- Учителю
- Квадрат функция графигін салуға есептер шығару
Квадрат функция графигін салуға есептер шығару
Сабақтың тақырыбы: Квадрат функция графигін салуға есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Квадраттық функцияның дербес түрлерін қайталау және белгілі графиктердің көмегімен квадраттық функцияның графиктерін салудағы білімдерін бекіту және өз беттерімен ізденуге, қорытындылай білуге үйрету.
Оқушыларды алғырлыққа, сауаттылыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды 4 топқа бөлу (квадрат теңдеу, квадрат үшмүше, квадрат функция , квадрат түбір)
-
Үй тапсырмасын тексеру.
Дұрас жауаптары слайдта
-
Қызығушылықтарын ояту. Ой-толғау.
1.Квадрат функция деген не?
2.Квадраттық функцияның графигі қандай қисық?
3.аболғанда, парабола тармақтары қалай бағытталады?
4. Д болғанда, парабола абсцисса осімен орналасуы туралы не айтуға болады?
5. болғанда, парабола абсцисса осімен орналасуы туралы не айтуға болады?
6.Д=0 болғанда, парабола абсцисса осімен орналасуы туралы не айтуға болады?
7.Өспелі және кемімелі функциялар деген не?
8.Экстремальды нүктелер деген не?
4. Түсіну. Ауызша есептер
у=ах2 функциясының параболасын жылжыту арқылы параболаның төбесінің координаталарын, өсу, кему аралықтарын табу.
5.Талдау. Топпен жұмыс
Оқулықпен жұмыс. №424, №425
6. Жинақтау. Оқушылардың өзіндік жұмысы
1-нұсқа
1.Берілген функцияларының қайсысы квадраттық функция болады?.
А)у=2х+3 В)у=х3-х-7 С)у=х4-19х Д)у=3х2-9х-5
2. y=x2+1,5 функцияның графигін y=x2 функцияның графигінен қалай алуға болады?
А) Оу осі бойымен 1,5 бірлік жоғары. В) Ох осі бойымен 1,5 бірлік солға. С) Оу осі бойымен 1,5 бірлік төмен. Д) Ох осі бойымен 1,5 бірлік оңға жылжыту арқылы алуға болады.
3. y=(x+5)2 функцияның графигін y=x2 функцияның графигінен қалай алуға болады?
А) Ох осі бойымен 5 бірлік оңға. В) Ох осі 5 бойымен бірлік солға. С) Оу осі бойымен 5 бірлік төмен. Д) Оу осі бойымен 5 бірлік жоғары жылжыту арқылы алуға болады.
4. y=(x - 1)2 -7 параболаның төбесінің координаталарын анықтаңдар
А)1;-7 В) -1;7 С) -7;-1 Д)7;1
2-нұсқа
1.Берілген функцияларының қайсысы квадраттық функция болады?.
А)у=х+3 В)у=х2-х-7 С)у=х3-19х Д)у=3х-9х-1
2. y=x2+1 функцияның графигін y=x2 функцияның графигінен қалай алуға болады?
А) Оу осі бойымен 1 бірлік жоғары В) Ох осі бойымен 1 бірлік солға С) Оу осі бойымен 1 бірлік төмен Д) Ох осі бойымен 1 бірлік оңға жылжыту арқылы алуға болады.
3. y=(x+4)2 функцияның графигін y=x2 функцияның графигінен қалай алуға болады?
А) Ох осі бойымен 4 бірлік оңға В) Ох осі бойымен 4 бірлік солға С) Оу осі бойымен 4 бірлік төмен Д) Оу осі бойымен 4 бірлік жоғары жылжыту арқылы алуға болады.
4. y=(x + 1)2 -7 параболаның төбесінің координаталарын анықтаңдар
А)1;-7 В) -1;-7 С) -7;-1 Д)7;1
7.Бағалау. Топ басшылары бағалау парақтарын таратады және жинап тапсырады.
Жиынтық бағалау. Топ басшылары өз топтарын тарау бойынша алған білімдерін ( үй тапсырмасы, топтық,) ескере отырып бағалайды
8. Кері байланыс.
Сабақ ұнады ма? Ұнамады ма?
Қандай қиыншылықтар болды?
Оқушылар өтілген сабақтан жағымды әсер алғандығын, сабақтың қалай өткендігін жеткізеді. Рефлексия жазады.
9. Үй тапсырмасы. №428.№429. Шығармашылық тапсырма
Суретте берілген параболалардың формулаларын жазу.