- Учителю
- Математика сабак жоспары Екі таңбалы сандарды ондық құрамы және оларды жіктеу.
Математика сабак жоспары Екі таңбалы сандарды ондық құрамы және оларды жіктеу.
Тексерілді:__________________
Күні: Пәні:математика
Тақырыбы: Екі таңбалы сандарды ондық құрамы және оларды жіктеу. Теңдеулер. Өзіндік жұмыс
Сабақтың мақсаты: 1) Екі таңбалы сандарды ондықтармен және бірліктермен санау арқылы шығарып алуға машықтандыру; Екі таңбалы сандарды оқу мен жазудың ерекшеліктерімен таныстыру, қатардағы орнына және ретіне қарай салыстыру, олардың ондықтар мен бірліктерден тұратынын аңғарту;
2) бір амалмен шығарылатын есептерді пысықтау, кестелік қосу мен
азайтуды және сәйкес ондықтарды қосу мен азайтуды қайталау;
3) іскерлікке баулу
Көрнекілік: әр түсті жолақшалар, сызбалар, кесте, цифрлар.
Әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, топтық жұмыс, ойын.
Түрі: аралас сабақ.
Сабақ жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық бетбұрыс
- Балалар, математика пәнінде оқушылар не істейді?
Жауаптары: санайды, қосады, азайтады, өлшейді.
- Дұрыс, ал адамдар нені санайды?
Нені өлшейді?
Нені қосады?
Нені азайтады?
Жауаптары: ақшаны, заттарды, дүкендегі заттарды, айлар мен жылдарды, т. б.
- Барлық мамандардың иелеріне санау, есептеу керек пе? (Ие)
- ендеше біз де бүгін тез, дұрыс, шапшаң санауды бастайық.
ІІ. Жаңа сабақ.
№1 есеп. Санды ата. Оның ондықтары мен бірліктерін жаз:
34=3онд.4бірл.
99=9онд.9бірл.
51=5онд.1бірл.
49=4онд.9бірл.
83=8онд.3бірл.
68=6онд.8бірл.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
№2 есеп. Санды жаз және оқы: