7


  • Учителю
  • Конкурс 'Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ' (5 класс)

Конкурс 'Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ' (5 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы


Павлодар қаласы, №2 жалпы орта білім беру мектебі

математика пәнінің мұғалімі : Жунусова С.Қ.


Мақсаты:
Математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, топпен жұмыс істеуге, логикалық ойлау, танымдық қабілетін дамыту. Ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең, қымбат қазына мақал-мәтелдерді, балаларға үйретіп, ұғындыру. Ой белсенділігін, сөздік қорын молайту.
Тапқырлыққа, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Құрметті балалар. Бүгін «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
«Мақал-сөздің мәйегі » демекші, құрғақ сөздің ғұмыры қысқа ғой, сол себепті өмірімізде мақал-мәтелді жиірек қолданған жөн.


Сайысқа қатысушыларды ортаға шақыру.
Әр топ өздерін таныстырады.
Әділ-қазылармен таныстыру

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кай топтың жауаптары кәдік шықты.
«1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысында.
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

- Олай болса іске сәт.
1. Әр мақалшы өздері дайындап келген мақалдарын айтады. (3мақал)
2. Мақалдың алғашқы жолын жүргізуші оқиды, ал ойыншы жалғастырады. Жалғастыра алмаса, қарсы топ жалғастырады. Әр топта белгі болады. Сол белгіні көтеру арқылы берілген тапсырмаларға кезегімен жауап береді
1.Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы

2.Оқу білім азығы,
Білім ырыс - қазығы.

3.Білім ер азығы
Е р - ел азығы.

4.Ақыл тозбайтын тон,
Білім - таусылмайтын кен.

5.Ойна да күл,
Оқы да біл.

6.Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.

7.Өнер - ердің қанаты.

8.Оқу түбі - тоқу.

9.Білім - қымбат, білу - қиын.

10.Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.

- Келесі кезекті «Тапқырлық сайысы»
әр топқа логикалық сұрақтар беріледі,сұраққа нақты,әрі тез жауап беру керек
1-топ:
1. Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді?
( атасы,баласы, немересі)
2. Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағат 20 минут ұшады да, қайтарда 80 минут ұшады. Бұл қалай?( 1сағ 20 мин=80мин)
3. 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше? (12 минутта)
4. Бір жанұядағы 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? (6 бала)
5. 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма? ( бірдей)
2-топ.
1. Үш пар ат 30 км - ге шапса, әр ат қанша км-ге шабады? (30 км)
2. Төрт қойдың неше аяғы бар? ( 16 )
3. Үш майшамжанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады?
( екеуі, біреуі сөндірілмегесін жанып кетті )
4. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады.
Торғайдың қаншасы қалды? (10 торғай, қалғаны ұшып кетті)
5. Бөлменің төрт бұрышында төрт мысық отыр, әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Бөлмеде неше мысық болғаны? (4 мысық)

3-айналымда жұмбақ шешу сайысы. Бұл айналымда екі тапсырмадан тұрады.
1.Әр топ өздері дайындап келген жұмбақты қарсы топқа жасырады. (3 жұмбақ)
2. Жұмбақты жүргізуші оқиды, ал ойыншылар шешуін табады.
Таба алмаса, шешуін тапқан қарсы топқа ұпай беріледі.

Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. (кітап)

Тақылдатып таңдайды,
Уақыттан бір қалмайды. (сағат)

Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтындаршы бұл қандай сан

Жан- жағына қарамай. (натурал сан)

Санасан сан жетпейтін нүктелерден

Құралған фигура бар қарапайым

Салу үшін сен оны сызғыш ізде

Бұл не өзі,бар ма,сірә,дара пайым (түзу)

Жоқ өзінде бас та, қас та , мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

Атадан он баламыз

Бір-бір жастан арамыз

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз.(цифрлар)

Бірде орақпын,
Бірде доппын,
Бірде бармын, бірде жоқпын. (ай)

Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (күн)

Атасы қалғып,мүлгиді

Әкесі зорға жылжиды

Ағасы - шабан,өзі- жорға

Інісі -жылдам, баласы жүйрік

Зымырап тұрған.(жыл,ай,күн,сағат,минут,секунд)

Сайысымыздың келесі бөлімі «Ойымды жалғастыр»
Жеті жұрттың тілін біл ( жеті түрлі білім біл )
Білекті бірді жығар, ( білімді мыңды жығар)
Екі жақсы қас болмас, ( екі жаман дос болмас)
Досыңды үш күн сынама, ( үш жыл сына )
Бір елі ауызға - ( екі елі қақпақ )
Жүз сомың болғанша ,( жүз досың болсын )
Отыз тістен шыққан сөз, ( отыз рулы елге тарайды )
Білгенің бір тоғыз, ( білмегенің тоқсан тоғыз)
Бір кісі қазған құдықтан, ( мың кісі су ішеді)


Әділқазы алқасынан сайыстың қорытындысын сұраймыз
Қорытынды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал