7


Ондық бөлшектерді қосу.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу.Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік мақсаты:Оқушыларға ондық бөлшектерді қосутақырыбын меңгертіп, есеп шығаруға дағдыландыру, оны дұрыс жазып, оқуға үйрету.2.Тәрбиелік мақсаты: Еңбекке баулу, жауапкершілікке, мақсатына жете білуге т
предварительный просмотр материала

Күні ____________ Сыныбы_____ Пәні__________________



Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты:Оқушыларға ондық бөлшектерді қосутақырыбын меңгертіп, есеп шығаруға дағдыландыру, оны дұрыс жазып, оқуға үйрету.

2.Тәрбиелік мақсаты: Еңбекке баулу, жауапкершілікке, мақсатына жете білуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білімділігін арттыру, есте сақтау, ойлау, ауызша, жазбаша есептеу қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, интерактивті тақта, слайд презентация, үлестірме қағаздар.

Сабақтың әдісі:

1.Проблемалап оқыту әдісі, іздену, дамыта оқыту.

2.Деңгейлеп- саралап оқыту.

3.Оқытудың танымдық әдістерін ұйымдастыру әдісі.

Сабақтың құрлымы:

1. Ұйымдастыру.

2. Үй тапсырма тексеру.

3. Қайталау сұрақтары.

4. Жаңа сабақты түсіндіру.

5. Жаңа сабақты бекіту.

6. Үй тапсырма беру.

7. Оқушыларды бағалау.

8. Қорытынды.



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.(сәлемдесу, оқушыларды және оқушылардың құрал- жабдықтарын түгендеу.)

2. Үй тапсырманы тексеру.

3. Үй тапсырманы қортындылау мақсатындағы сұрақтар. Ой қозғау.

1. Бөлшектердің қандай түрлерін білесіңдер?
2. Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін . . . . .
3. Аралас санды аралас санға бөлу үшін . . . . .
4. Ондық бөлшектер неше бөліктен тұрады және оларды ата.
5. Ондық таңбалар дегеніміз?

4. Жаңа сабақ. Ондық бөлшектерді қосу

Ондық бөлшектер ондық Ондық жүйеде жазылатын сандар болғандықтан, оларды қосу натурал сандарды қосу ережесі бойынша орындалады.

1-мысал.
4,21 және 5,47 қосындысын табайық.



Қосылғыштарды баған түрінде қоссақ та, қосынды 9,68-ге тең болады.

+



Ондық бөлшектерді қосу үшін:

1. Ондағы аттас разрядтар бірінің астында бірі тұратындай (үтірдің астына үтір тура келетіндей) етіп баған түрінде жазу керек;

2. Разрядтар бойынша қосу керек;

3. Қосындыдағы үтірді қосылғыштағы үтірлердің астына қою керек.

2-мысал. 3-мысал.

+ +



Ескерту: Ондық бөлшектерді қосуды меңгергенде, жетіспейтін нөлдерді жазып жатпай-ақ, ойша қосып жазған дұрыс.

Ондық бөлшектерді қосқанда, қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері сақталады:

1) а+в=в+а (қосудың ауыстырымдылық қасиеті)

14,25+7,341=7,341+14,25=21,591

  1. (а+в)+с=а+(в+с) (қосудың терімділік қасиеті)

(15,224+8,1)+1,9=15,224+(8,1+1,9)=25,224

5. Жаңа сабақты бекіту. "Алтын қақпа" ойыны.

Ойын шарты бойынша 3 қақпа; яғни тас қақпа, күміс қақпа, алтын қақпа, сонымен бірге алтын сандық болады. Яғни тас қақпада 3 есеп берілген. Осы есептерге 3- оқушыдан шығады. Қайсы оқушы есепті 1-ші шығарып болса, сол жеңімпаз атанады және қақпа ашылады. Осылай ойын жалғасады. Алтын сандықта бір логикалық сұрақ болады.

«Тас қақпа». № 952. Ондық бөлшекті қосыңдар. 5000 тг.

1) 0,07+13,23=13,3 2) 85,07+3,03=88,1 3) 6,3+2,5+0,7=9,5

9,02+4,28=13,3 25,6+0,41=26,01 9,2+3,3+1,6=14,1

18,36+7,14=25,5 56+0,37=56,37 0,1+9,9+1,5=11,5

«Күміс қақпа». № 953. Ең тиімді тәсілмен есепте. 10000 тг.

1) (4+1,8)+2,2=8 2) 0,3+(1,7+2,5)=4,5 3) 8,3+(2,7+8)=19

1,6+(5+3,4)=10 (3,8+6)+4,2=14 10,2+(1,7+4,8)=16,7

(2,41+13)+4,59=20 12,25+(8+3,75)=24 (46,3+18)+4,7=69

«Алтын қақпа». № 954. Ондық бөлшекті қосыңдар. 20000 тг.

1) 8,65+2,34=10,99 2) 6,37+17,45=23,82 3) 11,21+9,3=20,51

9,17+4,33=13,5 9,01+5,66=14,67 6,01+5,2=11,21

0,99+7,11=8,1 3,86+1,25=5,11 3,25+4,7=7,95

«Алтын сандық». Логикалық есеп.

Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды? ( 10 торғай қалды, басқалары ұшып кетті)

Үлестірме қағаздар. 3-оқушы.

1) 0,7+0,3=1 2) 0,4+0,1=0,5 3) 0,26+0,14=0,4

1,2+0,8=2 1,3+0,2=1,5 0,75+0,25=1

3,5+0,5=4 1,1+1,4=2,5 0,91+0,09=1



6. Үй тапсырма беру. № 955.

7. Оқушыларды бағалау.

8. Қорытынды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал