7


  • Учителю
  • 'Квадраттық теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу' тақырыбының сабақ жоспары (8 сынып)

'Квадраттық теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу' тақырыбының сабақ жоспары (8 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы:Квадраттық теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу.

а)Білімділік мақсаты: Оқушыларға квадрат теңсіздікті шешуде интервалдар әдісін меңгерте отырып,есептердің шешімдерін жаза білуге үйрету.

ә)Дамытушылық мақсаты: Тақырыпты меңгерту барысында әр түрлі ойындар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетерін арттыру.

б) Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ойын барысында ұқыптылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:интерактивті тақта,слайдтар

Сабақ типі: бекіту сабағы

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,ойын,деңгейлік тапсырма,топтық, жекелей жұмыстар.

Білім беру технологиясы:Ж.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе »оқыту технологиясы. СТО элементтері.

Пән аралық байланыс: Әдебиет

Психологиялықдайындық:

- Кәнеки балалар, бүгін барлығымыз бір-бірімізге не тілейміз

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі : (Сынып оқушыларына сәлемдесу,оларды түгендеу,зейінін сабаққа аудару )

Сыныпты топқа бөлу. 1 саны мен 2 саны жазылған парақшалар арқылы.

Егер сіз бір санын жақсы көрсеңіз, онда сіз тапқыр адамсыз, өйткені сіз қандай да бір болмасын тапсырманы жауапкершілікпен орындайсыз.

- Егер сіз екі санын таңдасаңыз онда сіз топшыл және қоршаған ортамен психологиялық сыйымдысыз.

(Бағалау қағазын таратып беру)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Мұғалім сөзі: Өткен сабақта қандай тақырып өттік?

Оқушылар жауабы:

-Олай болса,квадрат теңсіздіктердің түрлерін есімізге түсіріп алайық. Ол үшін интербелсенді тақтаны пайдаланып, «Керегін жинақта, артығын алып таста!»ойынын ойнайық.

ах²+вх+сo ах²+вх+с≤o. ах²+вх+с≥o.

aх³+вх+с>o. вх+с>o

-Жақсы енді балалар осы квадраттық теңсіздіктерді шешудің қандай әдістері бар? Оған жауап беру үшін кластерлік әдісті қолданайық.

Кадрат теңсіздік



Парабола әдісі интервалдар әдісі

Енді осы интервалдар әдісінің квадраттық теңдеуді шешудегі алгоритмін есімізге түсірейік.

-Алгоритм дегеніміздің өзі не?

-Белгілі бір мақсатқа жету үшін орындалатын реттелген әрекеттер тізбегі.

Олай болса біз қазір «Тізбегін ,тап!» ойынын ойнаймыз. Интербелсендітақтаның қаламының көмегімен теңсіздікті шешудің алгоритмін дұрыс орналастырыңдар.

Квадраттық теңсіздікті шешудің алгоритмі:


Таңбасытеңсіздіктаңбасынасәйкесинтервалдардыжауапретіндеаламыз.


Теңдеудіңтүбіріқайталанебағаннемесетақретқайталанғанжағдайда

қалғанинтервалдардағытаңбалардыкезекпенқоямыз;

алегержұпретқайталанса,

осытүбірдіңекіжағындағыинтервалдардыңтаңбаларынбірдейетіпаламыз;

Интервалдыңкез - келгенбіреуіндефункцияныңтаңбасынанықтап,

осыинтервалғаанықталғантаңбанықоямыз;


Берілгентеңсіздікті Р(х) 0, Р(х) ≤0, Р(х) ≥0 түрлерініңбірінекелтіреміз;

Теңдеудіңтүбірлерініңмәнін сан осінебелгілеп, сан осінинтервалдарғабөлеміз;


Теңсіздіктіңсолжағыннөлгетеңестіріп, шыққантеңдеудішешеміз,

яғнисәйкесфункцияныңнөлдерінтабамыз;



(Бір-бірден тақтаға шығады.)

-Енді үйге берілген есепті тексерейік.

-Үй тапсырмасының жауаптары тақтада жазулы тұр, ал сендер дәптерлеріңді өзара ауыстырып, жауаптарыңды салыстырыңдар. Дұрыс жауабына 1 ұпайдан ұпайларыңызды бағалау парағына қойыңыздар.

IІІ.Есептер шығару.

1) «Қатесін ,тап!» ойыны. (топпен жұмыс)

Әр топқа қате шығарылған есеп беріледі.Топпен бірлдесіп шешіп тақтада қорғайды.

2). Тақтамен жұмыс. Екі оқушы шығады.

V.Сергіту сәті.

Қояндар мен тауықтардың аяқтарының саны 60, ал бастар 20. Төмендегі өрнектердің қайсысы дұрыс?

А) Қояндардың саны > тауықтарды саны;

В) Тауықтардың саны > қояндардың саны;

С) Тауықтардың саны = қояндардың саны;

Д) Қояндар мен тауықтардың санын анықтауға мәлімет жеткіліксіз.

3. Деңгейлік тапсырмалар.

IV. Сабақты бекіту:Сәйкестігін тап! (Оқушылар орындарында орындап болған соң, дұрыс жауапты кезектесіп ,тақтада орналастырады. Интербелсенді тақтада.)

Теңсіздіктердің жауаптарын сәйкестендір:

х2≥1

х2 - 3х <0

x2 -3 x - 4 >0

(х+5)(х+2) ≤0

(3х+2)(х - 4)<0

x2 - 5×3>0

(-∞; -1]∪[1; +∞)
(0; 3)
(-∞; -1)∪(4; +∞)
[-5; -2]
(-2/3; 4)
(-∞; 0)∪(5; +∞)



V. Бағалау: Бағалау парағы бойынша ұпай сандарын есептеу

VI. Үйге тапсырма.

VII. Қорытынды. Оқушылардың назарын интерактивті тақтадағы сабақтың түйінді сөзіне аударамын.

«Жалғыз сүйеніш ,жалғыз үміт-оқуда,қанша жетістікке жетсек те,жұртшылығымызды сақтасақ та,дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та, бір оқудың арқасында аламыз,жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу»

М.Дулатов.

Олай болса,жақсы оқыңыздар, білімдеріңізді шыңдай түсіңіздер. Сәттілік тілеймін..



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал