- Учителю
- Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер тарауын қайталау
Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер тарауын қайталау
Сыныбы: 7 сынып. Пәні: Алгебра
Сабақтың тақырыбы: Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты: а) білімділік мақсаты: Оқушылардың натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер тақырыптары бойынша алған білімдерін жалпылап, тиянақтау, арттыру;
ә) дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой - қиялына ерік бере отырып, өз пікірін айтуға, қорытынды шығаруға төселдіру, зейінін дамыту;
б) тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетімен оқуға тәрбиелеу. Логикалық ойлау қабілетін арттыру.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, ауызша есептеулер, тест, сергіту ойындары, даралық, топтық жұмыс, сәйкестендіру тесті, кесте толтыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырмалар жазылған парақшалар, бағалау парақшасы, түрлі - түсті қиылған қағаздар, мадақтаулар жазылған қағаздар
Пәнаралық байланыс: күнделікті өмірмен байланыс
Сабақтың жүрісі: : І Ұйымдастыру
-
«Сағат достар» оқушылар өз жұптарын тауып тапсырмаларды орындайды, қағаздарының артында тұрған сан бойынша 3 топқа бөлінеді;
-
«Алғырлар», «Жүйріктер», «Тапқырлар» деп үш топқа ат беріледі,
-
Бағалау парақшасын тарату.
ІІ Өткен сабақта болған бақылау жұмысының қорытындысын айту
ІІІ Сабақты бекіту
І бөлім «Ой толғаныс» (Сұрақ - жауап)
ІІ бөлім «Қызығушылықты ояту» (айналмалы бекет ойыны)
ІІІ бөлім «Ой шыңдау» (Тест жұмысы)
ІV бөлім «Ой сергіту» (Сергіту сәті)
V бөлім «Ой қорыту» (Оқулықтан деңгейлік есептер шығару)
IV Үйге тапсырма беру
V Қорытындылау
-
Рефлексия
VІ Бағалау
І бөлім «Ой толғаныс»(Сұрақ - жауап. Дұрыс жауап 1 ұпай)
-
Кез - келген санның 0 дәрежесі неге тең? (1 - ге тең)
-
Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту үшін не істейміз? (Негіздері өзгеріссіз қалдырып, дәрежелерін қосамыз)
-
Дәрежені дәрежеге шығару қалай орындалады? (Негізін өзгеріссіз қалдырып, дәрежелерін көбейтеміз)
-
Кез - келген санның 1 дәрежесі неге тең? (Сол санның өзіне тең болады)
-
Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу үшін не істеміз? (Негіздері өзгеріссіз қалдыры, дәрежелерін азайтамыз)
-
у=ах2 фунциясының графигін қалай атаймыз? (парабола)
-
у= ах3 фунциясының графигін қалай атаймыз? (кубтық парабола)
-
у=к/х фунциясының графигін қалай атаймыз? (гипербола)
ІІ бөлім «Қызығушылықты ояту» «Айналмалы бекет» ойыны (1-6 ұпай)
Әрбір топқа жасырынып жатқан есептердің табу жолдарын тұспалдап айтып, әр топ 3 аялдамаға барып есеп шығарады. Бірінші болған команда сыйлыққа ие болады.
№1 тапсырма. Берілген есептен қате есепті тауып минус таңбасын қой.
1 - топқа:
2 - топқа:
3 - топқа:
№2 тапсырма. Сәйкестендіру тесті
1 - топқа: 23 25
52 8
34 216
142 81
63 196
2 - топқа: 34 125
53 729
62 81
93 225
152 36
3 - топқа: 63 16
72 64
52 49
26 25
42 216
№3 тапсырма. Кесте толтыру
1 - топқа:
а
5
9
-7
а2-1
2- топқа:
в
2
3
-2
в3-1
3 - топқа:
с
2
3
-1
с2+1
№4 тапсырма. Бірінші болған топқа сыйлық беру
ІІІ бөлім «Ой шыңдау» (Тест жұмысы. 8 ұпай)
1. Амалды орындаңдар: а8*а5
А) а40 В) а3 С) а13
2. Есептеңдер: 215:212
А) 8 В) 16 С) 6
3. Амалды орындаңдар: х17:х12*х3
А) х8 В) х2 С) х32
4. Есепте: (у5)6
А) у30 В) у11 С) у
5. Есепте: 2-2
А) ¼ В) -1/4 С) -4
6. Өрнектің мәнін табыңдар: а2+3, мұндағы а=2
А) 12 В) 1 С) 7
7. Есептеңіз: 22-52
А) -21 В) 21 С) -6
8. (2/3)-2 санды өрнектің мәнін табыңдар:
А) 4/9 В) 6/4 С) 9/4
№
1
2
3
4
5
6
7
8
Жауаптар
С
А
А
А
А
С
А
С
ІҮ бөлім «Ой сергіту» (Сергіту сәті «Мен қандаймын»)
Оқушылар 1-9 дейінгі цифрларды оң қолымен жазып, сосын сол цифрлардың астына 1-9 дейінгі цифрларды сол қолымен жазады. Болған соң ұқсас цифрларды тауып соған байланысты өзінің қандай екенін біледі.
Ү бөлім «Ой қорыту» (Оқулықтан деңгейлік есептер шығару. Әрбір дұрыс есеп 1-3 ұпай)
№35 есеп (1-3) ІІІ деңгей
№36 есеп (1-3) ІІ деңгей
№37 есеп (1-3) І деңгей
ҮІІ Үйге тапсырма: Шығармашылық жұмыс
ҮІІІ Сабақты қорытындылау
-
Рефлекция (стикерге оқушылар пікірлерін жазу)
ҮІІІ Бағалау