7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу

Сабақ жоспары Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 10

Пәні: Алгебра және анализ бастамалары

Пән мұғалімі: Нугербекова К.И.


Сабақтың тақырыбы: Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу

Сабақтың мақсаттары:

- Қарапайым тригонометриялық теңдеулердің барлық түрлерін, олардың шешімдерінің бар болу және болмау шарттарын, шешімдерінің формулаларын меңгеру біліктілігін толықтырып, тереңдету;

- Оқушылардың бойында қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешу білік, дағдыларын қалыптастыру;

- Оқушыларды нақтылыққа, шапшаң ойлап тез шешім қабылдауға, өзін- өзі бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

- Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, еркін сөйлей білуге, өз ойын жеткізе білуге, ортақ шешім шығаруға баулу;

- танымдық белсенділіктерін арттыру, білімді тәжірибеде қолданып, болжам жасау біліктіліктерін дамыту.

- Еңбекке, ұжыммен жұмыс жасауға баулу, жауапкершілігін арттыру

Сабақ түрі: Біліктілік пен дағдыны игеру және қалыптастыру сабағы

Әдіс-тәсілдер: АКТ, СТО және сындарлы оқыту технологиясы элементтері.

Сабақтың эпиграфы: «Табиғаттың танымының тәсілі-математика теңдеусіз болмайды.» (академик Александров П. С.).

Дереккөздер: оқулық: Алгебра және анализ бастамалары, 10 сынып -Алматы, Мектеп-2014 ж; Дидактикалық материалдар, Алгебра және анализ бастамалары, 10 сынып -Алматы, Мектеп-2014ж, ҰБТ-ға арналған «Талапкер» тест жинағы. интербелсеңді тақта, бейнеклип, презентация, стикер, маркерлер, бағалау парағы.


Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті


І.Ұйымдастыру кезеңі

2 мин




Сәлемдесу


Психологиялық дайындық.

Сәлем достым! (амандасады)

Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)

Қайда болдың? ( құлақтарынан тартады)

Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

Сен келдің ( қолдарын жаяды)

Жақсы болды ( құшақтайды)

Сәлемдеседі



Оқушылар үлкен шеңберге тұрады.



2 мин



Топтастыру

Оқушылар sinx,cosx, tqx, ctqx деп жазылған түрлі-түсті қағаздарды алып 2 топқа бөлінеді.

Жұмысымызды бастамас бұрын топпен жұмыс жасау ережесін еске түсірейік.


Оқушыларды тригонометриялық функциялар жазылған түрлі-түсті қағаздар арқылы 2 топқа бөлу

ІІ. Өткен тақырып

тарды тексеру


5 мин

Білу




Математикалық графикалық диктант

Өткен сабақтар бойынша диктант жүргіземін. дұрыс жауабын орындайды,

интербелсенді тақтада графикалық диктанттың кілтін шығару.

Жұптар арасында жұмыстарымен алмасып, графикалық диктантты

тексереді



Оқушылар жазған жұмыстарын алмасып, бір-бірінің жұмысын тексереді





ІІІ. Негізгі бөлім.

9 мин

Түсіну

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Жұппен,

Топпен жұмыс

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу


Миға шабуыл

Топтарға тақырып бойынша тапсырмалар беру. Интербелсенді тақтада көрсетілген тірек сызбаларды толтырып және формулалар біліктілігін тексере отырып, сабақ тақырыбын пысықтау және сабақ мақсатын айқындау.


Оқушылар тірек сызбаларды толтырумен қатар сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпқа байланысты ойларын ортаға салады


10 мин

Қолдану

Оқуда және оқытудағы жаңа тәсілдер


Оқытуды басқару және көшбасшылық

ҰБТ-ға арналған «Талапкер» есептер жинағынан есептер шығаруға тапсырма беріп, шығарылу жолын түсінуге жетелеймін


Әр топ таңдап алған есептерді шығарып , шығарылу жолын түсіндіреді



10 мин

Талдау



Оқулықтан есептер шығару


№108(а); №109(ә)


Әр топ түсінгені бойынша талқылап,оқулықпен жұмыс жасайды


IV.Рефлек

сия. Сабақты қорытынды

лау

4 мин

Жинақтау



Ой толғаныс

Оқушыларға стикерлер таратылады.

  • Мен білдім...

  • Мен түсіндім...

  • Маған қиын болды.

Оқушылар сабақтан алған білімдерін қорытындылай келе өз ойларын стикерге жазып Сенім ағашына жапсырады


Әр топ оқушылары алған білімдерін жинақтайды.




3 мин


Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Үй тапсырмасы

Оқушылар жинаған кубиктері арқылы жүреді


Үй жұмысына өзін-өзі тексеру сұрақтары бойынша параграфты қайталап оқу


№108(б,в) , №109(б,в)

Оқушылар өзін-өзі, жұпты, топты бағалайды






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал