7


  • Учителю
  • Ашық сабақ. Тақырыбы: Үш бұрыш және оның түрлері. Бізді қоршаған әлемдегі 5-сынып

Ашық сабақ. Тақырыбы: Үш бұрыш және оның түрлері. Бізді қоршаған әлемдегі 5-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: геометрия

Сыныбы:

Сабақтық тақырыбы: Үшбұрыш және оның түрлері. Бізді қоршаған әлемдегі үшбұрыштар. Үшбұрыштың медианалары, биссектрисалары, биіктіктері.

Сабақтың мақсаты:

• оқушыларда үшбұрыш, оның элементтері, биіктігі, медианасы, биссектрисасы туралы түсінік қалыптастыру, қабырғалары бойынша және бұрыштары арқылы түрлерін ажырату, қабырғаларының ұзындықтары бойынша периметрін есептеуге үйрету.

• Оқылған материалды, қорытындылай, салыстыра білу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білу қабілетін дамыту.

• Жылдамдыққа, сауаттылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, өзін бағалай алуға, сенімділікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: - Мазмұнға байланысты: Үшбұрыштың анықтамасын, элементтерін, түрлерін біледі, оладың айырмашылықтарын түсінеді, ажырата алады, есептер шешеді. СТО ойлауды дамытуға байланысты: Өз пікірімен салыстырады, тыңдауды үйренеді, алған білімін өмірде қолдана алады.Топпен жұмысқа байланысты: Ұйымшылдыққа үйренеді, өз білімдеріне қорытынды жасай алады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ - жауап,блум таксономиясы, топтастыру,СТО, бағалау,АКТ

Көрнекілігі: слайд, смайликтер, стикерлер, үшбұрыштар,фигуралар, түрлі - түсті қағаздар

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру:

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару

Сабақтың мақсат, міндеттерін нұсқау, (шаттық шеңберінде тұрып, бір-біріне жақсы тілектер білдіру) топқа бөлу, әр топтың бақылаушысын сайлау.

2. Өткенді қайталау (Блум таксономиясы бойынша сұрақтар)

"бұрыш" туралы не білеміз? (аты, өлшейтін құрал, өлшем бірлігі)

4 топ бір-біріне сұрақтар қояды.

Сұрақ қойған, оған жауап берген оқушыларды топ бақылаушылары үшбұрыш ұпайлармен бағалайды. Топтар өзара бағдаршам түсімен бағалау жүргізеді.

3. Жаңа материалды игертуге дайындық (слайд )

Өмірдегі көріністерден мысалдар келтіру:

- Үшбұрыштар (біз қандай фигуралар жинадық)

- Ендеше қоршаған ортамыздағы үшбұрышты заттарды елестетейік

- Таулар, пирамидалар, жол жүру ережесіндегі ескерту белгілері және т. б.

- Негізінен үшбұрыштар үшкір болады, сондықтан оның ауаны тесіп өтетін қасиеті бар деуімізге болады. Мысалы: ұшақтардың басы, құстардың тұмсығы, майшамның жанып тұруы, т. б.

- Енді үшбұрышты геометрияда қалай салатынымызға тоқталайық

- Алдымен жазықтықтан 3 нүкте белгілеп аламыз және оларды белгілейміз. Олардың арасын кесінділермен қосамыз. Сонда үш төбесі, үш қабырғасы, үш бұрышы бар элементтерден құралған геометриялық фигура пайда болады.



4. Жаңа сабақты игерту (слайд, флипчарт)

Анықтама. Бір түзуде жатпайтын үш нүктемен осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден және сол кесінділермен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигураны үшбұрыш деп атайды.



Үшбұрыштың қабырғаларына байланысты түрлері:

1) қабырғаларының ұзындықтары әртүрлі болатын үшбұрыш әр қабырғалы үшбұрыш

2) екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш

3) үш қабырғасы өзара тең болатын үшбұрыш тең қабырғалы үшбұрыш



Үшбұрыштың бұрыштарына байланысты түрлері:

1) үш бұрышы да сүйір болатын сүйір бұрышты үшбұрыш

2) бір бұрышы тік болатын тік бұрышты үшбұрыш

3) бір бұрышы доғал болатын үшбұрыш доғал бұрышты үшбұрыш деп аталады.

Анықтама: Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы периметрі деп аталады.Ашық сабақ. Тақырыбы: Үш бұрыш және оның түрлері. Бізді қоршаған әлемдегі 5-сынып Ашық сабақ. Тақырыбы: Үш бұрыш және оның түрлері. Бізді қоршаған әлемдегі 5-сынып







Ашық сабақ. Тақырыбы: Үш бұрыш және оның түрлері. Бізді қоршаған әлемдегі 5-сынып Ашық сабақ. Тақырыбы: Үш бұрыш және оның түрлері. Бізді қоршаған әлемдегі 5-сынып

Анықтама: үшбұрыштың төбесін оған қарама - қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесіндіні оның медианасы деп атайды.

Анықтама: үшбұрыш бұрышының биссектрисасы қарсы қабырғаға дейінгі кесіндісі, оның осы бұрыштың биссектрисасы деп аталады.

Анықтама: үшбұрыштың төбесімен қарсы жатқан қабырғаны қамтитын түзуге түсірілген перпендикуляр кесіндісі үшбұрыштың биіктігі деп атайды.

Тең үшбұрыштар



5. Жаңа материалды қаншалықты игергендіктерін алғашқы тексеру:

Ашық сабақ. Тақырыбы: Үш бұрыш және оның түрлері. Бізді қоршаған әлемдегі 5-сынып

«Бірлесіп ойлайық» (биіктік, медиана, биссектрисаға байланысты сұрақтарға жауап береді.)

Екі үшбұрыштың теңдігі (оқушыларға әр түрлі үшбұрыштар таратылады, олардың теңдігін беттестіру арқылы анықтайтындығын түсінеді)

6. Сабақты бекіту:

Ашық сабақ. Тақырыбы: Үш бұрыш және оның түрлері. Бізді қоршаған әлемдегі 5-сынып

Оқулық бойынша № 48,49,50,51 есептері. (1,2,3,4-топ сәйкесінше шығарады)

Мұғалім тексереді. 4 топтан 4 оқушы шығып, есептің шешуін тақтаға жазады.

6. Сергіту сәті

Неше үшбұрыш бар екенін есептеу



Ашық сабақ. Тақырыбы: Үш бұрыш және оның түрлері. Бізді қоршаған әлемдегі 5-сынып

7. Сабақты қорытындылау:

Үшбұрыш және оның түрлері:

Әртүрлі үшбұрыштардың астына сұрақтар жасырылған, соларға жауап беру арқылы оқушылар өздері постер жасап, қорғайды, қорытынды жасау. Топтар өзара «Екі жұлдыз, бір тілек бойынша бағалайды»



8. Үйге тапсырма беру: № 52, 53 Үшбұрыш туралы ребус, сөзжұмбақтар құрастыру

Рефлексия: - Оқушылардың өз мүмкіншіліктерін бағалауын қадағалау.

- Сабақ өте жақсы ұнады және бар мүмкіндігімді пайдаландым

- Сабақ ұнады және өз мүмкіндігімше қатыстым

- Маған әлі осы тақырыптар бойынша жұмыс жасау керек

Смайлик жабыстыру







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал