7


  • Учителю
  • 6Сынып. Сабақ жоспары. 'Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу'

6Сынып. Сабақ жоспары. 'Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып:

Тақырып:Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу.

Сабақтың мақсаты:а)білімділік:екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіне алмастыру тәсілін қолданып шығаруға үйрету;

ә)дамытушылық:екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі туралы білімдерін дамыту;

б)тәрбиелік:ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Көрнекілігі: оқулық, карточкалар

Әдісі: түсіндіру.

Түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу

ә) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

б) оқушы зейінін сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау:№1484

  1. Жан - жақты білімдерін тексеру:

  1. Екіайнымалы бар сызықтық теңдеуге анықтама беріңдер.

  1. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің қасиеттерін айтыңдар.

  2. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі дегеніміз не?

IV. Жаңа сабаққа кіріспе:Оқушылардың жаңа сабаққа дайындығын қадағалау.

V.Жаңа сабақ: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін құрып, оны алмастыру тәсілімен шешуді қарастырайық.

1 - мысал. Оқушы екі сан ойлады. Бірінші сан екінші саннан 7 - ге артық. Бірінші санды 3 еселеп, одан екінші санды 2 еселеп азайтқанда, айырма 27 - ге тең болады. Оқушы қандай сан ойлады?

Шешуі:

Бірінші теңдеудегі х - ті у арқылы өрнектеп, оны екінші теңдеудегі х - тің орнына қойғанда алғашқы теңдеулер жүйесімен мәндес теңдеулердің мынадай жүйесі алынады:

Мұндағы бір айнымалысы бар теңдеу. Осы теңдеуді шешіп, у - тің мәнін табу керек:

теңдеудегі у- тің орнына оның мәнін қойсақ, х - тің сәйкес мәні табылады: x=6+7; x=13.

Демек, (13;6)сандар жұбы берілген теңдеулер жүйесінің шешімі болады.

Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу үшін:

  1. Теңдеудің біреуіндегі бір айнымалыны екінші арқылы өрнектеу керек;

  2. Табылған өрнекті екінші теңдеудегі осы айнымалының орнына қою керек. Сонда бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешіп, ондағы айнымалының мәнін табу керек;

  3. Шыққан бір айнымалысы бар сызықтық еңдеуді шешіп, ондағы айнымалының мәнін табу керек;

  4. Табылған айнымалының мәнін екінші айнымалын табу өрнегіндегі орнына қойып, екінші айнымалыны табу кеерк.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің біреуіндегі айнымалының коэффииенті 1 - ге тең болған жағдайда берілген теңдеулер жүйесін шешу үшін алмастыру тәсілін қолданған тиімді.

VI.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру:

  1. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі алмастыру тәсілімен қалай шешілетінін айтып беріңдер.

  2. Қандай жағдайда екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу үшін алмастыру тәсілін қолданған тиімді.

VII.Жаңа сабақты бекіту: №1497

VIII.Үйге тапсырма: №1498

IX. Қорытынды:оқушылардың жаңа сабақты түсінгенін тексеріп, бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал