7


  • Учителю
  • Шебер-сынып математикадан:ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді жолдары(9сынып)

Шебер-сынып математикадан:ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді жолдары(9сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруде іскерлік ойындардың ролі» шеберлік сыныбы

</ «ОБЖС-ға дайындаудың тиімді жолдары»

І бөлім. Кіріспе.

Мақсаты: іскерлік ойындардың мақсатымен, жүргізілу әдістемесімен, түрлерімен таныстыру.

ІІ бөлім. Жұмыс бөлімі

Мақсаты: ұстаздарды топ бойынша бірлескен әрекетке икемдеу, әрбір қатысушының өзінің топ мүшесі екенін сезіндіру.

«ОБЖС-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбындағы іскерлік ойыны

1. Дайындық кезеңі

- Проблемалық топтарға бөлу;

- Эксперт мамандар тобын құру;

- Ойын жайында кеңес беру.

2. Ойынды жүргізу этапы

А) «Миға шабуыл» әдісі.

Педагогикалық жағдаяттарды шешу.

1 топ: Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп директорының ескертуінен еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп Сізді кінәлады. Басқа оқушылар сіздің сабағыңызды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз?

2 топ: Сіз үйге тапсырма бердіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінде, оқулықтан тыс материалды, ғылыми деректермен жазып келген. Сіз ол деректер жайында білмейсіз. Оқушы жұмысын қалай бағалайсыз? Білмейтініңізді білдірмеу қалу керек.

3 топ: Сіз бүгін қандай да бір жағдаймен сабаққа дайындалмай, жоспарсыз келдіңіз. Сабағыңызға мектеп әкімшілігі немесе басқа мұғалімдер қатысып отыр. Не істейсіз? Жағдаяттан қалай шығасыз?

Б) «Менде бір ой бар...» әдісі.

Проблемалық топтарға тапсырмалар.

1 топ: Мектептегі ОБЖС-ға дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде, көңіліңіз тола ма?

2 топ: Қатемен жұмысты қалай жүргізу тиімді болады деп ойлайсыз?

3 топ: Өзіңізді 9 сынып оқушыларымыз деп есептеңіз. Мұғалімнің тестке дайындық сабақтарын өткізу әдісі сізге ұнай ма? Нәтижелі болу үшін қандай ұсыныс айтар едіңіз?

В) Топ аралық дискуссия. (әрбір топтың тапсырмаларды орындауы, еңбектерін қорғауы)

Г) Эксперт мамандардың жұмысы ( әрбір топтың жауаптарына баға беру, топтың лидерлерін анықтау)

3. Ойынға анализ жасау, талдап, қорыту этапы.

- Жалпылай баға беру;

- Қорытынды жасау;

- Ұсыныстар жасау.

«Қазіргі мұғалім» моделімен таныстыру.

Мақсаты: мұғалім, оқушы өздеріне қажетті мәліметтерде сервер арқылы өз жұмыс компьютерлерінен жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу.

ІІІ бөлім. Қорытынды бөлім.







































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал