- Учителю
- Разработка по математике на тему 'Рационал сандарға есептер шығару' (6 сынып)
Разработка по математике на тему 'Рационал сандарға есептер шығару' (6 сынып)
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№43 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Рационал сандарға»
есептер шығару
Пәні: Математика.
Сыныбы: 6 «В»
Пән мұғалімі: Баймуханова С.С
Тараз-2015
Сабақтың тақырыбы: «Рационал сандарға» есептер шығару.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Рационал сандарды әртүрлі есептеулерде пайдалана отырып, есептер шығаруға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың математика пәніне
деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Дәлдікке, ұқыптылыққа, ұжым намысын жоғары қоюға
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, есептер шығару, «серпілген сауал», топтық жұмыс, жұптық жұмыс, «крестик-нолик».
Бағдарлама модульдерінің кіріктірілуі: сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық технологияны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, Microsoft Power Point программасындағы презентация, көмекші құралдар, доп.
Пәнаралық байланыс: геометрия
Болжамдап отырған нәтиже: Рационал сандарды пайдалана алатын, математика пәніне деген қызығушылығы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, тез есептей алатын, дәлдікке, ұқыптылыққа, ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиеленген тұлға қалыптастыру.
Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру.
-
Оқушылармен сәлемдесу
-
Оқушыларды түгендеу
-
«Шаттық көңіл-күй» сыйлау
-
Сыныпты топтарға бөлу, топ мүшелерін тағайындау.
II. Үй тапсырмасын сұрау
-
«Семантикалық карта» арқылы есептерді тексеру
-
«Серпілген сауал»
III. Есептер шығару
-
Топпен жұмыс (постермен жұмыс), «Адасқан әріптер»
-
Жұптық жұмыс (оқулықпен жұмыс)
-
«Бесбармақ» бағалау
IV . Қорытынды
-
«Крестиктер-нөлдіктер» ойыны
V. Үйге тапсырма беру
№ 535, 536 есептерді шығару
VII. Оқушыларды бағалау (Оқушылардың білімділігі, белсенділігі бойынша топ мүшелері өздерін бағалау)
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
-
Оқушылармен сәлемдесемін.
-
Оқушыларды түгендеймін.
-
«Шаттық көңіл-күй» сыйлаймыз, (шеңбер құрамыз).
Біз бір-бірімізге қуаныш сыйлаймыз,
Біз қонақтарға қуаныш сыйлаймыз,
-
Сыныптағы оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөліп, топ жетекшілерін тағайындаймын.
І-топ: Оң сандар.
ІІ-топ: Теріс сандар.
ІІІ-топ: Таңбалары әртүрлі сандар.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1.Семантикалық карта
Тапсырма:
-22
-2
-1
2,4
24
21-(5-8)
3,7-(4-5,3)
-13-(20-32)
-4,5-(7-9,5)
-18-(9-5)
-
«Серпілген сауал» (доппен сұрақ қою).
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін, сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтыру.
III. Есептер шығару
-
Топтық жұмыс (постермен жұмыс) «Адасқан әріптер»
(есептерді шығарып әріптерді орналастыру арқылы бір топтың аты ашылады)
Мына нүктелерді тауып координаталық тузудің бойына орналастырыңдар.
І-топ:
Ң(-6+6); Т(-18+10); С(11,6+(-5,6)); А(-2,8+6,8); Ы(-3,3+11,3); Б(4,55+(-2,55)); А(-1,9+(-4,1))
Жауабы: Таңбасы
ІІ-топ:
Т(-6+6); Ә(-18+10); Л(11,6+(-5,6)); Р(-2,8+6,8); І(-3,3+11,3); Ү(4,55+(-2,55)); Р(-1,9+(-4,1))
Жауабы: әртүрлі
ІІІ-топ:
Е(-6+6); Т(-2,8+6,8); Е(11,6+(-5,6)); Р(-3,3+11,3); П(4,55+(-2,55)); С(-1,9+(-4,1)) ; Е(-18+10);
Жауабы: есептер
Топ басшылар шығып қорғайды.
-
Жұптық жұмыс «Кім ойшыл?»
Жұптаса отырып оқулықтағы есептерді шығарады.
№ 531, № 532
V. Қорытынды
«Крестиктер-нөлдіктер» ойыны
-
1-ші команда кестеден сан таңдайды.
-
Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.
-
Жауап дұрыс болған жағдайда , 1-ші команда сол квадратқа нөл қояды.
-
Жауап дұрыс болмаған жағдайда (крестик), 2-ші команда сұраққа жауап беруге және сол квадратқа нөлдік қоюға мүмкіндік алады.
-
5-9+3; Жауабы: 1
-
Екі теріс санның қосындысы? Жауабы: теріс сан
-
-9+(-0,3); Жауаубы: -9,3
-
-9,5+(-100); Жауабы: -109,5
-
-6+11-8; Жауабы: -3
-
Қарама - қарсы сандар қандай сандар? Жауабы: Бір- бірінен тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар.
-
Өз-өзіне қарама- қарсы сан қандай сан? Жауабы: 0
-
Теріс санның модулі неге тең? Жауабы: қарама-қарсы санға тең.
-
Қандай өрнек алгебралық қосынды деп аталады? Жауабы: оң сандардың және теріс сандардың қосындысы түрінде жазылған өрнек
VI. Үйге тапсырма беру
№ 535, №536.
VII. Оқушыларды бағалау
(Оқушылардың білімділігі, белсенділігі бойынша жеке бағалау).
Оқушылар өздеріне сабақта не ұнағанын, не ұнамағанын жазады.
Бағалау парағы.
Тақырыбы: «Рационал сандарға» есептер шығару.
6 сынып оқушысы: ______________________
Рефлексия. Өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап ал.
Сабаққа дайынмын. Маған бәрібір Мен өзіме сенімсізбін.
Тапсырмалар:1. Серпілген сауал______________
2. Топтық жұмыс «Адасқан әріптер» ___________
3. Жұптық жұмыс «Кім ойшыл?» ___________
4. «Бесбармақ»___________
5. «Крестик -нөлдік» ойыны_________
7. Өзіңді бағала _________
8.Жалпы баға___________