7


  • Учителю
  • 'ӨРнектерді ықшамдау' тақырыбына қысқа мерзімді жоспар

'ӨРнектерді ықшамдау' тақырыбына қысқа мерзімді жоспар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 13.10.2015 Сыныбы: 5а Пәні: Математика

Тақырыбы

Өрнектерді ықшамдауға есептер шығару

Мақсаты

Есептер шығару арқылы тақырыпты меңгереді және білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жалпы мақсат

Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдылару арқылы адамның сезім мүшелерін, көз-көру қызметін толығымен түсінеді қалыптастырып дамыту

Күтілетін нәтиже

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы жаңа білімді ұштай біледі.

Топта жұмыс жасауға қалыптасады.

7 модульдің қолданылуы

АКТ", "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық".


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Суреттер сөйлейді,Жигсо, Семантикалық карта,Кім біледі

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі



Тренинг

Жаңа тақырыпқа байланысты сыныпты сурет арқылы 3 топқа бөлу




Оқушылардың мұндағы мақсаты суреттер арқылы өз жұптарын тауып, топ болып құралу

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім


Қызығушылық

тарын ояту

Суреттер сөйлейді

Суреттер арқылы өткен тақырыптар бойынша сұрақ- жауап

Тақтаға ілінген суреттер бойынша әр топқа тапсырма беріледі, олар сурет арқылы не білетіндерін не үйренгендерін ортаға салып бөліседі

Оқушы берген тапсырманы орындау

Әр топ суреттермен жұмыс істейді, өткен тақырыптан не білгендерін айтады

Түсіну

Жигсо әдіс бойынша тақырыптарды қайталау

Өткен тақырыпты толық мңгеріп жаңа тақырыпқа қадам

Жигсо әдісі пайдалану

Ол үшін әр топқа арнайы тапсырмалар беріп, сол тапсырмалар төңірегінде оқушылар талдайды, пікір-аласау арқылы тапсырманы орындап түсінгендерін бір-біріне жеткізеді

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды дұрыс түсіне отырып мағанасын ашу, түсіні білу

Топпен жұмыс жасау

Қолдану

Постер

Өткен тақырыптарға арналған тапсырмалар төңірегінде

1 топ Санды өонектер

2 топ Санды әріптер

3 топ Өрнектерді ықшамдау

Әр топқа тапсырма тарату арқылы тараудан не біліп не үйренгендерін қағаз бетіне түсіреді, постер арқылы қорғайды

Барлық топ өз ойларын тапсырма бойынша қағазға салып, ойларын постерге салады, не білгендерін постер арқылы көрсетеді

Сергіту сәті

«Балапандар биі» атты жаттығу жасау

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.

Талдау

«Кім білімді»

Топтар жарысы

Топтарға тапсырма мен сұрақтар беріледі, әр топқа уақыт беріледі, қай топ бітсе, сол топ ортаға шығып жауаптарын көрсетеді

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру керек.Қай топтың тапсырмасы мен сұрақтары дұрыс болса сол топ жеңімпаз болады

Жинақтау

Семантикалық картаны толтыру арқылы сабақты жинақтайды

Тарау бойынша білімдерін жинақтау үшін әр топқа семантикалық картаны толтыру тапсырылады

Әр топ өзара тақырыпқа қатысты семантикалық кртаны толтырып жауабын тақаға шығып қорғайды, тарауды жинақтайды

Бағалау

Өзін-өзі бағалау (2 мин)

Бағдарша, бағалау парақшалары

Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату

Өзін өзі топпн бағалайды

Рефлексия

Стикерлерді толтыру

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру



Тақырып жоспары:

1) Тақырып бойынша дайындалған сұрақтарға жауап беру.

2) Тақырып бойынша дайындалған денгейлік тапсырмаларды орындау.

3) Тақырып бойынша топтық жұмыс.

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Өрнектерді ықшамдаңдар:

1) 35а + 18 + 15а + 11; 2) 42х + 45 + 8х + 45;

3) 12у + у + 52 + 8у + 3; 4) 204b + 30b + 6b + 5b.

2. Өрнектерді ықшамдап мәнін табыңдар:

1) y = 25 болғанда, 13у + 244 + 24у - 67 ;

2) m = 17 болғанда, 48m - 13m + 876;

3) x = 23 болғанда, 19x +457 + 39x - 278;

4) a = 39 болғанда, 26a +421 + 74a - 241;

3. Көбейтіндіні айырма түрінде жазыңдар:

1) 9 ∙ (21 - 8) ; 2) 31 ∙ (15 - 8) ; 3) 8 ∙ (19 - 3) ;

4) (40 - 29) ∙ 12; 5) (51 - 15) ∙ 19 ; 6) (62 - 3) ∙ 6.

4. Кестені толтырыңдар:



х

70

300

1000

у

10

3

10

10х + 7у




ІІ деңгей тапсырмалары

1. 1) 426 және 6 сандарының бөліндісінің мәнін 987-ге арттыруды;

2) 99 999 санынан 999 және 100 сандарының көбейтіндісінің мәнін азайтуды;

3) 89 999 және 10 001 сандарының қосындысының мәнін 99 есеге арттыруды;

4) 98 765 және 8 сандарының көбейтіндісінің мәнін 1 000 000 санынан азайтуды беретін санды өрнекті жазып, оның мәнін табыңдар.



Шешуі: 1) 426 : 6 + 987 = 71 + 987 = 1058;



2) 99 999 - ( 999 · 100) = 99 999 - 99 900 = 99;



3) (89 999 + 10 001) · 99 = 9 900 000;



4) 1 000 000 - 98 765 · 8 = 1 000 000 - 790 120 = 209 880.



2. 120 : 24 + 29 ∙ 3 - 80 өрнегінің мәні 1) 12-ге; 2) 22-ге тең болатын етіп жақшаларды қойыңдар.

Шешуі: 1) 120 : 24 + 29 ∙ 3 - 80 = 120 : 24 + (29 ∙ 3 - 80 ) = 12,

2) 120 : 24 + 29 ∙ 3 - 80 = (120 : 24 + 29 ) ∙ 3 - 80 = 22.



ІІІ деңгей тапсырмалары

1. Бір күнде 14 жоғарғы сыныпқа және 8 бастауыш сыныпқа барлығы х бор таратылды. Жоғарғы сыныптардың әрқайсысына күн сайын у бор таратылса, бастауыш сыныптардың әрқайсысына күн сайын неше бор таратылады?

Мұндағы x = 36, y = 2.

Шешуі: (х - 14 · у) : 8 = (36 - 14 · 2) : 8 = 1

Жауабы: 1 бордан таратылады.

2. 1-ден 100 -ге дейінгі сандарды тізбектей жазғанда жазылатын барлық цифрлардың қосындысын өрнектеп жазып мәнін тап.

Жауабы: 20· ( 1+ 2 + 3 + 4 + ... + 9) + 1 = 901

Топтық жұмыс. Үш топқа бөлініп төмендегі есептерді шығарады.

Есептің жауаптарын алуда мүмкіндігінше сан мәнін табады немесе кейбір жағдайда нақты сан мәні берілмесе әріпті қолданып жауабын әріпті өрнек түрінде табады. Топтар санды және әріпті өрнектер туралы пікір алмасып қорытынды жасайды.

I топ.

Арақашықтығы а км болатын екі ауылдан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы екі велосипедші шықты. Егер біреуінің жылдамдығы 12 км/сағ , ал екіншісінің жылдамдығы 11 км/сағ болса, онда 1 сағ өткеннен кейін екеуінің арақашықтығы қандай болады?

Жауабы: а - 23 км

II топ.

Егер катер b км/сағ жылдамдықпен қозғалса, онда ол 180 км жолды қанша уақытта жүріп өтеді?

Жауабы: 180/ b сағ

III топ.

Бірінші күні дүкенге 300 кг, ал екінші күні бірінші күнге қарағанда а кг ұн артық әкелінді. Үшінші күні екінші күнге қарағанда 60 кг ұн кем әкелінді. Дүкенге үш күнде барлығы қанша килограмм ұн әкелінді? Жауабы: 840 + а;



Үй тапсырмасы: 1) Тіктөртбұрыштың ені b см, ал ұзындығы одан 2 есе ұзын болса, ауданын тап. Мұндағы b = 7 см.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал