7


  • Учителю
  • Теңдеу және шешу тәсілдері 5 класс

Теңдеу және шешу тәсілдері 5 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: ТеңдеуСабақтың мақсаты:Білімділік: теңдеу және оны шешуді есептер шығару барысында қолдану.Дамытушылық: логикалық ойлау есептеумен танымдық қабілеттерін, зейінін, есте сақтауын дамыту, өздіктерінен жұмыс істей білуіне дағдыландыру.Тәрбиелік: өзара
предварительный просмотр материала



Сабақтың тақырыбы: Теңдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: теңдеу және оны шешуді есептер шығару барысында қолдану.
Дамытушылық: логикалық ойлау есептеумен танымдық қабілеттерін, зейінін, есте сақтауын дамыту, өздіктерінен жұмыс істей білуіне дағдыландыру.
Тәрбиелік: өзара ынтымақтастыққа, еңбекті құрметтеуге, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, қырағылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: ойландыру, ой - шақыру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, карточка.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа әзірлігі.
Психологиялық дайындық.
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізеді біздерді
Математика сырына.
2. Білімді тексеру «Ой қозғау»

Теңдеу дегеніміз не?

Теңдеуді шешу дегеніміз не?

Теңдеудің түбірі дегеніміз не?

Теңдеудің шешімін тексеру деген не?

а) Таразының сол жақ табақшасында 2 кг кір тасы және қауын, ал оң жақта 5 кг кір тасы бар. Қауынның массасы нешеге тең?

ә) Теңдеудің түбірін тап

х+37=85

б) Теңдеудің дұрыс шығарылуына есептер.

в) Теңдеуді шешпей қай сан теңдеу түбірі болатынын табуға есептер

3. Білімді жүйелеу

1. (45-х)·3=93 2. (x-13):7 = 2 3. 72: (х+12)=4

45 - x = 31 x-13=14 x+12=18

x=14 x=27 х=6

4. Оқулықпен жұмыс №79, 81

5. Деңгейлік тапсырмалары

1. а) 110:m=11

ә) 2х-15=13

2. 144: (x-3)=36

3. Елдостың тауықтары мен қозылары бар. Қозылар тауықтардан 3 есе кем. Қозылар мен тауықтардың барлығында 40 аяқ бар. Елдостың неше қозысы, неше тауығы бар?

6. Бойы сергектің, ойы сергек. Сергіту сәті. «Сандарды іздеу, санау.»
7. Үйге тапсырма №84, 86






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал