- Учителю
- Открытый урок на тему 'Наибольшее и наименьшее значения функции' (на казахском языке)
Открытый урок на тему 'Наибольшее и наименьшее значения функции' (на казахском языке)
КММ «Крупская атындағы орта мектеп-балабақша»
Сынып: 10 «А»
Математика пәнінің мұғалімі: Тельжанова Айнур Нурбековна
Сабақтың тақырыбы: Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: функцияның аралықтағы ең үлкен және ең кіші мәндерін табу алгоритмін қорытып шығару; функцияның аралықтағы ең үлкен және ең кіші мәндерін анықтауға есептер шығаруды үйрету, есептерді өзбетінше шығара алуы іскерліктерін арттыру.
-
Дамытушылық: Теориялық білімдерін практикада ұштастыра отырып,ойлау және есте сақтау,танымдық қабілеттерін дамыту.
-
Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігін арттыру,өз бетінше оқып,ізденуге,шығармашылық қабілетін дамытуға,уақытты ұтымды пайдалануға тәрбиелеу.
Типі: білім мен дағдыны меңгерту
Түрі: аралас
Әдісі: деңгейлеп саралап оқыту әдістемесі , СТО, АКТ
Көрнекіліктер: компьютер, «Microsoft PowerPoint» презентациясы, «Microsoft Excel» бағдарламасы, интерактивті тақта, квадраттар (жасыл,қызыл, сары), Блоб мосты.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
Топқа бөлу, топ басшысын сайлау.
Сабақтың құрылымы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Психологиялық дайындық.
-
Үй тапсырмасын тексеру.
Білімді актуализациялау
-
Жалғасын тап!
Ынталандыру-мақсаттық кезең
-
"Ой шақыру" стратегиясы
-
"Атаулар туралы үш сұрақ" стратегиясы
Жаңа тақырыпты меңгеру
-
Білікті бірді жығады,білімді мыңды жығады. (топпен жұмыс)
Білімді бекіту
-
Тест.
-
Білімді тексеру кезеңі (Оқулықпен жұмыс).
Рефлексия.
-
Бағалау.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Топтарды құру (сабақ басталғанға дейін). Оқушылар сандарға байланысты мақал-мәтелдерді құрастыру арқылы топтарға бөлінеді
Сәлемдесу. Сабақтың эпиграфы (слайд 1).
2. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жұптасып, бір-бірінің таспырмаларын эталон бойынша тексереді.
3. Білімді актуализациялау.
Ауызша жұмыс (слайд 3-5). Өткен формулаларды қайталау.
4. Ынталандыру-мақсаттық кезең
-
"Ой шақыру" стратегиясы
-« Атаулар туралы үш сұрақ» стратегиясы
Тақтаға «функцияның туындысы», «сындық нүкте» терминдері жазылады
Оқушылар осы терминге байланысты мына сүрақтарға жауап береді
-
Қайда? Бұл теминді бұрын қайда және қандай маынада кездестірдіңдер
-
Қалай? Өз тәжірибеңізде осы атауды қалай қолданатыныңызға мысал келтіре аласыз ба?
-
Қандай? Осы сабақта бұл атау қандай байланыста болады деп ойлайсыз?
Жаңа тақырыпты меңгеру
Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табу еңбекті аз жұмсау арқылы оптималды , ең тиімді шешім қабылдауға арналған тәжірибелік есептерді шешу кезінде қолданылады. Атап айтқанда оңтайландыру есептерін шешу кезінде қолданылады.
МЫСАЛ. Жарнама тақтасы S=9 м2 тіктөртбұрыш пішіндес. Периметрі ең аз болатындай тіктөртбұрыш формасындағы жарнама тақтасын әзірлеңдер.
-
Білікті бірді жығады,білімді мыңды жығады. (топпен жұмыс)
Оқушылар қорытындыларын постер түрінде жазады. Презентациядағы мұғалімнің нұсқасымен тексеріледі.
Бұдан мынадай мәселе туындайды. Мұғалім проблема қояды:
«Функция графигін салмай функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін қалай анықтауға болады?»
1-тапсырма. Графигін салмай [-4; 6] аралығында у = х³ - 3х² - 45х + 1 функциясының ең үлкен және ең кіші мәндерін табыңдар.
Жауабы: у наим = у (5) = -174; у наиб = у(-3) = 82.
2-тапсырма. Графигін салмай [-1; 2] аралығында у = х³ - 5х² + 7х функциясының ең үлкен және ең кіші мәндерін табыңдар.
Жауабы: у ең кіші = у (-1) = -13; у ең үлкен = у(1) = 3
3-тапсырма. Алдыңғы есептердің шешу жолдарын талқылау арқылы, функцияың ең үлкен және ең кіші мәндерін табу алгортимдерін қорытып шығару.
Мәселенің шешімі. Алгоритмді қорытып шығару.
Білімді бекіту
-
Тест.
-
функциясының аралығындағы ең үлкен және ең кіші мәндерін табыңдар.
А. 0; -12,25 В. 0; -6 С. 12; 0 Д. -6; -12,25;
-
функциясының аралығындағы ең үлкен мәнін табыңдар.
А. 2 В. -2 С. 1 Д. 0
-
функциясының аралығындағы ең үлкен және ең кіші мәндерін табыңдар.
А. 16; 6 В. 10; 5 С. 26; 10 Д. 21; 12
-
функциясының аралығындағы ең үлкен және ең кіші мәндерін табыңдар.
А. 3; 0 В. 0; -4 С. 3; -4 Д. -3; -4
-
Білімді тексеру кезеңі (Оқулықпен жұмыс). №
Рефлексия. «Блоб мосты». Оқушылар бүгінгі тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергендігін аты-жөндері жазылған стикерлерді осы мостқа ілу арқылы көрсетеді.
-
Бағалау.
-
Үйге тапсырма. №302 (ә), №305, №307 (ә)