқыту нәтижесі: Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолданып өрнектерді ықшамдай алады.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Модуль

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдаст.

кезеңі


3 мин

Оқыту мен оқудағы жаңа тәілдер

1.Жағымды психологиялық ахуал тудыру. 2.Топқа бөліну. 3.Топ ережесін еске түсіру.

4. Қайталау сұрақтары:

1) Санды өрнектерге мысалдар келтіріңдер?

2) Өрнектің мәні деп нені айтамыз?

3) Әріпті өрнек деп қандай өрнекті айтамыз?

4) Әріптің мәні деп нені айтамыз?

1.Шаттық шеңберіне тұрып бүгінгі күнге бір біріне сәттілік тілейді.

2. Қағаз қиындылары арқылы топқа бөліну.

3.Топ ережесін еске түсіру.

4. Көңіл -күй парағын толтыру

5. Санды және әріпті өрнектерді қайталайды


БІЛІМ

8 мин

СТОҮ

1 тапсырма. Қосындыны табыңдар: 6+18+25+5+2+4

1- тәсілмен. Қосылғыштарды тізбектеп қосып, қосындыны табыңдар.

2 тәсілмен. Қосынды толық ондық болатындай, қосылғыштарды топтап қосуды орындаңдар.

Қосынды өзгерді ме? Қай тәсіл тиімді?

2 тапсырма. Көбейтіндіні табыңдар: 20∙15∙4∙5.

1 тәсілмен. Көбейткіштерді тізбектей көбейтіп, көбейтіндіні табыңдар.

2 тәсілмен. Көбейтінді толық ондық болатындай, топтап көбейтуді орындаңдар. Көбейтінді өзгерді ме? Қай тәсіл тиімді?

  • Өрнектерді ықшамдау үшін қандай қасиеттерді қолдандық?

  • Ендеше оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

  • Сабағымыздың мақсаты мен міндетін айқындап алайық.

1.Тапсырмаларды орындайды. Қай тәсіл тиімді екендігін анықтайды.


2. Өрнектерді ықшамдау үшін қандай қасиеттерді қолданғандығымызды анықтайды


3. Сабақтың тақырыбын ашады.


4. Сабақтың мақсаты мен міндетін айқындайды.


ТҮСІНУ

5 мин

СТОҮ, жұппен, топпен жұмыс, диалогтік оқыту

Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін және мысалдарды постерге салдырамын.

Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін және мысалдарды постерге салып, ЖИГСО стратегиясы бойынша басқа топқа түсіндіреді

ҚОЛДАНУ

8 мин

СТОҮ, ЖЕ

Топта оқулықтан есеп № 29, 30, 31

Есептерді орындайды

ТАЛДАУ

8 мин

Топтық,Көшбасш. ЖЕ

Есепті шығару өрнегін құрастырып, ықшамдаңдар. Өрнектің мәнін табыңдар.

Топта оқулықтан есеп №32, 33, 34

Есептер құрастырады


СЕРГІТУ СӘТІ

2 мин

ЖЕ, АКТ

Сергіту сәтін орындауды ұсынады

Сергіту сәтін орындайды

СИНТЕЗДЕУ

6 мин

ТжД, ЖЕСО

Өрнекті ықшамдап алып, сонан соң мәнін табыңдар :

Топта оқулықтан есеп №38


БАҒАЛАУ


Дарындылық пен шығармашылық Бж К, ОүБ,

Тест

1. Өрнекті ықшамда: 19 - (14 + с)

а) 5с; б) 5 +с; в) 33 - с; г) 5 - с.

2. 49 - (14 + с) өрнегінің мәнін табыңдар, егер

с = 13.

а) 48; б) 22; в) 36.

3. (а + b) - m = a + (b - m) теңдігі:

а) саннан қосындыны азайту қасиеті;

б) қосындыдан санды азайту қасиеті;

в) қосудың терімділік қасиеті.

4. (157 + 34) - 124 : 62 өрнегінде азайғыш болады:

а) 124 : 62; б) 157 + 34; в) 157; г) 124.

Оқушылар тесті орындайды.

Қорытынды

5 мин

Кері байланыс

1.«Екі тілек, бір ұсыныс»

2. Бағалау парағы

Үй жұмысы: №37


Бекітемін_______

Мектеп директоры

Шалабаева А.А.

5 «Ә» сынып математика пәні бойынша орта мерзімді жоспар

Тақырыбы, негізгі мақсаттары мен оқытудың нәтижелері. Тізбектелген сабақтардың жиынын аяқтағанда оқышы бойында қалыптасатын білім, білік, дағды.

Жұмыстың белсенді формалары (ЖЖ,ТЖ,ПЖ,ДЖ) АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері

Оқушы әрікетін бағалау сіз қалай қолданасыз?

Сабақ барысында сыныптағы барлық оқушылардың қалай жұмысқа тартасыз? (дарынды, таланты)

Сөйлеуге үйретудегі кедергілерді қалай жоясыз?

Жоспарлаған және күтілген нәтиженің оқушылардан анықталуы


Негізгі мақсат: Пәнді оқытуда және оқуда жаңа тәсілдерді қолдана отырып, сабақта 7 модуль бойынша бірлескен жұмысты қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру; ақпараттық- коммуникациялық технологияны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.

1 сабақ

Тақырыбы: Қосу мен көбейтудің заңдылықтарын қолданып өрнектерді ықшамдау

Мақсаты және күтілетін нәтижесі:

1) Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолданып өрнектерді ықшамдауын үйрету

2) Жұппен, топпен үйренеді, тақырыпты өздігімен оқып үйренеді, ой жинақтауға үйренеді, бірін-бірі, өзін-өзі бағалауды үйренеді,ойлайды, шапшаңдық, тақырыпты қорытындылауға үйренеді, сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді, көшбасшылық қабілеттерін дамытады.

Оқушыларды топқа біріктіру. Топ ережесін шығару. СТОҮ, жұппен, топпен жұмыс, диалогтік оқыту, ЖЕСО, бағалау


ОҮБ,ОБ, Көшбасшылардың бағалауы Формативті бағалауды жинақтап, сумативті бағасын шығарады.

Вербальді бағалау, яғни «өте жақсы», «жақсы», «жарайсың», «сіздің қолыңыздан келеді»

Оқушылардың топта бір- біріне көмек көрсету, тақырыпқа мақсат қоюы, жұмыстарды бірігіп қорғауы, ортақ пікірге келуі.

Бір-бірінің пікірлерін тыңдауға үйрете отырып, сынып ортасына шығып сөйлету, сұрақ қою арқылы сөйлету.

Топтардың салған постерлеріне 2 жұлдыз, 1 тілек арқылы бағалайды, Бағалау парағы

2 сабақ

Тақырыбы: Қосу мен көбейтудің заңдылықтарын қолданып өрнектерді ықшамдау (қайталау)

Мақсаты және күтілетін нәтижесі:

1) Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолданып өрнектерді ықшамдауын қайталай отырып формулаларды есеп шығауру барысында дұрыс қолдануды үйрету 2) Жұппен, топпен үйренеді, тақырыпты өздігімен оқып үйренеді, ой жинақтауға үйренеді, бірін-бірі, өзін-өзі бағалауды үйренеді,ойлайды, шапшаңдық, тақырыпты қорытындылауға үйренеді, сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді, көшбасшылық қабілеттерін дамытады.

АКТ, СТО, диалогтік оқыту, ЖЕСО,ЖИГСО, бағалау

ОүБ, ОБ, Көшбасшының бағалауы, формативті бағалау, пікір білдіру, топ басшысының сумативті жинақтау бағалауы

"АӘБ әдісі" оқушылар берілген тест сұрағына топта талқылап, а,ә,б әріптерінің бірін көтереді

"3 минуттік кідіріс" әдісі бойынша ортаға көшбасшылар шығын

Біз бүгінгі сабақта

не істеді?

Нені үйренді?

Не білгісі келеді?

"Арқаға -арқа" отырған бір оқушы, екінші оқушыға формулаларды айтады, екінші оқушы оны қолма-қол қағазға жазады.

"10 сұрақ"әдісі- Ортаға бір оқушы тақтаға қарап түрады. артын көрсетілген сөзге байланысты оқушылар сұрақтар қояды.

Ынталандыру арқылы бағалау,

Оқушылар ұсынысы.

Өлең шығару арқылы

3 сабақ

Тақырыбы: Көбейтудің үлестірімділік заңдылығын қолданып өрнекті ықшамдау.

Мақсаты және күтілетін нәтижесі:

1) Көбейтудің үлестірімділік заңдылығын қолданып өрнекті ықшамдауын үйрету

2) Жұппен, топпен үйренеді, тақырыпты өздігімен оқып біледі, ой жинақтау біледі, бірін-бірі, өзін-өзі бағалауды біледі,ойлайды, шапшаңдық, тақырыпты қорытындылау біледі, сыни тұрғыдан ойлауды біледі, көшбасшылық қабілеттерін дамытады.

АКТ, СТО, диалогтік оқыту, ЖЕСО, КБ, формативті бағалау, сумативті бағалау


ОүБ, ОБ, Көшбасшының бағалауы, формативті бағалау, пікір білдіру, топ басшысының сумативті жинақтау бағалауы. Өзін-өзі бағалау

"Алты қалпақ" арқылы өткен тақырыпты еске түсірді.


"Ыстық орындық"

Тақараптың мазмұнын ашу үшін 3 сұрақ қойылады.

(зерттеушілік әңгіме)


Кері байланыс арқылы , рефлексия парақтарынан,

Есептер шығару арқылы,

4 сабақ

Тақырыбы: Көбейтудің үлестірімділік заңдылығын қолданып өрнекті ықшамдау.

Мақсаты және күтілетін нәтижесі:

1) Көбейтудің үлестірімділік заңдылығын қолданып өрнекті ықшамдауды қайталай отырып формулаларды есеп шығару барысында дұрыс және тиімді қолдануды үйрету

2) Жұппен, топпен үйренеді, тақырыпты өздігімен оқып біледі, ой жинақтау біледі, бірін-бірі, өзін-өзі бағалауды біледі,ойлайды, шапшаңдық, тақырыпты қорытындылау біледі, сыни тұрғыдан ойлауды біледі, көшбасшылық қабілеттерін дамытады.

АКТ, СТО, диалогтік оқыту, ЖЕСО,ЖИГСО, бағалау

Формативті бағалау. Пікір білдіру. Қорғау. Дәлелдеу. Топтар бір бірін бағалау.

СТО Оқушылардың топта бір- біріне көмек көрсету, есептерді бірігіп шығаруы, ортақ пікірге келуі арқылы.

Ашық және жабық сұрақтар қолдану, қайталап сұрау, оқушының жеке пікірін сұрау арқылы.

Кері байланыс арқылы , рефлексия парақтарынан




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал