7


  • Учителю
  • Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айрымын көбейтіндіге түрлендіру формулалары

Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айрымын көбейтіндіге түрлендіру формулалары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақ тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айрымын көбейтіндіге түрлендіру формулалары Мақсаты: Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айрымын көбейтіндіге түрлендіру формулаларын есеп шығаруда қолдана алу. Күтілетін нәтиже: Оқушылар
предварительный просмотр материала

Оқытушы:

Аханова Меруерт Ахановна


Пәні: алгебра

Сынып: 9

Сабақ тақырыбы:

Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айрымын көбейтіндіге түрлендіру формулалары

Мақсаты:

Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айрымын көбейтіндіге түрлендіру формулаларын есеп шығаруда қолдана алу.

Күтілетін нәтиже:


Оқушылар тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айрымын көбейтіндіге түрлендіру формулаларын меңгеріп, есептерді шығаруда еркін қолдана алады.

Табыс критерийі:

Критериалды бағалау парағы, смайликпен бағалау, бағдаршаммен бағалау, бармақпен бағалау, кері байланыс арқылы бағалау, ауызша бағалау.

Түйінді ой:

Оқушыларға жеті модулді ықпалдастырып сабақ өткізсек, онда тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айрымын көбейтіндіге түрлендіру формулаларын меңгере отырып, тригонометриялық өрнектерді түрлендіре алады.

Оқулық:


Алгебра (авторы: Ә.Н.Шыныбеков) 9-сынып «Атамұра» баспасы

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

5 минут

1.Сәлемдесу

2.Шаттық шеңберін құру, оқушыларға ізгі ниетін білдіруге нұсқау.

3.Оқушылардан алдындағы таратылған фигураны алып 3 топқа бөлінуін сұрайды

  1. Амандасады

2.Шаттық шеңберде бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

3.Фигураларды алып, сол бойынша жинақталып үш топқа бөлінеді

АКТ,фигуралар

8 минут

Мұғалім оқушыларға үй жұмысын интерактивті тақта арқылы көрсетіп, қос және жартыбұрыштың формулаларын айтуды сұрайды

Оқушылар үй жұмысына берілген формулаларды айтады.

АКТ, смайлик, постер, маркер

22 минут

Оқушылар сабаққа өз мақсаттарын қояды. Оқушылардың бір тобына тригонометриялық функциялардың қосбұрышын, енді бір тобына жартыбұрышының формулаларын, үшінші тобына оларғы мысал келтіру тапсырылады. Топ болып жұмыс жасау керектігін айтады (7 минут)

Мұғалім топтасып жасайтындай есептер береді. (8 минут)

Оқушыларды сергітуге шақырады. (3минут)


Оқушылар топтаса отырып, берілген тапсырманы орындайды. Спикер басқасына түсіндіреді.

«Жапондық бағалау» арқылы топтар бір-бірін бағалап отырады.

Жұптаса, топтаса отырып, белсенді әрекет жасайды. Шығарылған естепті әр топ тақтаға жазып нәтижесін көрсетеді.


Оқушылар партаны айнала әуен ырғағымен билейді


АКТ смайлик, постер, маркер,музыка

10 минут

Топ басшысына «Критериалды бағалау» парақшасы арқылы өз тобының оқушыларын бағалау ұсынылады .

Үйге: №287 /4/ есеп шығару

Сабақтан алған әсерлерін жазу үшін стикер таратады

Топ басшысы әділ түрде өз топ мүшелерінің жұмысына баға береді



№287 жазып алады

Стикерлер арқылы сабақтан алған әсерін жазады.

АКТ смайлик, постер, бағалау парағы, маркер



Мұғалім ескертпесі/Рефлексия:

Өз сабағымда сыни тұрғыдaн oйлaу мoдулiн жетекшi мoдуль ретiнде aлдым. Себебі мен үшін бұл модуль өте қызықты, тартымды еді. Оқушыларымның сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыруды көздедім. Қaлғaн 6 мoдуль сaбaқтaр құрылымындa ықпaлдaстырылып қaмтылуын әдіс-тәсілдерді оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таңдадым. Сaбaқтарыма «Жүректен жүрекке», «Сұрaқты қaғып aл», «Кубизм», «БҮБ» «Oй қoзғaу», «ЖИГСО», «Өкіл» әдіс-тәсілдерін қолдандым. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау мен үшін қиындық тудыруына байланысты осы сабағымда түрлі бағалау әдістерін пайдалануды шештім. «Қалыптастырушы бағалау», «Критериaлды бaғaлaу», «Жaпoндық» бaғaлaу», «БҮБ», «Бiр-бiрiн бaғaлaу» әдіс-тәсілдерін іске асырдым. Бағалау түрлерін ұтымды қолданып, оқушыларыма тақырыпты меңгеруде, сыни тұрғыдан ойлауын дамыта түстім.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал