7


  • Учителю
  • Геометриядан сабақ жоспары 'Трапецияның орта сызығы' (8 класс)

Геометриядан сабақ жоспары 'Трапецияның орта сызығы' (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Қысқа мерзімді жоспар                                                                          Пән мұғалімі: Мұхтарова Гүлдана Таңжарбайқызы ПӘНІ Геометрия КЛАСЫ 8 «а»   ТАҚЫРЫП Трапецияның орта сызығы    МАҚСАТЫ Трапецияның орта сызығы  тақырыбын игер
предварительный просмотр материала

Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі: Мұхтарова Гүлдана Таңжарбайқызы

ПӘНІ

Геометрия

КЛАСЫ 8 «а»


ТАҚЫРЫП

Трапецияның орта сызығы

МАҚСАТЫ

  1. Трапецияның орта сызығы тақырыбын игерте отырып, диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру, зерттеушілік әңгіме негізінде ой-өрістерін, ойлау қабілетін дамыту,өзін-өзі бақылау арқылы өздеріне деген шынайы түсінік негіздерін жүйелету, «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы» сұхбаты арқылы тақырып бойынша түсінікті дамыту және мағынасын ашу

  2. АКТ ақпаратын пайдалану және бағалау арқылы білім деңгейлерін саралаумен қатар өзіндік тиімділігін жоғарылата отырып, пәнге қызығушылығын арттыру

  3. Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып, өзара әлеуметтік қарым-қатынастың орнауына ықпал ету, адамгершілікке, бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу


КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ


Оқушыларда тақырыпқа байланысты негіз қалыптасады, өзін-өзі және бірін-бірі бағалауы арқылы өз ісін ретке келтіреді, алынған нәтижелеріне сыни көзқарасы, мүмкіндіктерінің деңгейі туралы нақты түсінік пен сенім қалыптасады, сабақ процесіндегі оқушыларының өзара сөйлесуіне, пікір алмасуына жасалған жағдайлар оларды еркін және ерікті түрде ойлауға жетелейді

КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ

ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ

РЕСУРСТАР

Ұйымдастыру кезеңі


Ынтымақтастыру атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Карусель» тренингін ойнату


Күннің жадын жазу

Оқушылар екіге бөлініп, ішкі және сыртқы шеңбер құрайды. Ішкі шеңбер сағат тілімен айналады да, мұғалімнің белгісімен тоқтап, екі шеңбердегі бір-біріне қарсы тұрған жұптар жетекші берген нұсқау бойынша рольдерді сомдау керек: дәрігер - қаралушы, полиция - жүргізуші, мұғалім - оқушы, сатушы - сатып алушы, әкесі - баласы, т.б.

Оқушылар тақтадағы күннің жадын көшіріп жазады

.

Интерактвті тақта бетіндегі суреттер: карусель, дәрігер - қаралушы, полиция - жүргізуші, мұғалім - оқушы, сатушы - сатып алушы бейнелері, ойын шарты


Power Point арқылы күн жады

Қызығушылықты ояту


Өткен тақырыпқа шолу жасау мақсатында математикалық диктант жаздыру

Топқа бөлу «айсберг» ойыны арқылы жүзеге асады

Жаңа тақырыпты ашу үшін ребус ұсыну, тақтаға сабақ тақырыбын жазу

Математикалық диктантты жазу кезінде қате сандарды тауып, қате анықтамаларды түзейді.

Оқушылар топ болып біріккен күйінде жайлы ырғақ әуенімен билеп жүреді, аяқ астында төрт жерге плакат (газет беті) жайылған. Әуен тоқтаған мезетте оқушылар бір-бірін құшақтай ұстаған қалпы жаймаға топтасады. Топтар сол біріккені бойынша төрт топқа бөлінеді.

Оқушылар интерактивті тақтада жасырылған ребусты шешу арқылы жаңа тақырыпты ашады және дәптерлеріне жазады.

Мағынаны тану


Жаңа сабақ «ДЖИГСО» әдісімен меңгеріліп, қосымша мұғалімнің түсіндірмесі беріледі, «зерттеушілік әңгіме» түріндегі талқылау

Оқулық бойынша есеп шығарту. Әр топқа оқулықтан есептер бөліп беру, кейбір оқушыларға (үлгерімі төмен және үлгерімі өте жоғары) жекелей тапсырмалар беру


Әр топқа төрт есеп және фигура бөліктері беріледі, жауап негізінде фигураны құрап, жаңа топқа бөлінеді

«Сен - маған, мен - саған» әдісі бойынша бір - біріне есептер ұсыну

Топ мүшелері әуелі өз ішінде тақырыпты талқылап алады да, 1-2-3-4ке саналу арқылы топшаларға бөлініп, бірігеді және жаңа топ өз білгендерін ортаға салған соң, әркім бастапқы өз топтарына оралады.

Топ мүшелері бірігіп, берілген тапсырманы ұжымдасқан түрде және жекелей орындайды.


Топ мүшелері есептерді дұрыс шешу арқылы фигура бөліктерінің артына жасырылған жауапты табады және оларды біріктіру арқылы құралған фигура бойынша жаңа топ құрайды.

Оқушылар оқулықтағы есептердің негізінде өздері есеп құрастырып, топ арасында бір-біріне ұсынады.

Оқулық, есеп карточкалары, тапсырмалар


Фигура бөліктері

Оқушылар құрастырған есептер жиынтығы


Ой толғаныс

«Сиқырлы сұрақтар» әдісі. Оұушыларға тақырып бойынша сұрақ дайындауға кеңес беру және өз тарапынан ашық сұрақтар дайындау


Қорыту


Үйге тапсырма: трапецияның орта сызығы, № 98,100 есептер


Бағалау

Өзін - өзі бағалау парағы ұсынылады, мұнда 1-бағанға есп номерлері, 2-өзім шығардым, 3- тақтадан көшірдім, 4-қиналдым тақырыпшалары жазылады, «екі жұлдыз, бір тілек»


Кері байланыс

смайлик және стикерге жазған пікірлерді параққа ілу арқылы жүреді

Әр оқушы сұрақ дайындайды. Сұрақтарын стикерге жазып, тақтадағы бөлінген екі бағанға өздерінің сұрақтарын өздері бағалап, саралап жапсырады.

Оқушылар тақтада жапсырылған сұрақтарды оқып, өздері жауап беретін сұрақтарды таңдап алады, жауап береді. Оқушылар жауаптарына байланысты түрткі сұрақтар, қайта бағыттау сұрақтары беріледі, жауаптар талқыланады. Оқушылар қойылған сұрақтардың мағынасына қарай нақты не күрделендірілген жауаптар ұсынады.

Оқушылар жаңа сабақ пен өткен үшбұрыштың орта сызығы тақырыбын байланыстыра отырып, олардың қасиеттерін салыстырып, оз ойларын жеткізуде мысалдарды пайдалану арқылы қорытынды жасайды

Оқушы бағалау парағын толтыру арқылы өзін - өзі, «екі жұлдыз, бір тілекпен» бірін-бірі, үш рет шапалақтау арқылы топты бағалайды

Оқушылар кері байланысын смайлик арқылы бүгінгі сабаққа деген көзқарастарын білдірумен және стикерге өз пікірлерін жазумен жүзеге асырады

Оқушы дайындаған сұрақтар тізбесі, стикер, бағанды тақта


Интерактивті тақтада үй тапсырмасы

Бағалау парағы, смайликтер, стикер, кері байланыс парағы

Сабақты талдау

Не сәтті өтті?

Тренинг, ДЖИГСО әдісімен меңгерілген білім, есептер шығаруы, оқушылар дайындаған есеп, сұрақтар, жауаптар, кері байланыс, бағалау

Не сәтсіз өтті?


Нені дамыта аласыз? Нені өзгерткіңіз келеді?



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал