- Учителю
- 'Тікбұрышты үшбұрыш' тақырыбын қайталау
'Тікбұрышты үшбұрыш' тақырыбын қайталау
Күні: 09.12.
Класы: 7
Пәні: геометрия
Сабақтың тақырыбы: Тікбұрышты үшбұрыш
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларда тікбұрышты үшбұрыш туралы білімдерін тереңдету, тікбұрышты үшбұрыштың теңдік белгілерін, үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғаларының арасындағы қатынастарын, үшбұрышты салу шарттарын үйретіп, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
Даматушылық: Ойлау, есте сақтау, тиянақты сызу, сызбаларындың негізгі қасиеттері мен мәндерін білуін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, сауатты сызбалар сызуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игерту
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: түсіндіру, баяндау, сызбалар арқылы көз жеткізу, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: үшбұрыш суреттері, сызбалар, тапсырмалар жинағы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- амандасу, түгендеу.
- жинақтау, назарларын аудару
- психологиялық сәт.
2. Өткен тақырыптарға шолу жасау:
- Үшбұрыштар теңдігі
- Үшбұрыштар теңдігінің белгілері
- Теңбүйірлі үшбұрыштардың қасиеттері
3. Жаңа сабақ
1-теорема. Егер екі тікбұрышты үшбұрыштың 1) сәйкес катеттері тең болса;
2) сәйкес бір катеті және оған іргелес жатқан сүйір бұрышы тең болса;
3) гипотенузалары және оған іргелес жатқан бір сүйір бұрышы тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.
2-теорема. Егер бір тікбұрышты үшбұрыштың катеті мен гипотенузасы екінші тікбұрышты үшбұрыштың сәйкескатеті мен гипотенузасына тең болса, онда мұндай тікбұрышты үшбұрыштар тең болады.
3-теорема. Кез келген үшбұрыштың үлкен қабырғасына қарсы үлкен бұрыш жатады.
Салдар:
-
Тікбұрышты үшбұрыштың кез келген катеті оның гипотенузасынана кіші болады.
-
Бір нүктеден түзуге түсірілген перпендикуляр сол нүктеденжүргізілген көлбеуден кіші болады.
5-теорема. Үшбұрыштың кез келген қабырғасы оның басқа екі қабырғасының қосындысынан кем болады.
Жаттығулармен жұмыс:
№1
Катеттерін бір түсті, гипотенузасын бір түсті қарындашпен тікбұрышты үшбұрыш салыңдар. Әр түсті карындашпен гепотинузағы жүргізілген биссектриса, медиана, биіктігін көрсетіңдер.
№2. АВС теңбүйірлі үшбұрышын сызыңдар. Д және Е нүктелерін АС қабырғасынан АД тең СЕ болатындай етіп алыңдар. ДВЕ үшбұрышы қандай үшбұрыш болады?
А
Д
В Е С
№ 3. тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 18 см, ал бір сүйір бұрышы 30°. Осы үшбұрышқа қарсы жатқан катеттің ұзындығын табыңдар.
А
Бер: АС = 18см
α = 30° 18см
т/к АВ - ?
Шешуі:
В С
Теорема бойынша тікбұрышты үшбұрыштың 30° -қа қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең.
АС= 18см АС : 2 = 18см : 2 = 9см
АВ = 9см
Бекіту:
-
Екі тік бұрышты үшбұрыштар қандай жағдайда тең болады?
-
Тікбұрышты үшбұрыштың қандай қасиеттері бар?
Қортындылау, бағалау.
Үйге тапсырма беру: №157