7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: 'Үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысы'

Сабақтың тақырыбы: 'Үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысы.

Мақсаты:

  1. Оқушылардың «Үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысы» тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, бекіту. Берілген есептерді шығару ептіліктерін арттыру.

  2. Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып есте сақтау және логикалық ойлау, талдау қабілеттерін дамыту.

  3. Өз ойын қорыта отырып, жеткізе білуге, ұқыптылыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Ой қозғау кезеңі. Флипчарт. Үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысы тақырыбы бойынша сұрақтар.

1.Үшбұрыштың анықтамасы.

Жауабы: Бір түзуде жатпайтын үш нүкте мен осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден және сол кесінділермен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигураны үшбұрыш деп атайды.

2.Үшбұрыштың элементтері .

Жауабы: 3 төбесі, 3 қабырғасы, 3 бұрышы .

3. Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарына байланысты түрлері.

Жауабы:Әртүрлі қабырғалы үшбұрыш, теңбүйірлі үшбұрыш, теңқабырғалы үшбұрыш.

4.Үшбұрыштың бұрыштарының шамаларына байланысты түрлері.

Жауабы: Доғалбұрышты, сүйірбұрышты, тікбұрышты

5.Үшбұрыштың периметрі қалай табылады?

Жауабы: Р = АВ + ВС + АС

6. Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары қалай аталады?

Жауабы: Катеттер,гипотенуза

7.Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неше градус?

Жауабы: Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180 ۫ - қа тең болады.

8. Суретте неше үшбұрыш бар?

Жауабы: 5 үшбұрыш: Δ АВO,Δ OCD,Δ AOD, Δ AВD, Δ ACD.

ІV. Жаттықтыру кезеңі.

  1. Қабырғалары 6,5cм, 6cм, 4,5cм болатын үшбұрыштың периметрі

  1. 17 cм

  2. 19 см

  3. 20 см

  4. 18,5 cм

  1. Үшбұрыштың бұрыштары шамаларының қатынасы 4:2:3. Оның бұрыштарын табыңдар.

  1. 40 ۫, 60 ۫, 70 ۫

  2. 60 ۫, 50 ۫, 70 ۫

  3. 80 ۫, 40 ۫, 60 ۫

  4. 44 ۫, 22 ۫, 66

  1. Тік бұрышты үшбұрыштың бір сүйір бұрышы 35۫ болса, оның екінші сүйір?

1) 35 ۫

2) 90 ۫

3) 45 ۫

4) 55

4. Егер үшбұрыштың ішкі бұрышы 60 ۫ градус болса, онда сол бұрыштың сыртқыбұрышы неше градусқа тең?

1) 120 ۫

2) 60 ۫

3) 90 ۫

4) 30 ۫

5. Қай жауап дұрыс: Үшбұрышта болады?

1) Екі доғал бұрыш

2) Тік және сүйір бұрыш

3) Доғал және тік

4) Екі тік бұрыш

6. Үшбұрыштың екі сыртқы бұрышының қосындысы 270 ۫, оның үшінші бұрышы неге тең?

1) 180 ۫

2) 120 ۫

3) 90 ۫

4) 110 ۫

7. Тең бүйірлі үшбұрышта табанындағы бір бұрышы 40 ۫, табанындағы екінші бұрыш неге тең?

1) 90 ۫

2) 100 ۫

3) 80 ۫

4) 40 ۫

8. Тік бұрышты үшбұрышта тік бұрышына қарсы қабырға қалай аталады?

1) катет

2) гипотенуза

3) сүйір

4) сыбайлас

9. Егер үшбұрыштың екі бұрышы тең болса, онда ол

1) доғалбұрышты

  1. тікбұрышты

  2. теңқабырғалы

  3. теңбүйірлі

10. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы неге тең?

1) 90 ۫

2) 360 ۫

3) 180 ۫

4) 100 ۫

V. Практикалық жұмыс. Электронды оқулықпен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.


VI. Рефлексия. Мен бүгін сабақта не үйрендім.

VІI. Сабақты қорытындылдау. Үй жұмысы.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал