7


Бірмүше және стандарт түрі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Бірмүше және стандарт түрі

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Бірмүше, бірмүшенің стандарт түрі, бірмүшенің коэффиценті, бірмүшенің дәрежесі ұғымдарын енгізу, оларды есептер шығаруда қолдану

дамытушылық: Жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға , өзінше ізденімпаздыққа, еңбекке тәрбиелеу

тәрбиелік: Әр оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзіреттілігін дамыту

Сабақтың түрі:жаңа білім негізін меңгерту

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ көрнекілігі: BilimLand.kz ресурстарынан анимацияланған презентацияны қолдану

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі:

а) оқушылар назарын сабаққа аудару

ә) сабақ мақсатымен таныстыру

II.Қызығушылығын ояту:

Қарапайым алгебралық өрнекке мысал келтір

ІІІ.Мағынаны тану: "Раушан бағы" видео, "Ұқсас мүшелер" видео BilimLand.kz ресурстарынан.

Бірмүше.

Бірмүше дегеніміз сан немесе әріп, немесе әріп пен санның көбейтіндісі түрінде берілетін алгебралық өрнек.
Бұл өрнек бірмүше болып табылады: 10m,−0,6pr,34abc.
Бұл өрнектер бірмүшелер емес: a+b,3−a,p+2q

Алгебралық өрнек деп сандар, айнымалылардан құралған және бір-бірімен алгебралық амалдармен және жақшалармен біріктірілген өрнекті айтамыз.

Коэффициент.

Коэффициент - әріптік өрнектегі сандық көбейткіш, белгісіздің кез келген дәрежесіндегі белгілі көбейткіші немесе айнымалы шаманың тұрақты көбейткіші.
a деген бірмүшенің коэффициенті 1-ге тең болады, себебі 1×a=a.
Әдетте коэффициент айнымалының алдына жазылады.

Сандардан, айнымалылардан және олардың дәрежелерінен көбейту амалы арқылы құрастырылған өрнекті бірмүше деп атайды.

Бірінші орында сан көбейткіш, ал оған жалғастырылған айнымалылар мен олардың дәрежелері жазылған бірмүшенің түрін стандарт түрі деп атайды.

Бірмүшенің алдындағы санды бірмүшенің коэффициенті деп атайды.

Бірмүше құрамындағы айнымалылардың дәрежелерінің қосындысын бірмүшенің дәрежесі деп атайды.

Мысалы:бірмүшесінің дәрежесі 2 + 1 + 3 = 6.

IV. Ой қозғау:

"Білімнің бәрі кітапта"

Бекіту есептері: № 155; №156, №157, №158, №159 тақтары

V. Сабақты бекіту:

1. Қандай өрнекті бірмүше деп атайды?

2.Бірмүше дәрежесі қалай анықталады?

3.Стандрт түрдегі бірмүше коэфициенті деп нені айтады?


VI. Бағалау: сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау


VII. Үйге тапсырма: № 155; №156, №157, №158, №159 жұптары


VIII.Рефлекция

Білемін

Білдім

Білгім келеді



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал