- Учителю
 - Математикалық бәйге.
 
Математикалық бәйге.
Математикалық бәйге.
(5а, 5в сыныптары арасында өткен сыныптан тыс жұмыстың сценарийі)
Мақсаты:
-  
Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арььыру;
 -  
Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету;
 -  
Пәнге деген қызығушылығын арттыру;
 
Ойынға 4 топ қатысады, әр топта 5оқушыдан.
Әр топтың ұраны, эмблемасы, сәлемдемесі болуы керек.
Құрал -жабдықтар: Презентация, математиктердің нақыл сөздер жазылған плакаттар, зал шарлармен безендірілген.
Ойын кезеңдері:
-  
Топтардың сәлемдемесі;
 -  
Сергіту- жорға;
 -  
Көкпар;
 -  
Бәйге;
 -  
Бәйге қорытындысы.
 
1-оқушы.
Мінеки залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны бізде қоштаймыз.
Кешікендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы
Математика ғылымы жайында
Бәйгемізді бастаймыз.
2-оқушы.
Жас достары,
Математика ғылымы
Құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәнінде
Табиғаттың , қозғалыстың бәрінде
Мүмкін емес есептеусіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де
3-оқушы.
Математика ғылымы - ермек емес балалық.
Математика ғылымы көрегендік даналық
Космос кезген ракеталар дәл бүгін
Ешкімге тансық емес жаңалық.
4-оқушы.
Ғылымдардың патшасы атанғансын
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансын
Ақыл ойды тәртіпке келтіретін,
Нағыз пән математика атанғансын.
-  
Жүргізуші.
 
Хош келдіңіздер қымбатты достар! Математиканың жанкүйерлері.
-  
Жүргізуші.
 
Сәлеметсіздер ме, осы залға жиналғандар!
-  
жүргізуші:
 
Бүгін, біз мұнда математика ғылымының қыр - сырымен танысу үшін.
-  
жүргізуші:
 
Викториналар шешу үшін.
-  
жүргізуші.
 
Көңілді дем алып, күліп , ойнау үшін жиналдық.
-  
жүргізуші.
 
Құрметті көрермендер! Сіздерді әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
-  
жүргізуші. Кезекті өздерін таныстыру үшін топ мүшелеріне берейік.
 -  
жүргізуші. Сөз кезегі 5 а сынып оқушыларыныбына беріледі.1-топ.
 
-  
жүргізуші. Ортаға 5 в сынып оқушыларын шақырамыз. 1-топ.
 -  
жүргізуші. 5а сыныбының 2-ші тобын қошеметтейік.
 
-  
жүргізуші. 5в сыныбының 2-тобын қарсы алайық.
 -  
жүргізуші.Сайыскерлерге рахмет. Енді асыға күткен сәтке жеттік.
 
1-жүргізуші. Бәйгеміздің алғашқы кезеңін бастайық.
1-ші бәйге - Жорға. Мына әріптерден неғұрлым көп математикалық терминдер жазыңдар.
-  
С
І
Р
К
Б
Ы
И
Т
Ұ
Ш
Ү
Н
Е
 
 
 
2-жүргізуші. Әділ-қазылар алқасы нәтижесін шығарғанша, музыкалық үзіліске кезек берейік.
-  
жүргізуші. 2-ші жарысымыз - Көкпар.
 
Бұл жарыста әр топ 1 минутта неғұрлым көп сұраққа жауап беруң керек.
-  
Ұшталмаған қарындаштың неше жағы бар?
 -  
Бұл не: екі басы, екі қолы, ал жүргенде төрт аяқ.
 -  
Егер Лонданда түнгі 12 сағатта жаңбыр жауса, онда 72 сағаттан кейін күн шығуы мүмкін бе?
 -  
Ағашта он қарға отырды. Аңшы біреуін атты. Ағашта қанша қарға қалды?
 -  
Сіз - автобус жүргізушісіз. Автобуста алғашқыда 23 жолаушы болды. Бірінші аялдамада 3 әйел адам түсті және 5 ер адам кірді . Екінші аялдамада 7 ер адам кірді және екі әйел түсті. Жүргізуші неше жаста?
 -  
а) Екі жұп санның қосындысы ,жұп па, әлде тақ па?
 
б) Жұп және тақ санның қосындысы жұп па, әлде тақ па?
-  
1,2,3,4,5,6,цифрларының ретін өзгертпей, олардың араларына «+» және «-»таңбасын қойыңдар. Нәтижесінде 1 шығатындай болсын.
 -  
11-ден 20 -ға дейінгі натурал сандардың қосындысын табыңдар.
 
 
 
-  
жүргізуші. 5 сынып оқушысы сиқыр көрсетеді.
 
1-жүргізуші. 3-ші жарысты бастайық. Бәйге. Топ әр тараудан сұрақтар таңдайды, ойлануға 1 минут.
Математика тарихынан.
-  
Нәрселерді санауда қолданылатын сандар.
 -  
Құрамында әріптері бар өрнек.
 -  
Қазіргі цифрлар 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 араб цифрлары деп аталады. Бұл цифрларды арабтар қай елдің халықтарынан алған?
 -  
«Дөңгелек» ұғымы қай елде қалыптасқан?
 -  
10 жасында 1-ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысын тез есептеген неміс математигі кім?
 
Мықты болсаң шешіп көр.
-  
Қаз бір аяқпен тұрса салмағы 7 кг болады. Егер ол екі аяғымен тұрса , оның салмағы қанша болады?
 -  
Жасы жүзге келген қария өмір бойы өзінің туған күнін 25 рет қана атап өткен. Себебін анықта.
 -  
Үстел басында 2 әке, 2 бала отыр. Олар ыдыстағы 3 жұмыртқаны бір-бірден бөліп жеді.Сонда қалай болғаны?
 -  
Кітаптың 60 бетінің қалындығы 1 см. Егер кітапта 240 бет болса, онда кітаптың барлық бетінің қалындығы қандай?
 -  
Таразының бір жағында кірпіш бар, ал екінші жағында осындай кірпіштің жартысы және 1 кг кір бар. Таразы тепе-теңдікте тұр. Кірпіштің салмағы қандай?
 
Сандар сыры.
-  
Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?
 -  
Қай қатар артық?
 
2 5 8 11 14
1 4 7 10 13
10 20 30 40 50
-  
Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сандар?
 -  
2 мен 3 -тің арасына қандай таңба қойғанда 2-ден үлкен 3-тен кіші сан шығады?
 -  
Төрт 9-дың және амал таңбалардың көмегімен 100 санын жазыңдар.
 
 
 
Ғажайып заңдылықтар.
-  
Сандар қатарын жалғастыр.
 
3, 7 , 11, 15, 19,...
-  
Артық сөзді алып таста:
 
метр, дециметр, килограмм, сантиметр, миллиметр.
-  
Сандар қатарын жалғастыр. 4, 5,8, 9, 12, 13,...
 -  
Көлде лотос гүлі өседі. Күн сайын олардың саны екі еселенді, және 20 -шы күні көлдің беті гүлге толды. Қай күні көлдің беті жартылай гүлмен толады?
 -  
Сиыр - 2, қой -2, шошқа -3, ит-3, мысық-3, көкек - 4, әтеш - 8, есек-?
 
Әділ қазылар бәйге қорытындысын шығарады, әр топты номинациялар бойынша және жеңімпаз топты анықтап, сыйлықтармен, грамоталармен марапаттайды.
1-жүргізуші:
Негізі бар ғылымның математика
Жалықпай оқып үйрен тек қана
Білімнің кілтін ашты,көзін тауып,
Ньютон, Колмогоров,Ковалевская.
Бүгінде математика барлық жерде
Құрылыста, техникада өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер,
Жас достар зерделікпен меңгеріңдер.
2-жүргізуші:
Осымен математикалық бәйге атты кешіміз аяқталды, келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.