7


  • Учителю
  • Ашық сабақ 'Алгебралық қосынды. ҚОсудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық қосындының мәнін табу. '

Ашық сабақ 'Алгебралық қосынды. ҚОсудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық қосындының мәнін табу. '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтөбе қаласы №56 жалпы орта білім беретін мектеп



АШЫҚ САбақ



Тақырыбы: Алгебралық қосынды. Қосудың ауыстырымдылық және
терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық қосындының мәнін табу.




Класс: 6 «А»

Математика пәні мұғалімі: Турешова Ф.С.

Күні: 17.11.2015





Ақтөбе - 2015

Сабақтың тақырыбы: Алгебралық қосынды. Қосудың ауыстырымдылық және
терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық қосындының мәнін табу.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: алгебралық қосынды, өрнектерді қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып есептеуді меңгерту.
Ә) Дамытушылық: деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыстану қабілетін арттыру, алгебралық қосындыны есептей білу дағдысын жетілдіру.
Б) Тәрбиелік : сабақ барысында оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, шапшаңдыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: үшөлшемдік әдістемелік жүйе
Сабақтың көрнекілігі: презентация, жұмыс дәптері, оқулық, бағалау парақтары, стикер
Оқыту нәтижесі: топқа бөлу барысында жағымды психологиялық ахуал тудырамын. Балалармен бірге топ ережесі құрылады. Тақырыпқа теориялық талдау жасалады. Оқушылар жекелеме,жұппен,топпен жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды, жинақтайды, қортындылайды, бағалайды. Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу Шаттық шеңбері «Жүректен жүрекке» мұғалім бірінші тілек білдіреді Оқушылар тілекті бір-біріне жалғастырып,тілек айтады Топқа бөлу - әртүрлі суреттер таратады, топ ережесін құрады, тақтаға плакат іліп, оқушылар дан: -Топпен жұмыс істеу үшін топ мүшелері қандай ережелерді сақтау керек? т.б. сұрақтар қояды. Алдағы уақыт та осы ережелерді басшылыққа алып,топтық жұмыс жасайтындарын айтады.

Сыныпта оқушылардың қатысуын қадағалау, сынып оқушыларын 4 топқа бөліп отырғызу, топ басшысын сайлау, бағалау парақтары тарату. Оқу құралдарын алып, сабаққа назар аудару;
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген №480, №488 есеп нәтижесі таратылады. Оқушылар бір - бірін тексереді. Бағалау парағына дұрыс жауапқа сәйкес ұпайды жазамыз.
Бағалау парағына назар аударыңдар. Мұнда сабақта орындалатын жұмыстар жазылған, әр жұмыс бойынша оқушылар тиісті ұпай алып отырады. 3. Өткен сабаққа шолу
Ойланайық! Әр топқа 2 сұрақтан қойылады.
1. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?
2.

3. Екі теріс санның қосындысы теріс сан ба, әлде оң сан ба?
4. -7+6,3

5. Таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесін тұжырымдаңдар.
6. 1,5-2

7. Теріс санның модулі үлкен болса, қосынды теріс санба, әлде оң сан ба?
8. - 3,5+4,4

Үш тұғырлы тіл бойынша таңбалар ережесін өмірмен байланыстыра тұжырымдап айту.

+(+)=+ Менің досымның досы менің досым.

+(-)= - Менің досымның жауы менің жауым.

- (+)= - Менің жауымның досы менің жауым.

- (-)= + Менің жауымның жауы менің досым.

4. Жаңа сабақ. Әр топ тапсырма бойынша топта талқылап, талдап, плакатқа топтар кезектесіп жазады. Оқулықпен жұмыс Нақты деректермен жұмыс жасайды. Өзара достық қарым-қатынас құра отырып, бірігіп есептер шығарады. Постер арқылы қорғайды. Топқа берілген тапсырманы орындау барысында бірлесіп шығармашылықпен жұмыс атқарады, өз пікірін еркін білдіреді.

Мысалы, -8+3-5+1 өрнегін «+» таңбасын пайдаланып, (-8)+(+3)+(-5)+(+1) түрінде жазуға болады. Демек, -8+3-5+1=(-8)+(+3)+(-5)+(+1). Сондықтан (-8)+(+3)+(-5)+(+1) немесе -8+3-5+1 түрінде жазылған, құрамында оң сандар мен теріс сандар бар өрнек алгебрадық қосынды деп аталады. Мұндағы -8, +3, -5, +1 - алгебралық қосылғыштар.

Алгебралық қосындыдағы әрбір қосылғыш өзінің таңбасымен оң санды немесе теріс санды өрнектейді. Оң сандардың және теріс сандардың қосындысы түрінде жазылған өрне алгебралық қосынды деп аталады. Мысалы, алгебралық қосындылар:

  1. 5-9+4,6+7-8;

  2. (+18)+(-0,3)+(-2,6)+(+3);

  3. -3а+2-6+4б+9.

Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері рационал сандарды қосуда орындалады.

І. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.

а+b=b+аҚосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.

Кез келген а және b рационал сандары үшін:



Мысалы, -7+(+4)=-3.

4+(-7)=-3. Онда -7+(+4)=4+(-7).

ІІ. Қосудың терімділік қасиеті.

(а+b)+с=а+(b+с).Екі санның қосындысына үшінші санды қосу үшін бірінші санға екінші сан мен үшінші санның қосындысын қосуға болады.

Кез келген а, b және с рационал сандары үшін:

Мысалы, (9+(-13))+(-7)=-4+(-7)=-11;

9+((-13)+(-7))=9+(-20)=-11.

Егер алгебралық қосындыда бірнеше оң сандар және бірнеше теріс сандар болса (Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып), оң сандарды топтап, теріс сандарды топтап бөлек-бөлек есептеуге болады.сонан соң таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесін пайдаланып, қосындының мәнін тапқан тиімді.

5. Оқулықпен жұмыс. Әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі:

1-топ: № 492

2-топ: № 493

3-топ: № 494

4-топ: № 495

6. «Семантикалық кесте». Мұнда теріс сандар жөнінде өз еңбектерінде көрсетіп, алайда өзі ол жайында мойындамаған грек математиктің аты-жөні жасырылған. Ғалым еңбектерінде «теріс» сан шықса, «мүмкін емес» деп тастап кеткен. (Диофант)


0

-1

-50

2,9

-9

-63-(-13)

С

П

Р

О

Д

Т

Е

Ш

К

И

Л

М

Н

Ь

18-27

Ә

Г

Л

Ң

Қ

І

О

-2,5+1,3+4,1

Ң

І

С

У

Ж

Ф

Э

Ү

Ф

Й

А

Б

Ю

З

Ө

Н

В

Я

Ғ

Ы

Д

Т

Ч

П

Х

Щ

Я

Қ



7. ТЕСТ
1) Тура теңсіздікті көрсет:
а) -4 < -5; б) -5 < -7 ; с) -7 < -5
2) Теңдеудің түбірін көрсет: |х|+1=4
а) -5; 5; б) -3; 3; с) -3
3) -(-(-(-7))) неге тең?
А) 7; б) - 7; с) 0
4) -30; 0,2; -9 сандарының қайсысының модулі үлкен?
А) 0,2; б) -9; с) -30
5) -20; 0,4: -7,4 сандарының қайсысының модулі кіші?
А) -20; б) 0,4; с) -7,4



Дұрыс жауабы

1

2

3

4

5

С

Б

А

С

Б

8. «Балық қаңқасы». Оқушыларға сұрағымен қоса жауабы берілген стикер (тақырыпқа байланысты есептер, сұрақтар жазылған) таратылады, «балық қаңқасына» сәйкестендіріп жабыстыру керек.

9. Сергіту сәті: « Сағат » тілек айту 1-қолыңызды қысыңыз 2-арқасынан қағыңыз 3-күлімсіреңіз 4-қол бұлғаңыз 5-көзіңізді қысыңыз 6-мақтау айтыңыз 7-басынан сипаңыз 8-тілек айтыңыз 9-қол ұстасып секіріңіз 10-құшақтасыңыз 11-шынтақпен амандас 12-алақанды түйістір

Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Қандай өрнек алгебралық қосынды деп аталады?

2. Қосудың ауыстырымдылық қасиетінің тұжырымдамасын айтыңдар.

3. Қосудың терімділік қасиеті әріптермен қалай жазылады?

4. Таңбалар ережесін тұжырымдап айтып беру.

Сабақты қорытындылау: Топтағы оқушылар бір-бірін бағалайды. Жинаған ұпай санын жинақ экранына жазу. Ұпай санын жинақ экранына жазады.

Рефлексия (Сабақ ұнады ма? Не қызықты болды? Не қиын болды?)

Оқушылар пікірлерін жазып, табыс ағашына іледі.

Үйге тапсырма: № 497 (В тобынан), №502 (С тобынан)

Бағалау парағы


Оқушының

аты-жөні

Үй тапсырмасының орындауы


Топта сөйлеп,идея айтқандығын бағала

класта есеп шығарғандығы

«Семантикалық кесте»

тест

«Балық қаңқасы»

Деңгейлік тапсырма

барлығы

баға

480

488

1

488

2

488

3

17-22 балл ----------------- «5» баға

12-16 балл --------------- «4» баға

4-11 балл --------------- «3» баға

0-3 балл --------------- «2» баға



Топ басшысы _________________________________________



Бағалау парағы


Оқушының

аты-жөні

Үй тапсырмасының орындауы


Топта сөйлеп,идея айтқандығын бағала

класта есеп шығарғандығы

«Семантикалық кесте»

тест

«Балық қаңқасы»

Деңгейлік тапсырма

барлығы

баға

480

488

1

488

2

488

3

17-22 балл ----------------- «5» баға

12-16 балл --------------- «4» баға

4-11 балл --------------- «3» баға

0-3 балл --------------- «2» баға



Топ басшысы _________________________________________





Ақтөбе қалалық №56 жалпы орта білім беретін мектептің математика мәні мұғалімі Турешова Фариза Серікбайқызының «Алгебралық қосынды.Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық қосындының мәнін табу» тақырыбындағы мақаласына



ПІКІР



Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Оқушының белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты арнайы педогогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектік, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру. әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін, математикалық білімін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады.

Сабақтың негізгі мақсаты алгебралық қосынды, өрнектерді қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып есептеуді меңгерту, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыстану қабілетін арттыру, алгебралық қосындыны есептей білу дағдысын жетілдіру, сабақ барысында оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, шапшаңдыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

«Алгебралық қосынды. Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық қосындының мәнін табу» тақырыбындағы мақаласы мектептегі математика пәні мұғалімдеріне қолдануға болатындықтан және баспаға ұсынылды.


«Өрлеу» БАҰО АҚ

Ақтөбе облысы бойынша

ПҚБАИ аға оқытушысы

ғылым магистрі М.Ш.Нұрмұханбетова



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал