- Учителю
- Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты
Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты
Сынып:7 А Пәні:алгебра Күні:14.12
Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадратының формуласымен таныстыру, осы формулаларды қолданып, өрнектерді түрлендіруді үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың формула қолдану, дәрежеге шығару білімдерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылықты ояту
Сабақтың эпиграфы: Тек қана есте сақтауымен емес, өзінің терең ойлануымен игеріп алған білім ғана - білім.
(Л.Н.Толстой)
2. Үй тапсырмасын тексеру: № 386 (1-4)
3.Қайталау
Берілген өрнектердің квадратын табыңыздар
Мына формулалардың ішінен қатесін тап:
(а-b)(a+b)=a2-b2 a2-b2=(а-b)(a+b) a2+ b2= (а-b)(a+b)
Көбейткіштерге жіктеңдер Мына формулаға келтіріп: a2-b2=(а-b)(a+b) Қатесін тап:
с2-0,25=(с-0,25)(с+0,25)
16- х2=(4 - )(4+ )
144-m2=( __ -m )(__ + m)
Зерттеу жұмысы
№
I
II
III
1.
(y + b) (y +b)
(y + b) 2
y 2 + 2yb + b2
2.
(с - d ) (c -d)
(c -d)2
c2 - 2cd + d2
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру
(а+b)(a+b) көбейтіндісін қарастырайық: (а+b)(a+b) = (a+b)2 (А) тең болатыны белгілі.
Ал осы өрнекті көпмүше түрінде жазсақ қалай жазылады екен? Көпмүшені көпмүшеге көбейту арқылы
(а+b)(a+b) =аа+ аb+ аb+ bb = a2+ 2аb+ b2 (В) екі формуланың сол жақтары тең болған соң оң жақтарыда тең болады (a+b)2 = a2+ 2аb+ b2 (1)
Бірінші формуланың тұжырымдамасы:
Екі өрнектің қосындысының квадраты бірінші өрнектің квадраты, екі еселенген екі өрнектің көбейтіндісі мен екінші өренктің квадратының қосындысына тең
Ереже мәтіні
Формула түрінде
Екі өрнектің қосындысының квадраты
(a+b)2
бірінші өрнектің квадраты
a2
екі еселенген екі өрнектің көбейтіндісі
екінші өренктің квадратының
Қосындысына тең
Екі өрнектің айырымының квадраты
(a-b)2 = a2- 2аb+ b2 (2)
Екінші формуланың тұжырымдамасы:
Екі өрнектің айырымының квадраты бірінші өрнектің квадраты,минус екі еселенген екі өрнектің көбейтіндісі мен екінші өренктің квадратының қосындысына тең.
Қарама қайшылықты табу
Екі өрнектің қосындысының квадраты
Екі өрнектің айырымының квадраты
(a+b)2
(a-b)2
(a+b)2 = a2+ 2аb+ b2
(a-b)2 = a2- 2аb+ b2
Кестені толтырыңдар
Өрнек
Бірінші өрнектің квадраты
Екі еселенген көбейтінді
Екінші өрнектің квадраты
Нәтижесі
(а + 4)2
(8 - х)2
(2y + 1)2
(0,5b - 2)2
Бос орынды толтыр
-
(5а + * )2 = * а2 + 40а+16
-
( * - 1)2 = 9х2 - * х + 1
Сергіту сәті
Мен осы өмірдегі ең үлкен байлықпын.
• Мен үшін орындалмайтын ешнәрсе жоқ.
• Менің қолымнан бәрі келеді.
• Мен өзіме сенімдімін
Есептер шығару
№ 332
333
337
Тест жұмысы ауызша
Сәйкес жұптарды табыңдар:
1.
( 3а + с) 2
5.
( y - в) 2
2.
( а - 2в) 2
6.
x2 - 2xв + в2
3.
( x - в) 2
7.
а2 - 4ав + 4в2
4.
y 2 - 2yв + в2
8.
9а2 + 6ас + с2
Үй жұмысы №338
Қорытындылау
-Бүгінгі сабақта қандай формуламен таныстыңыздар?
-Бұл формулалар неге «қысқаша көбейту формулалары» деп аталады?
-Екі өрнектің қосындысының квадраты неге тең?
-Екі өрнектің айырымының квадраты неге тең?
-Қалай ойлайсыздар, бұл формулалар бізге керек пе?
Сізге сабақ ұнады ма?
Бағалау
Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Пән мұғалімі: Каюбалиева Г.Т
2015-2016 оқу жылы