- Учителю
- Математика және спорт 5 сыныпқа арналған
Математика және спорт 5 сыныпқа арналған
Математика және спорт
Мақсаты: Оқушыларды зерделілікке,зейінділікке,тапқырлыққа баулу,өнер-лі, білімді, жігерлі және қайратты азамат болуға, ынтымақтастыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу, білімге және спортқа қызығушылығын арттыру.
Ал бүгінгі сайысқа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын бар,
Сұрағыма жауап бер, қымсынбай- ақ.
Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар.-
Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық , ортамызға.
Ал кәне, кім шығады, сайысуға!
дей келе математика және спорт сайысымызды бастаймыз.
Бүгін бізде екі команда «Өжеттер», «Зеректер».
1) Амандасу рәсімі: " Өжеттер " тобы,
Ұраны: Білекті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын?
Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
1) Амандасу рәсімі: " Зеректер "тобы.
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі:
Армандарға қол созумен келеміз.
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз.
Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.
1 тур .Қапшық тола есеп. Бұл турда балалар қапшықпен бірінен соң бірі секіре отырып,тақтада тұрған есепті кезекпен шығарады.Қай команда қапшықпен секіре отырып,есепті де жақсы шығарса,сол команда жеңіске жетеді.
Өжеттер Зеректер
-
35 санын 12-ге арттыр. 1. 19 санын 11-ге арттыр.
-
25 санын 15-ке кеміт. 2. 20 санын 16-ға кеміт.
-
45 санын 16 ға арттыр. 3. 25 санын 18-ге арттыр.
-
18 санын 12-ге кеміт. 4. 23 санын 21-ге кеміт.
-
17 санын 11-ге арттыр. 5. 17 санын 13-ке арттыр.
-
14 санын 16-ға арттыр . 6. 27 санын 13-ке кеміт.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер
2 тур. Көбейту кестесі.Көбейту және көбейту. 2-ші турда 2 командадағы балалардың екі-екіден екі командадан скакалканы айналдырады.Ал скакалка ішінде командадан бір бала секіре отырып,допты аспанға лақтырады.Секіріп болғанда қарсы командаға сұрақ қояды.Көбейту кестесінен.10 нан 20санына дейінгі сандардың көбейту кестесі.
10*10=100
10*11=110
10*12=120
10*13=130
10*14=140
10*15=150
10*16=160
10*17=170
10*18=180
10*19=190
10*20=200
Алдағы біз баратын бағыт анық
Сәйгүлік екеніңді тағы таныт.
Жорғада аттың басын тартпас болар,
Ал енді тізгіндерді ағыталық.
3 тур.Дәл түсірде құтыл.Бұл турда балалар кезекпен шеңберге допты лақтырады.Егерде доп шеңберге түспесе,ол кезде сол балаға сұрақ қойылады.Шеңберге допты түсірген бала орнына барып тұра береді.
Тік төртбұрыштың периметрінің формуласы: P=2(a+b)=2a+2b
Үшбұрыштың периметрінің формуласы: P=a+b+c
Тік төртбұрыштың ауданының формуласы: S=ab
Тік бұрышты параллелепипедтің көлемінің формуласы: V=abc
Жолдың формуласы: S=vt
Заттың құнының формуласы: C=an
Квадраттың периметрінің формуласы: P=4a
Квадраттың ауданының формуласы: S=a*a
Кубтың көлемінің формуласы: V=a*a*a
Шеңбердің диаметрі неге тең? D=2R
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау.
4 тур .Аяқ саусақтары.Командадағы төрт бала қиын есеп шығаруға қалады да,қалған екі бала аяқ саусақтарымен бір ыдыстан екінші ыдысқа шариктерді салуы қажет.
-
Лиза,Лаура және Мәдина мерекелік дастарханға 18 тоқаш даярлауға уәделесті.Оның 4/9-ін Лиза,1/3-ін Лаура даярлады.Қалғанын Мәдина даярлады.Мерекелік дастарханға Мәдина неше тоқаш даярлады? (8,6,4)
-
Тік төртбұрыштың ұзындығы 27 см.Оның ені ұзындығының 5/9-індей.Тік төртбұрыштың ені неше см? (15)
-
Марат,Жеңіс, және Саян үшеуінің ақшаларын қосқанда 150 теңге болды.Оның ½-сі Мараттыкі,1/3-і Жеңістікі.Ал қалған ақша Саяндыкі.Саянда неше теңге болды? (75,50,25)
-
Тік төртбұрыштың ені 15 см.Бұл оның ұзындығының 5/9-індей.Тік төртбұрыштың ұзындығы неше см? (27)
Мықты болсаң -артағыны жеткізбе!
Мықты болсаң -шоқалаққа сүрінбе,
Мықты болсаң -тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт,
Мықты болсаң -заманыңды көктеп өт!
5 тур Шаштың жина.Шелектегі заттарды шашып,қайта санап салу керек.
6 тур Дәлдеп түсір.
Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз.
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз
Бүгінгі жеңімпаз команданы анықтаймыз,- әділқазыларға сөз кезегін берейік
Денсаулығы ғаламның-денсаулығы адамның ,ал Математика -ғылымдар патшасы дей келе бүгінгі сабақ аяғына жетіп қалды.Сонымен бүгінгі «математика және спорт» атты сабағымыз аяқталды.