7


  • Учителю
  • Ашық сабақ. 7-сынып. 'ҮШбұрыштың түрлері'

Ашық сабақ. 7-сынып. 'ҮШбұрыштың түрлері'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың өтілетін күні

Пәні

Класс

Өткізетін мұғалім

«Бекітілді»

« 18 » қараша 2015 ж.

Геометрия

7 «ә»сыныбы

Ағысбаева Нұржамал Мұханғалиқызы


Сабақтың тақырыбы

Үшбұрыштардың түрлері

Мақсаты

Оқушыларға үшбұрыштар туралы анықтама беріп, үшбұрыштың түрлерімен таныстыру. Оқушыларды өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелей отырып, ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамытып, геометрия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру,

Оқыту нәтижесі

Үшбұрыштар туралы түсінік қалыптастырып, түрлерімен танысып және өмірде қолданысын үйренеді

Түйінді идеясы

«Үшбұрыш жай фигураларға бөлінбейтін бірінші фигура, сондықтан шекарасы мен формасы бар кез келген заттың іргетасы үшбұрыш болады»

Джордано Бруно

Сабақтың түрі:

Жаңа білім беру

Стратегиялар

«Шаттық шеңбері», топтық, жұптық жұмыс, постермен жоба қорғау, Блум таксономиясы, бағалау парағы, «екі жұлдыз, бір тілек» әдістері

Уақыты

Ресурсы

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

1 минут


Ұйымдастыру кезеңі


  • Сәлемдесу

«Шаттық шеңбері» арқылы алақандарын тигізіп, бір-біріне жылу беріңдер.

  • Сәлемдесу. «Шаттық шеңбері» арқылы алақандарын тигізіп, бір-біріне жылу береді.


Таратылған үшбұрыштардағы жазылған тақ және жұп сандар бойынша топқа бөлу


Тақ сандар және жұп сандарды ажырата білу дағдысы

3 минут

«Алғашқы қадам»

(қайталау сұрақтары) оқулықтан

Үй тапсырмасы. Қайталау сұрақтары қойылады, жауаптар алынады

1). Түзу қандай фигура?

2). Қандай түзулерді параллель түзулер дейміз?

3). Қандай түзулерді перпендикуляр түзулер дейміз?

4). Қандай фигура бұрыш деп аталады?

5). Бұрыштың биссектрисасы дегеніміз не?

6). Қандай бұрыштар сыбайлас бұрыштар деп аталады?

7). Қандай бұрыштар вертикаль бұрыштар деп аталады?

8). Қандай үшбұрыштар тең үшбұрыштар деп аталады?

9). Қандай фигура үшбұрыш деп аталады?

10). Үшбұрыштың негізгі элементтері?

Білу.

Фактілерді, жағдайларды, негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы өткен материалдардың есте сақталғанын растайды .

1 минут

«Лездік тапсырма»

(сұрақ-жауап)

Жаңа сабақты игеруге дайындық (слайдтағы суреттерді өмірдегі көріністермен)

Негізгі түсініктер

Өмірдегі үшбұрышты заттарды елестете отырып: негізінен үшбұрыштар өткір болады, сондықтан оның ауаны тесіп өтетін қасиеті бар деуімізге болады. Мысалға, Астанадағы Пирамида, ұшақтардың басы, құстардың тұмсығы, майшамның үшбұрыштанып жанып тұруы...

10 минут

«Жаңалық» (слайдтармен тақырыптың ашылуы)

Оқулық

Слайдтар арқылы қысқаша жаңа сабақты ашамын. Үшбұрыштың түрлерін негізгі екі топқа бөле отырып, постер қорғайсыздар деп оқушыларға ұсыныс жасаймын.

Үшбұрыштар жалпы екі түрге бөлінеді

1). Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарына байланысты - үш топқа

бөлінеді: тең қабырғалы үшбұрыш, тең бүйірлі үшбұрыш, қабырғаларының

ұзындықтары әр түрлі болатын үшбұрыш (жеке-жеке анықтамалары)

2). Үшбұрыш бұрыштарының шамаларына байланысты - үш топқа бөлінеді:

Үш бұрышы да сүйір болатын сүйір бұрышты үшбұрыш, бір бұрышы доғал

болатын доғал бұрышты үшбұрыш, бір бұрышы тік болатын тік бұрышты

үшбұрыш (жеке-жеке анықтамалар беріледі)

3). Үшбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы - үшбұрыштың периметрі

деп аталалады.

4). Үшбұрыштың қабырғаларын латын алфавитінің кіші әріптерімен де белгілеуге

болады. Үшбұрыштың А төбесіне қарсы жатқан қабырғаны а әрпімен, В

төбесіне қарсы жатқан төбені в әрпімен, С төбесіне қарсы жатқан қабырғаны с

әрпімен белгілейді.

Түсіну.

Негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілер мен идеяларды түсінетіндігін көрсетеді.

Үшбұрыштың түрлерін қорытып шығарады және мысал келтіреді

«Алғырлық кілті» (постермен қорғайды)

Оқушылар өз ойларымен жаңа тақырыпты постермен қорғайды (топтық жұмыс)

Түсініктерді қалыптастыру.

3 минут

Сергіту сәті

Психологиялық тренинг. «Адамның қалайтын түстері»

Мақсаты: оқушыларға психологиялық тұрғыдан шабуыл жасау арқылы, ойлау қабілеттерін дамыту, өздеріне деген сенімдерін қалыптастыру, өзін бағалай алуға, өзін тануға ықпал жасау. Үшбұрыштардың түрлерін ажыратуға үйрету.

Шарты: оқушылардың алдына қызыл, жасыл, сары, көк, ақ түсті парақшалар өз қалауларымен таратылады. Содан таңдау жасап, парақшаға өзі қалаған кез - келген үшбұрыштың түрін салады.

Нәтиже: оқушылар дайын болғаннан кейін олардың түстері бойынша және үшбұрыш түрлері бойынша мінездемелік сипаттамалармен танысады.

  1. Қызыл - өзіне сенімді, алдына мақсат қоя білетін жандар

  2. Жасыл - ақ көңіл, табиғатты сүйетін жандар

  3. Сары - ниеті таза, пейілі кең жомарт жандар

  4. Көк - мейірімді, сенімді, биік армандарды көздейтін жандар

  5. Ақ - тазалықты, адалдықты көздейтін жандар.

  1. Тікбұрышты үшбұрыш - мінезі қатты, алған бетінен қайтпайтын, тік мінезді, өзінің ғана пікірімен санасатын жандар

  2. Қабырғалары әр түрлі үшбұрыш - елгезек, тілалғыш, құбылмалы мінезді, тез ойланып тез жауап беретін жандар

  3. Тең бүйірлі үшбұрыш - әрқашан әділдікті қолдайтын, тепе-теңдікті сақтайтын жандар

  4. Тең қабырғалы үшбұрыш - сыпайы болуға ұмтылатын, сұлулыққа жаны құмар, талғамдары жоғары болатын жандар


Оқушылар өздеріне психологиялық тұрғыдан шабуыл жасау арқылы, ойлау қабілеттерін дамытады, өздеріне деген сенімдерін қалыптастырады, өзін бағалай алуға, өзін тануға ықпал жасай алады. Үшбұрыштардың түрлерін ажыратуды үйренеді.




Сергіп, жаңа серпінмен келесі бөлімге...


14 минут

«Біліктілік» сайысы

Оқулықпен жұмыс


№11 0 (ауызша) І топқа

а=3 см, в=4 см, с=6 см. Р=3 см+4 см+6 см=13 см.

№12 0 (ауызша) ІІ топқа

Табаны АС=3 см, бүйір қабырғасы табанынан 2см ұзын. АВ=3 см+2см=5см

ВС=АВ=5 см. Р= АВ+ВС+АС= 5см+5см+3см= 13см.

№13 0 (ауызша) І және ІІ топқа

а). Р=10см+12см+1 дм=10 см+12см+10см=32 см

ә). Р=1 см+0,5 см+0,8 см=2,3 см

б). Р=15 см+14 см+5 см=24 см в). Р= 9 см+8 см+ 7 см= 24 см.

№14 0 (ауызша) І топқа

Тең бүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасы 5см және 6 см. Үшінші қабырғасын табыңдар. Жауабы: 5 см немесе 6 см.

№21 0 (ауызша) ІІ топқа

Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 39 см. Үшбұрыштың қабырғаларын тап.

Р= 39 см : 3 = 13 см АВ=ВС= АС=13 см.

№24 0 (ауызша) І топқа

АВ=ВС=АС=24 см. Т/к: Р = 24см 3 = 72 см.

№23 (жазбаша) Теңдеу құрамыз: х +х/2 +х =10 см Жауабы: 4 см

№35 (жұмбақ-есеп).

Үш қабырғаның әрқайсысына қарсы бір бұрыштан және әр бұрышқа қарсы бір қабырғадан жатса бұрыш нешеу? Қабырға нешеу?

Жауабы: қабырға үшеу, бұрыш та үшеу.

Қолдану.

Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрліше пайдаланады. Берілген есептерді шешіп, топ болып шығарылу жолын түсіндіреді

«Үш шапалақ» әдісімен қолдау көрсетеді

5 минут

«Шешуші сәт» (семантикалық карта)

І топқа.

ІІ топқа.

Талдау.

Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексереді және жіктейді. Қорытынды жасайды және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді талдайды..

5 минут

Қорытындылау.

Тест.

(оқушылардың барлығына ортақ слайдтағы тесті беріледі, соны орындайды)

Топтастыру.

(слайдпен қорытындылау)

Жинақтау.

Жаңа үлгіде әртүрлі тәсілдермен элементтерді қиыстыру арқылы ақпаратты жүйелейді және балама шешім ұсынады.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін қолданып, ойларын жеткізеді, тілек тілейді.

2 минут





Бағалау

(топ басшысы-ның бағалау парағымен)

Үшбұрыштардың санымен бағалау:

8 -10 үшбұрыш алғандар - «5», 5 -7 үшбұрыш алғандар - «4», 3 - 5 үшбұрыш алғандар - «3». Алған үшбұрыштарының санына қарай оқушылар өз ұпайларын жинайды, бағасын біледі, өздерін реттейді.

Бағалау.

Пікірмен танысады және оны дәлелдейді, ақпарат бойынша қорытын-ды жасайды, бірқатар критерийлердің негізінде идеяларды негіздейді және жұмыс сапасын бағалайды.

1 мин

Үйге тапсырма

(Үйден орындалады)

"Үшбұрыштың түрлері"

тақырыбын оқып, ережелерді жаттау; №27, 28 есептерді шығару.


Өз-өзін бағалау

Үйде өз-өзді жеке жұмыс жасайды, өз ойына білімділік негіздерін қалыптастырады





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал