- Учителю
- Конспект урока по математике для 8 класса 'Теңдеулерді квадрат теңдеулер арқылы шешу'
Конспект урока по математике для 8 класса 'Теңдеулерді квадрат теңдеулер арқылы шешу'
Тақырыбы: Теңдеулерді квадрат теңдеуге келтіру арқылы шешу.
Мақсаты: 1) Квадрат теңдеулерді формула арқылы шешуге есептер шығару;
2) Әр түрлі теңдеулерді квадрат теңдеуге келтіріп шешуге машықтандыру;
3) Өз бетімен ізденіске, белсенділікке тәрбиелеу;
Сабақ түрі: аукцион.
Көрнекілігі: лот-сұрақ, карточкалар, рұқсат белгі, формула плакаттары, ақша ретінде қағаз карточкалар.
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Ойын тәртібі:
-
Сынып төрт топқа бөлінеді.Әр топтың брокері, бухгалтері болады.
-
Аукционға қатысушылар 30 жылдық өсіммен 100 000 теңге қысқа мерзімдік несие алады да , аукцион соңында 130 000 теңге банкке қайтаруы керек.
-
Ойынға қатысушылар кез-келген лотқа қатысуға рұқсат номер алады.
-
Қатысушылар ақшасы таусылған жағдайда 50 жылдық өсіммен тағы да 100 000 тг несие алуына болады.
-
Ойын соңында оқушылар қолдарындағы ақшаларын санайды, қай топтың қалған ақшасы көп болса сол топ жеңімпаз болады.
Ойын 3 турдан тұрады:
1-тур Ашық лот. Мұнда сұрақтар қойылады.
2-тур Жартылай жабық лот. Сұрақтар тек сипатталып айтылады.
3-тур Жабық лот. Белгісіз сұрақ.
-
Әрбір лоттың бастапқы бағасы 100тг. Саудаласу деңгейі 50 тг.
-
Лотты сатып алған топ сатып алған бағасын төлейді.
-
Дұрыс жауап берген топқа сұрақтың деңгейіне байланысты ақшалай сыйлық беріледі.
-
Егер ойыншы дұрыс жауап бермесе банкке 1000 тг көлемінде айыппұл төлейді.
1-тур. Ашық лот. Дұрыс жауапқа 1000 теңге көлемінде сыйлық беріледі.
-
Квадрат теңдеу дегеніміз не?
-
Квадрат теңдеудің қандай түрлері бар?
-
Қандай теңдеуді толымсыз квадрат теңдеу деп атайды? Мысал келтір.
-
Қандай теңдеуді келтірілген квадрат теңдеу деп атайды?
-
Квадрат теңдеудің дискриминанты деп нені атайды?
-
Квадрат теңдеудің қанша түбірі бар?
-
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласы.
-
Квадрат теңдеуді шешу тәсілдері.
2-тур. Жартылай жабық лот. Есептер шығару.
-
Толымсыз квадрат теңдеуді шешіңіз: х2 - 5 ═ ( х + 5 )( 2х - 1)
Сыйлық 10 000 тг
-
Теңдеуді қысқаша көбейту формуласын пайдалану арқылы квадрат теңдеуге келтіріп шешіңіз: ( х + 4)2 ═ 3х + 40
Сыйлық 20 000 тг
-
Көпмүшені көпмүшеге көбейту арқылы теңдеуді квадрат теңдеуге келтіріп шешіңіз: ( 2х - 3 )( 5х + 1 ) ═ 2х + 0,4
Сыйлық 20 000 тг
-
Бөлшек теңдеуді квадрат теңдеуге келтіру арқылы шешіңіз:
Сыйлық 20 000 тг
3-тур. Жабық лот. Белгісіз сұрақ.
-
2-формуланы қолданып теңдеуді шешіңіз: 4х2 - 36х +77 ═ 0
Сыйлық 30 000 тг
-
Сызба бойынша есепті шығарыңыз:
Х + 2
10
Х Қабырғаларының ұзындығын
табыңыз.
Сыйлық 40 000 тг
-
Теңдеуді шешіңіз: ( х + 1)2 ═ ( 2х - 1 )2
Сыйлық 30 000 тг
-
АС ═ 6 см, ВД ═ 8 см, ВС ═ ?
В
А С
Д
Сыйлық 40 000 тг
Қорытынды:
-
Банктен алған несиелерін қайтару.
-
Қалған ақшаларын санау, жеңімпаз топты анықтау.