7


Математика және біз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Қазақстан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық ұйымдарында, олардың меншіктік формасын, типіне және түріне тәуелсіз « Математика » пәні бойынша оқыту сапасын бақылауды жүзеге асыру кезінде - мемлекеттік білім стандарттын орындау - қоғамның жоғары
предварительный просмотр материала

Бекітемін: Келісемін: Қаралды:

Утверждаю: Согласовано: Рассмотрено:

Мектеп директоры ОІ меңгерушісі ӘБ отырысында

Қаулы №

__________________ ________________ ______________

Кәкімова Г.Е. Дайырбекова К.Б.

«_____»_________2013ж «____»_________2013ж «____»_________2013ж



Математика пәнінен

5 сыныпқа арналған «Математика және біз» атты факультативтік курс бағдарламасы



2013-2014 оқу жылы

ТҮСІНІК ХАТ

Қазақстан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық ұйымдарында, олардың меншіктік формасын, типіне және түріне тәуелсіз « Математика » пәні бойынша оқыту сапасын бақылауды жүзеге асыру кезінде

- мемлекеттік білім стандарттын орындау
- қоғамның жоғары деңгейде ақпараттандырылуы, ақпараттық техника мен технологиялардың кеңінен қолданылуы математиканы оқыту барысында оқушылардың алгоритмдік мәдениетін дамытуды талап етеді.
« Математика » пәні мектептің төменгі сатысында жаратылыстану - математикалық бағытта оқытудың бағдарын анықтайтын көтеріңкі деңгейде оқытылатын пәндер қатарына жатады.
Математиканың негізі 5 сыныпта қаланғандықтан, осы 5 сыныпқа арналған факультативтік курстың ұсынылып отырған бағдарламасын дайындадым.

Мақсаты

- оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру
- оқушылардың интеллектуалдық ойын дамыту.
- математикадан алған білімдерін тереңдету;
- математикалық іс-әрекетке тән және қоғамды толыққанды қызмет етуге қажетті ойлау сапасын қалыптастыру
- қиын және стандартты емес есептерді шешуде психологиялық дайындығын қалыптастыру.
Міндеті
- ақыл - ой еңбегін мәдениетіне енетін дағдылар мен тәсілдерді, олардың іс - әрекеттің басқа салаларына қолдануды, білімді өз бетімен меңгеру іскерлігін қалыптастыру;
- әр түрлі типтегі есептерді шешумен таныстыру;
- оқушының шығармашылық ойлауы ақпаратқа сыни көзқарасы, ізденушілік қабілетін қалыптастыру.
Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

Оқушылар аталған курсты оқып - үйрену нәтижесінде мынандай міндетті дайындық деңгейін бейнелейтін біліктерді игеруі тиіс:

- 2-ге 3-ке, 9-ға, 5 -ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін есепке қолдана білу;
- жай бөлшектерге амалдар қолдана білу;
- ондық бөлшектерге амалдар қолдана білу;
- процент берілген есептерді шығара білу;
- лезде көбейту мен бөлуді білу;
- логикалық есептерді шығара білу.


Курстың оқу-тақырыптық жоспары

/аптасына 1 рет, барлығы 34 сағат/

Тақырыбы

Сағат саны

Күні

Ескерту

1

Кіріспе.
Математика ғылымы, оның мақсаты

1

4.09


2

Математикалық терминдер

1

11.09


3

Санау жүйелері. Оларға амалдар қолдану

1

18.09


4

Санның 4,6,7,8,11,12,13,25,50 бөлінгіштік белгілері

1

25.09


5

Арифметикалық ребустар

1

2.10


6

Үш тоғыздық (999)

1

9.10


7

Шехерезада саны

1

16.10


8

Алты (111111) бірлік

1

23.10


9

Теңдеу құрып шығаратын есептер

1

30.10


10

Тоғыз цифрлар(111111111,222222222,…). Цифрлар баспалдағы

1

13.11


11

Магиялық сақиналар

1

20.11


12

Сіріңкілермен "ойша санау"

1

27.11


13

Лездік бөлу. Сүйікті цифрлар

1

4.12


14

Сиқырлы квадраттар

1

11.12


15

"Ақбота", "Кенгуру" ойындарында бөлінгіштікке берілген есептер

1

18.12


16

"Ақбота", "Кенгуру" ойындарында бөлінгіштікке берілген есептер

1

25.12


17

Жай бөлшектермен амалдар орындау

1

15.01


18

Көбейтудің "орыс" әдісі

1

22.01


19

Логикалық жаттығулар

1

29.01


20

Қималармен жүргізілетін жұмыстар

1

5.02


21

Аралас сандарға амалдар қолдану

1

12.02


22

Аликвоттық бөлшектер

1

19.02


23

Ондық бөлшектерді қосу

1

26.02


24

Ондық бөлшектерді азайту

1

5.03


25

Ондық бөлшектерді көбейту

1

12.03


26

Ондық бөлшектерді бөлу

1

19.03


27

Ондық бөлшектермен амалдар орындаудың тиімді тәсілдері

1

2.04


28

Координаталық сәуле

1

9.04


29

Сандарды дөңгелектеу

1

16.04


30

Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы

1

23.04


31

Процент

1

30.04


32

Процентке байланысты қызықты есептер

1

7.05


33

Дөңгелек диаграмма

1

14.05


34

Қорытындылау сабағы

1

21.05

Әдебиеттер тізімі:


1. А.Е. Алдамұратова « Математика » 2010 жыл
2. Н.Я. Виленкин « Математика » 2010
2. Т.Н. Бияров «Элементар математика есептерінің жинағы» 1992 жыл
3. Е.А.Тұяқов «Оқушы анықтамасы» 2005 жыл
4. « Математика және физика журналы» 2012 жыл


Ақтоғай ауданы Жалаулы орта мектебінің математика мұғалімі Сейтқалиев А.Ұ.-ның 5 сынып оқушыларына арналған «Математика және біз» атты факультативтік курс бағдарламасына

ПІКІР


Қазіргі оқу бағдарламасына сәйкес жаратылыстану бағыты бойынша математика пәнінен 5 сыныпқа арналған «Математика және біз» атты факультативтік курс бағдарламасы 4 беттен тұрады және аптасына 1 сағатқа, жылына 34 сағатқа есептеліп жасалған.

Сейтқалиев Алмас Ұзақбайұлының « Математика және біз» факультативтік курс бағдарламасы қолданбалы математика ғылымына байланысты мәні бар еңбек боп табылады. Бағдарламаның тиімділігі бейінді-бағдарлы сыныптарда оқушының теориялық білімін өмір қажеттіліктерімен, заман талаптарымен байланыстыра отырып, кәсіби бағдар беруге бағытталуында. Ұстаз өз тәжірибесінде жинақтаған және өзі ой түйген мәселелерді оқушының ғылымға қызығушылығына, рухани дүниесін байыта отырып жеке тұлға ретінде шығармашылылықпен жұмыстануға мүмкіндік туғызады.

Мектептің математика курсы тұрғысынан факультативтік курс бағдарламасы пәнді оқытуға өзіндік үлес қосатын методикалық құрал ретінде құнды деп есептеймін.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал