7


  • Учителю
  • Открытый урок 'Арифметикалық амалдар'

Открытый урок 'Арифметикалық амалдар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Еңбекші ауылы №39 жалпы білім беретін негізгі мектеп



Тақырыбы:

Пәні : математика

Сынып: 5 «Ә»

Пән мұғалімі: Жумаева Ф. А


Алматы 2015-2016 ж.ж

Тақырыбы:Арифметикалық амалдар. Қайталау

Түрі: Аралас ,Сайыс сабағы

Көрнекілігі: плакат сөзжұмбақ, стикер, маркер, балық суреті, ағаш суреті, сиқырлы квадрат кестесі

Әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, жұппен жұмыс, балық сүйегі әдісі

Қош келдіңіздер әділ қазы қонақтар. Сіздерді біздің бүгінгі "Арифметикалық амалдар" деген қайталау сабағына келгендеріңізге рахметимизді айтып "білімді мыңды жығар"- деп ой мен білім сайысын бастаймыз


Бүгінгі сайыс сабағының мақсаты

Білімділік: 5 сынып оқушыларына "Арифметикалық амалдар" тақырыбын қайталау арқылы білімдерін жетілдіру

Дамытушылық: Оқушыларды жарыстыру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін, ой өрісін дамыту,белсенділігін,математикаға деген қызығушылықтарын арттыру

Тәрбиелілік: Топпен бірлесе жұмыс жасауға, әдептілікке, ұйымшылдыққа, көпшілік алдында өздерін ұстай білуге тәрбиелеу.


Сабақтың барысы

Ұйымдастыру бөлімі:

-Құрметті ұстаздар,оқушылар сіздер сынып арасында өтетін «Арифметикалық амалдар » атты қайталау ойын ,сайыс сағатына қош келдіңіздер!.

Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырма-ларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін

пысықтау.

Сайыс сағатымызда:

Сарапшыларды сайлау.

1.

2.

3.

4.


Шаттық шеңбер құру(Оқушылар бір-біріне тілек айтады)

Кері байланыс (Оқушылар өздерінің көңіл-күйін білдіруі)

Сайысқа 2 топ қатысады

Сайыс 7 кезеңнен өтеді

1. Таныстыру. (Әр топ өздерін таныстырады)

2. Кім жылдам? Өткенге шолу(Әр топ басы 8 сұрақтан қояды ,сұраққа жылдам дұрыс жауапқа 1 ұпайдан және жылдамдық ескеріледі)

3. Математикалық сөзжұмбақ. (Сөзжұмбақтың әр сөзі 1 ұпайдан)

4. Сиқырлы квадрат(Ережеге сай сандарды қосу)

Сергіту сәті

5.Баспалдақ шыңы(Амалдарды орындау)

6. Балық проблемасы (Теңдеуді шешу )

7. Ұшқыр ой! (Логикалық тапсырмалар шешу).

Үйге тапсырма!

Кері байланыс (Мұғалімді бағалау) - тан тұрады. Берілген тапсырмалардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға ,бір ұпайдан қосылып отырады. Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Жас математик» номинациясына ие болады. Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады.


Уа,халайық,халайық

Бәріне жар салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Есеп шешіп жарысып

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыт тасып ,шалқысып

Көңілді кеш жасайық

Жұмбақ шеру шашайық

Мұнда қызық табылар

Жұмбақ,есеп бәрі бар

Ал,сайыскер балалар

Білімдеріңді сынайық.-деп, бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.

«Үшбұрыш» тобы немесе «Көбейту және бөлу» тобы

«Төртбұрыш» тобы немесе «Қосу және азайту» тобы

1.Енді сөз кезегін топтарға берейін,өз топтарын өлең жолдары арқылы таныстырып өтсін.

«Үшбұрыш» : Армысыздар ұстаздар

Біз көбейту- бөлуміз

Бүгінгі бұл сайыста

Талпынуға әзірміз

Таудай біздің талабымыз

Озып шығып бәйге аламыз

Келешекте өскенде

Үлкен ғалым боламыз

«Төртбұрыш» : Қосу менен азайтудан тұратын

Топтын атын таныстыру мұратым

Уа достарым бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Ойымызды жинақтап

Есеп шешіп алайық

Жеңімпаз болуға ұмтылып

Бір қуанып қалайық

2. Бүгінгі сабағымызды ары қарай оқушылардың бір -біріне дайындаған сұрақтары арқылы жалғастырамыз:

«Төртбұрыш», + және - көбейту мен бөлуге қоятын сұрақтары:

1. Қосудың компоненттері қосылғыш қосылғыш қосындының мәні

2.Азайтудың компоненттерін ата азайғыш азайтқыш айырманың мәні

3. Өрнекті тиімді тәсілмен шешу үшін не қажет арифметикалық амалдардың қасиеттерін білу қажет

4. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті-қосылғыштардың орындарын ауыстырғанымен мәні өзгермейді

5. Тең сандарының айырмасының мәні 0-ге тең

6. Қосу мен азайтуды математика тілінде қалай атайды плюс минус

7. 2-ні үш рет қосқанда неше шығады? 6

8. Ең үлкен екі таңбалы сан мен ең кіші үш таңбалы натурал санның қосындысы неге тең 99+100

«Үшбұрыш», көбейту мен бөлудің + және - қоятын сұрақтары:

1. Көбейтудің компоненттері көбейткіш көбейткіш көбейтіндінің мәні

2. Көбейтудің қасиеттері ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік

3. Кезкелген санды 1 ге көбейткенде сол санның өзі шығады

4. Көбейткіштердің орындары ауысқанымен мәні өзгермейді

5. Бөлудің компоненттері бөлінгіш бөлгіш бөліндінің мәні

6. Бөлу мен көбейту өзара...кері амалдар

7. Тең сандарды бөлгенде мәні нешеге тең 1-ге тең

8. Қандай санға бөлуге болмайды 0-ге бөлуге болмайды

3. Сабағымыздын үшінші турына өтеміз,екі топқа сөзжұмбақ беріледі бірі «Амалдар», екіншісі «Сандар» тақрыбшаларынан тұрады топпен жарысып шешеді:

Амалдар

1. Сан мен оған қолданылатын қарапайым амалдарды зерттейтін математика саласы

2. Сандардан және таңбалардан құралған өрнек

3. 106 дәрежесі ол қандай сан

4. х-тің екі дәрежесі немесе х2

5. Әріпті өрнектің жазылуында қай алфавиттің кіші әріптерін пайдаланамыз?

6. Тең сандарды бөлгенде мәні ...-ге тең


Сандар

1. Қосуды таңбалау үшін қолданылатын математикалық таңба

2. Нөл қандай сандар қатарына жатпайды?

3. Азайтуды таңбалау үшін қолданылатын математикалық таңба

4. Бірнеше бірдей көбейткіштердің көбейтіндісі

5. Азайтылатын сан қалай айтылады?

6. Сандардан, таңбалардан және әріптерден құралатын өрнек



4. Сиқырлы квадрат ойыны, ережесі барлық оқушыларға белгілі. Ұзынынада еніне де көлдененде қосындының мәні бір санға тең болу керек:


Сергіту сәті

5. «Баспалдақ шыңы» ойыны:

100•1

20 • 5 88 + 12

40 • 2 22 •4

63-23 110 •5

7 • 9 98 + 12

42 • 6 7 • 1

25 + 17 49 : 7

100 - 25 70 - 21

6. Балық проблемасы, екі топқа мәтінді есеп беріледі. Сол есеп арқылы теңдеу құрастырып балық сүйегі әдісін қолданып теңдеуді шешу:



а)Еламан бір таңбалы ең үлкен санға екі таңбалы ең үлкен санды бірнеше рет қосты. Нәтижесінде қосындының мәні үш таңбалы ең үлкен санға тең болды. Екі таңбалы ең үлкен сан неше рет қосылды?



ә)Әділет екі таңбалы ең кіші санға екі таңбалы ең үлкен санды бірнеше рет қосты. Нәтижесінде қосындының мәні төрт таңбалы ең кіші санға тең болды. Екі таңбалы ең үлкен сан неше рет қосылды?


7. а)Жұмбақ жасыру, ә)Логикалық сұрақтар:

а)1. Аулада 60 үйрек, 2.11 түйе,бес жылқы.

Қорада 20 үйрек, 2 сиыр,бір ешкі

10 үйрек тығылды 2 қоян,үш түлкі,

10 үйрек жығылды, Болды сонда нешеуі? (24)

Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)


3.Табақта 55 алма 4.Бір - бірімен жарысқан

Қолымда 5 алма 4 аю, бір арыстан

Барлығын қостымда 2 қой мен 1 түлкі

5-ін бердім апама, Бәрі нешеу кім білді (8)

5-ін бердім атама,

Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)

ә)1.Теңізде қандай тастар табылмайды? Құрғақ тастар

2.Елеуішпен (сүзгімен) су әкелуге бола ма? болады... қатты, мұз күйінде

3.Дайындайға болады, бірақ жеуге болмайды...Ол не? Сабақ

4.Мұнарадан үлкен, бірақ қауырсыннан жеңіл нәрсе не? Сол мұнараның көлеңкесі...

5.Ең үлкен натурал сан? Натурал санның үлкені болмайды, шексіз..

6.Таңғы асқа не жемейміз? Түскі және кешкі асты жемейміз

7.Алманың жартысына не ұқсайды? Екінші жартысы ұқсайды

8.Қызыл тасты суға салса қалай өзгереді? Су болады.

Үйге тапсырма:

1. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой

44444444 = 500 444+44+4+4+4 = 500

2. Мына 1888 санына екі бөліккебөліңіз. Оның әр бөлігінде 1000 саны болатын болсын. 1888 санын дәл ортасын сызықпен бөлу керек.

3.Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп, амал таңбаларын қой?

333333 = 1000 333*3+3/3 = 1000

Кері байланыс(Мұғалімді бағалау)



Қорытынды: Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.

Сіздермен кездесеміз біздер әлі,

Жеңімпаздар бүгінгі анықталсын!- деп сарапшыларға сөз беріледі. Сарапшылар ұпай санын санап жеңімпаз топты айтады. Жеңімпаздар марапатталады.

Сонау-сонау алысқа,жүзсін десең кемелер,

Тылсым-сырлы ғарышқа , ұшсын десең денелер,

Жасау үшін бәрің де

Математика-

Ең маңызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал