7


  • Учителю
  • Геометриялық фигуралар. Периметр. Аудан.

Геометриялық фигуралар. Периметр. Аудан.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Тақырыбы: Геометриялық фигуралар. Периметр. Аудан.

Мақсаты: оқушылардың геометриялық фигуралар туралы білімін, геометриялық фигуралардың периметрін және ауданын есептеу тәсілдерін жетілдіру.

Көрнекілігі: сызба, геометриялық фигуралар.

Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап. Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу. Сабақтың қожайыны - оқулық, оның көмекшілері - дәптер, қалам, сызғыш, қарындаш және белгі карточкалары. Баланың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 2, 7. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)

ІІІ. Мақсат қою

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру:

1). Ауызша жұмыс. а). Фигураларға қара. Аттарын ата.

ә) Ауызша есептеулер. 1. Сөйлемнің қайсысы дұрыс?

А). Тіктөртбұрыштың ауданы - бұл оның қабырғаларының ұзындығының қосындысы.

Ә). Тіктөртбұрыштың периметрі - бұл оның өзіне сыйғызатын аудандар бірлігінің саны.

Б). Шаршының периметрін табу үшін оның қабырғасын 4 есе арттыру керек.

Ү. Сабақтың тақырыбымен жұмыс.

1). № 1. Ауызша орындау. 12 ∙ 1 = 12 1000 : 1 = 1000 700 : 1 = 700

2). Геометрияның даму тарихынан үзінді: «Геометрия» сөзі грек тілінен шыққан. «Гео» - жер, «метео» - өлшеймін. «Геометрия» Ежелгі Мысырда біздің дәуірімізге дейін 2000 жылға жуық бұрын, яғни 4000 жыл бұрын туған. Египет перғауыны әрбір мысырлыққа азғантай жер бөліп берген, олар перғауынға жер үшін салық төлеп отырған. Бірақ Ніл өзені ылғи тасып, жер телімдерін басып қала бергеннен кейін, перғауын жер телімін қаншалықты кішірейіп қалғанын, соған сай енді қанша салық салу керектігін білу үшін жер өлшегіштерді жіберіп отырды. «Геометрия» Мысырда осылай туып, одан басқа елдерге тараған.

Ежелгі Грекия мысырлықтардан олардың геометриялық білімдерін үйренді. Нақ Ежелгі Грекияда «Геометрия» логикалық талдау және дәлелдеу жүйесімен ғылым ретінде қалыптасты. Бұл ғылым геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ғылымға айналды.

№ 2. Ауызша талдау.

- Тіктөртбұрыштың ұзындығын а, ал енін в деп белгілеңдер. Әріптердің көмегімен тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін тауып, жазыңдар.

Р = (а + в) ∙ 2 S = а ∙ в

№ 3. Түсіндіріп шығару. Ауданы белгілі тіктөртбұрыштың ұзындығы мен енінің мүмкін нұсқаларын тап. Р = (25 + 5) ∙ 2 = 100 (см) S = 25 ∙ 5 = 125 (см2)

№ 4. Есепті шығару.

6 жәшікте - 108 кг Ш: 162 : (108 : 6) = 162 : 18 = 9

? жәшікте - 162 кг Ж: 9 жәшік керек. (кері есеп құрастыр)

Сергіту сәті.

Қостық біз, көбейттік біз,

Қатты шаршап кеттік біз.

Кәне, тұра қалайық,

Қимылдасын қол-аяқ.

Кірпікті де қағайық,терең демді алайық,

Орнымызға отырып,

Сабаққа назар салайық.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1). № 5. Ауызша. Кестенің әр қатары бойынша есеп құрастыр және оларды шығар.

2). № 6. Тақтада түсіндіріп. Белгісіз санды х-пен белгілеп, теңдеу жаз және оны шеш.

Х + 25 = 725 х ∙ 7 = 84

Х = 725 - 25 х = 84 : 7

Х = 700 х = 12

700 + 25 = 725 12 ∙ 7 = 84

ҮІІ . Сабақтың қорытындысы: 1). Жұптық жұмыс. № 7. Тапсырманы орында. Әр қораптан кез келген цифрды алып, үш таңбалы сандар құрастыр және оларды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.

911, 508, 704, 457, 694, ... 911 - 9 жүздік 1 ондық 1 бірлік.

2). - Бүгінгі сабақтан нені үйрендіңдер? - «Геометрия» туралы не білетін болдық?

- Периметрді, ауданды қалай табамыз?

ҮІІІ. Үйге тапрсыма : № 8, 13 бет. Бағалау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал