7


  • Учителю
  • «Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтуға есептер шығару»

«Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтуға есептер шығару»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№ 64 орта мектеп



Тақырыбы:«Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтуға есептер шығару»



Пән мұғалімі: Тасмамбетова З.К







Арал қаласы, 2015ж


Сыныбы: 7 «А»

Күні:28.02.2015ж

Сабақтың тақырыбы: «Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтуға есептер шығару »

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушылардың білім,білік дағдыларын жетілдіру,бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосуға және азайта білуге үйрету және есеп шығаруда пайдалана білуге дағдыландыр.

Дамытушылық: шығармашылық қызметін дамыту,теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру,оқушылардың пәнге деген қызығушылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды нақтылыққа,шапшаңдыққа,ұжым намысын жоғары ұстауға,тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,әр түрлі деңгейдегі тапсырма

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың дидактикалық қамсыздандырылуы: интерактивті тақта, слайд,нақыл сөз,бағалау жетондары

Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып,оқушылар санын түгендеп,оқу-құралдарын тексеру;

II. Үй тапсырмасын тексеру.Оқушыларды қарым-қатынасқа дайындау (балалар бүгінгі сабақты

Нақыл сөзбен бастағымыз келіп тұр.


«Адамның ақыл - ойының кеңейе түсуіне математиканың тигізетін әсерін айтып жеткізу қиын. Математика ой, ақыл шегін кеңейтеді»


(О.А.Жәутіков)

Үй тапсырмасын тексеру:№518 тақтаға шығаруту.

б)Теориялық білім тексеру

«Атапайтқанда математиктер қиыншылықтарды жеңіп барып өседі және кемелденіп отырады»

И.Виноградов


«Жасыл ел» бағдарламасының негiзi Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық,

әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы бойынша қаланған болатын.


"Ұшқыр ойдан-

ұтымды жауап". Ия немесе жоқ деп жауап береміз.


Сабақ: Есептер шығару


«Жасыл ел» ұйымының жастары саябаққа шырша, емен, қайың ағаштарын отырғызды. Шырша ағашы отырғызылған ағаштардың 0,36 бөлігін, емен ағашы 0,12 бөлігін құрайды. Отырғызылған қайын ағашы емен ағашынан 60-қа артық. Саябаққа барлығы неше ағаш отырғызылды?


Барлық ағаш - х

Шырша - 0,36 х

Емен - 0,12 х

Қайың - 0,12 х + 60

Барлығы қанша ағаш-?

0,36х+0,12х+0,12х+60=х

0,6х+60=х

х-0,6х=60

0,4х=60

х=60:0,4

х=150

Жауабы: 150 ағаш отырғызылды.


Үйге тапсырма: №524, №526 есеп.

Қорытындылау.«Жасыл ел» - жастарды жарқын істерге жұмылдыру мектебіне айналып отырғанын байқаған да шығармыз. Жастар күшімен еліміздегі экологиялық мәселелерді шешу, елді көгалдандыру - Елбасы өз Жолдауында атап өткендей, игілікті іс екені даусыз болғаны рас. Сондықтан да болашағы бар «Жасыл елдіктердің» мерейі жасай берсiн, дей келе, еліміздің көркеюі мен гүлденуіне үлестерін қосып жүрген жігерлі де ынталы жастарымыздың еңбектері жемісті боларына сенеміз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал