- Учителю
- Конспекты по математике на тему 'Натурал сандарды азайту. Есептер шығару' (5 класс)
Конспекты по математике на тему 'Натурал сандарды азайту. Есептер шығару' (5 класс)
Математика 5-сынып
Күні:
Сабақтың тақырыбы:
Натурал сандарды азайту. Есептер шығару
Сілтеме:
Оқулық «Математика»5 сынып, Алматы, «Атамұра» 2015ж
Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары:
1.Натурал сандарды азайту туралы мәлімет беру;
2.Натурал сандарды азайтуды түсіндіру;
3.Натурал сандарды азайтуды қолданып, есептер шығаруға үйрету;
Оқуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:
«Жұптық жұмыс», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
Оқып-үйренудің нәтижесі:
1. Натурал сандарды азайту туралы мәлімет алады;
2. Натурал сандарды азайтуды түсінеді;
3. Натурал сандарды азайтуды қолданып, есептер шығаруға үйренеді;
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Оқушының іс-әрекеті:
Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.
1-топ координата,
2-топ сәуле,
3-топ натурал және 4-топ теңсіздік болып топтастыру.
Оқушылар бірліктер, ондықтар, жүздіктер және мыңдықтар болып 4 топқа топтасады.
1-топ координата
2-топ сәуле
3-топ натурал
4-топ теңсіздік
«Жұптық жұмыс» жүргізу арқылы жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беру. Сұраққа дұрыс және тез шығарған оқушыларға басбармақ арқылы бағалау жүргізіледі.
Есептер шығару:
Соңында есептің дұрыстығын тексереді.
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» формативті бағалауы арқылы бағалау жүргізіледі.
Есептер шығару.
№86 есеп. Азайтуды орындаңдар:
-
22 410-9 812 2) 36 003-27 765
3)146030-91878 4) 201210-65544
№87 есеп. Қосуды орындап, нәтижесін азайтумен тексеріңдер:
-
75321+10829; 2) 10049+33146;
3)84013+61728; 4) 31048+82716;
№88 есеп. Бірінші сан екінші саннан қаншаға артық немесе кем: 1) 2437 және 15211; 2) 63 011 және 9 987;
3)8 544 және 20022; 4) 51204 және 18 666;
№89 есеп. 20 ғасырда Орынбор (1920 жылдан), Қызылорда (1925 жылдан), Алматы (1929 жылдан), Астана (1997 жылдан) қалалары Қазақстанның астанасы болған. 20 ғасырда аталған қалалардың әрқайсысы қанш жыл Қазақстанның астанасы болды?
№90 есеп. Өрнектің мәнін ыңғайлы тәсілмен есептеңдер:
-
(821+345)-245; 2) (707+432)-132;
3)972-(72+888); 4) 906-(306+123);
Қорытындылау
Үйге тапсырма беру №7,9 Рефлексия