7


  • Учителю
  • Краткосрочный план урока по математике: 'Бұрыш. Бұрышты өлшеу' (7 класс)

Краткосрочный план урока по математике: 'Бұрыш. Бұрышты өлшеу' (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып 7

Күні: 22/ 24.09.2015 ж.

Пәні: Геометрия

Сабақтың тақырыбы:

Бұрыш. Бұрышты өлшеу. Бұрышты өлшеп салу

Жалпы мақсаттар:

Бұрыштар және оның өлшемімен танысу. Бұрыштың биссектрисcасымен танысу. Геометриялық бұрыштың қасиеттерін ұғып, олар арқылы есептер шығарып, өмірде қолдана білу.

Ресурстар:

Геометрия 7-сынып, дидактикалық материалдар, интерактивті тақта, үлестірме материалдар

Әдіс-тәсілдер:

Тәсілі: жұптық, топтық

Әдісі:АКТ, СТО, диалог

Оқыту нәтижесі:

Бұрыштардың және биссектрисcаның қасиетін талдау, талқылайды. Геометриядағы бұрыштардың орнын талқылап, бұрыш және бұрыштың биссектрисcасын қорытындылайды.

Түйінді идеялар:

Бұрыш, градус, биссектриса

Дерек көздер:

Геометрия 7-сынып, дидактикалық материалдар, интернет материалдары

Сабақтың барысы:

Уақыты:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі:

1 мин

Смарт бейдж арқылы оқушылар топқа бөлінеді

Әр оқушы өз тобына жайғасады

Қызығушылықты ояту:

8 мин

Бұрыннан бұрыш туралы қандай мәліметтер білеміз?

МИҒА ШАБУЫЛ


Оқушылар өткенді еске түсіріп, бұрыш туралы мағлұмат береді.

Мағынаны ажырату:

15 мин

Жазықтықты сәуле және түзудің көмегімен бөліктерге бөлу түсініктерін пайдаланып, бұрышты анықтауға болады.

Анықтама. Бір нүктеден шығатын екі сәулемен шектелген жазықтықтың бөлігі бұрыш деп аталады.

Сәулелер бұрыштың қабырғалары, ал олардың бас нүктесі бұрыштың төбесі деп аталады.

Бұрышты "∠" таңбасымен және қабырғалары мен төбесіне жазылған әріптермен белгілейді.



Анықтама. Екі бұрышты беттестіргенде сәйкес қабырғалары және төбелері дәл келсе, олар тең бұрыштар деп аталады.







Бұрыштың төбесінен шығып оны қақ бөлетін сәуле осы бұрыштың биссектриссасы деп аталады.





ҮІІ. Бұрышты өлшеудің негізгі қасиеттері:

  1. Әрбір бұрыштың нөлден үлкен градустық өлшемі болады.

  2. Жазыңқы бұрыш 1800-қа тең.

  3. Бұрыштың градустық өлшемі осы бұрыш қабырғаларының арасы арқылы өтетін кез келген сәулемен бөлінген бөліктерінің градустық өлшемдерінің қосындысына тең.

ҮІІІ. Бұрышты өлшеп салудың негізгі қасиеті:

Кез келген сәуледен бастап, берілген жарты жазықтықта, градустық өлшемі 1800-тан кіші берілген бұрышты өлшеп салуға болады. Ол бұрыш тек біреу ғана болады.


Оқушылар тақырыпты оқиды. Жұптасып талдайды. Топта талдап, жинақтап, қорытынды-лайды.

Сергіту сәті:

2 мин

«Бұрыштарды бейнелеу» сергітуі

Оқушылар берілген бұрыштарды қимылмен бейнелеп көрсетеді.

Ой толғаныс:

5 мин

№ 98. Транспортирді пайдаланып, 500-қа тең AOD бұрышын және 300-қа тең АОС бұрышын салыңдар. Бұл бұрыштардың төбесі - О нүктесі. АО қабырғасы екі бұрышқа ортақ. COD бұрышын табыңдар. Екі жолын қарастырыңдар.


Бағалау:

10 мин

№71, 72, 79, 80, 81, 82



№ 73, 74, 84, 88, 92, 100

Оқушылар топпен орындайды.

Кері байланыс:

1 мин

Стикерлер арқылы кері байланыс алынады.

Кері байланыс береді.

Оқушыларды бағалау:

Кейінгі жұмыс:

3 мин

Өзін-өзі бағалау.



№ 83, 86



№ 93, 94

Оқушылар өз-өзін бағалайды.



Оқушылар өз бетімен орындайды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал