- Учителю
- 'Жазықтықтың түрлендіруі. Қозғалыс' 9 сынып. Геометрия
'Жазықтықтың түрлендіруі. Қозғалыс' 9 сынып. Геометрия
Сабақ жоспары
№13
Пән: геометрия
Сынып: 9 «в»
Күні: ___________
Сабақтың тақырыбы: §9. Жазықтықтың түрлендіруі. Қозғалыс
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: фигура, жазықтықты түрлендіру ұғымымен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардың есеп шығару дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері:
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Өткен тақырыпты қайталау:
-
Векторлар дегеніміз не?
-
Коллениар екі вектор базис бола ма?
-
Векторды санға көбейту қалай анықталды?
-
Вектордың скаляр көбейтіндісі дегеніміз не?
ІІІ Жаңа сабақ:
F фигурасы беріліп, F фигурасының әрбір нүктесіне жазықтықтың тек бір ғана нүктесі сәйкестірілсін, сонда пайда болған нүктелер жиынын F әрпімен белгілейік.
Осы жағдайда F1 фигурасы F фигурасының бейнесі, ал F фигурасы F1 фигурасының түпнұсқасы деп аталынады.
ІV Дамыту кезеңі. Есептер шығару:
Орындарында орындалатын тапсырмалар: № 126 , № 125
Тақтада орындалатын тапсырмалар: № 128 , № 130
Сабақты бекіту кезеңі:
Жазықтықтағы түрлендіру. Қозғалыс
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
Үй жұмысы: № 127 , №129