- Учителю
- Математика пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы 'Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу' (6 сынып)
Математика пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы 'Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу' (6 сынып)
Пән: Математика
Сынып: 6 «А»
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесінің шешімдер жиыны, теңсіздікпен немесе сан аралығымен жазылатындығын; бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесінің шешімдер жиынын координаталық түзуде кескіндеуді; бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: - Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту. Математикалық терминдермен сөйлете отырып, сөздік қорларын молайту
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктер: карточкалар, смайликтер, стикерлер, маркер
Сабақтың әдіс-тәсілдері: практикалық сабақ
Сабақтың типі: бекіту сабақ
Сабақ барысы:
І . Ұйымдастыру кезең: Сәлеметсіздер ме? Отырыңыздар. Қазір бәріміз алдарыңыздағы қағазға өз есімдеріңізді жазып, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есімін қосасыздар. Мәселен, «Айгуль» есімі «А» әрпінен басталады, яғни «алғыр» (немесе «ақылды», «айбынды», «асқақ», «айлалы», «арынды», т.б.) («думанды», «дарынды», «даңқты») («байсады», «берекелі», «бақытты») (еңді, жалынды, сабырлы, сымбатты)
Сабақты бастамас бұрын өткен сабаққа саяхат жасайық. Өткен сабақта сіздер не өттіңіздер? Сіздердің айтқандарыңызды қорытындылай келе, бүгінгі сабағымыз қалай өтетіндігіне мақсат қояйық.
Түймедақ: Бірайнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу
-
Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесінің шешімі дегеніміз не?
-
Жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысын тура теңсіздікке айналдыратын айнымалының мәндері
-
Бір айнымалысы бар теңсіздіктердің шешімдерін табу үшін:
-
Жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін табу керек;
-
Табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндеу керек;
-
Координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін табу керек;
-
Жүйедегі теңсізідктердің барлығына ортақ шешімдер жиыны жүйенің шешімдері болады;
-
Жүйенің шешімдері сан аралығымен немесе теңсіздікпен жазылады.
Ал, қазір мен сіздердің алдарыңызға бағдаршам суретін таратамын, сол бойынша сіздер тақырыпты қаншалықты меңгергендеріңізді тексере отырып, бірінші тапсырма бойынша өз-өздеріңізді бағалайсыздар. Екінші тапсырма бойынша көршіңізді бағалайсыздар. Үшінші тапсырма бойынша топ басшысы бағалайды.
ІІ. Есептер шығару: а) карточкамен жұмыс
№1 №2 №3 №4
№5 №6 №7 №8
ІІІ. Оқулықпен жұмыс (жұппен): №1579; 1582; 1590
ІҮ. Сергіту сәті: Шаңырақ
Ү. Тест тапсырмалары (топпен). Ал, енді қазір қолдарыңызға берілген қағаз қиқымдары арқылы әр оқушы өз топтарын тауып, орындарыңызға жайғасыңыздар.
«Сызықтық теңдеулер және теңсіздіктер»
1 топ
1. Сызықтық теңдеуді көрсет:
А) 12х + 5 = 27; B) ; C) х2 + 2 = 12; D) дұрыс жауабы жоқ
2. х = 5 қай теңдеудің түбірі болады:
A) 3х + 15 = 0; B) 25 - 5х = 0; C) 10х = 2; D) дұрыс жауабы жоқ
3. Қай теңсіздік сызықтық емес:
A) 6 - 2х > 0; B) 20х - 12 < 13 + 4х; C) 4х2 ≤ 0; D) дұрыс жауабы жоқ
4. Теңсіздікті шеш: 6х ≤ 18.
A) ( -∞; 3); B) ( -∞; 3]; C) [3; +∞); D) дұрыс жауабы жоқ
5. Қос теңсіздіктің шешімін сан аралығы түрінде жаз: -2 < х ≤ 9.
А) ( -2; 9); В) [ -2; 9); С) [ -2; 9]; D ) дұрыс жауабы жоқ
6. Сызықтық теңдеуді шеш: 2х = 17 + 3х.
А ) х = - 17; В) х = 17; С) х = 3,5; D) дұрыс жауабы жоқ
7. Сызықтық теңсіздікті шеш: 5х + 4 > -7х - 8.
А) ( -∞; -1); В) ( -∞; -1]; С) (-1; +∞); D) дұрыс жауабы жоқ
8. Қос теңсіздікті шеш: 7 ≤ 5х - 3 < 12.
А) [ 2; 3); В) ( 2; 3 ]; С) (2; 3); D) дұрыс жауабы жоқ
9. Тік төртбұрыштың бір қабырғасы екіншісінен 8 см-ге үлкен. Периметрі 40см-гетең болса, тік төртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
А) 14 см және 6 см; В) 2см және 10 см; С) 24 см және 16 см; D) дұрыс жауабы жоқ
10. Теңсіздікті шеш: 3(х2 - х) - х (3х + 4) > 14.
А) ( -∞; 2); В) ( -∞; -2 ); С) (-2; +∞); D) дұрыс жауабы жоқ
«Сызықтық теңдеулер және теңсіздіктер»
2 топ
1. Сызықтық теңдеуді көрсет:
А) -2х + 5 = 27; В) ; С) х2 + 8 = -5; D) дұрыс жауабы жоқ
2. х = 3 қай теңдеудің түбірі болады:
А) -3х + 6 = 0; В) 12 - 4х = 0; С) 6х = 2; D ) дұрыс жауабы жоқ
3. Қай теңсіздік сызықтық емес:
А) 6 + 4х > 0; В) -2х + 10 ≤ 18 - 4х; С) 8х2 ≤ 0; D ) дұрыс жауабы жоқ
4. Сызықтық теңсіздікті шеш: 3х ≥ 18.
А) ( 6; +∞); В) ( -∞; 6]; С) [6; +∞); D) дұрыс жауабы жоқ
5. Қос теңсіздіктің шешімін сан аралығы түрінде жаз: 7 ≤ х < 8.
А) (-7; 8); В) [-7; 8); С) [-7; 8]; D) дұрыс жауабы жоқ
6. Сызықтық теңдеуді шеш: 5х = 15 + 8х.
А) х = - 5; В) х = 5; С) х = 3,5; D) дұрыс жауабы жоқ
7. Сызықтық теңсіздікті шеш:: 4х + 8 > -9х - 5.
А) ( -∞; -1); В) ( -∞; -1]; С) (-1; +∞); D) дұрыс жауабы жоқ
8. Сызықтық теңсіздікті шеш: 5 ≤ 4х - 3 < 9.
А) [ 2; 3); В) ( 2; 3 ]; С) (2; 3); D) дұрыс жауабы жоқ
9. Тік төртбұрыштың бір қабырғасы екіншісінен 4 см -ге үлкен. Периметрі 40см-ге тең болса, тік төртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
А) 14 см және 6 см; В) 8см және 12 см; С) 24 см және и 16 см; D) дұрыс жауабы жоқ
10. Теңсіздікті шеш: 5(х2 - х) - х (5х + 4) > 18.
А) ( -∞; 2); В) ( -∞; -2 ); С) (-2; +∞); D ) дұрыс жауабы жоқ
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1-Н
А
B
С
В
В
А
С
С
А
В
2-Н
А
B
С
С
В
А
С
А
В
В
ҮІІ. Рефлексия: Смайликтерге стикерлерді жазып, жабыстыру арқылы сабақты қорытындылау және туындаған қиыншылықтар бойынша, келесі сабаққа тақырыпты қайталап келу.
ҮІ. Бағалау парағы: Бағдаршам арқылы
ҮІІІ. Үй тапсырмасы: №1583; 1589 - 380,381 бет