- Учителю
- Разработка урока математики в 8 классе
Разработка урока математики в 8 классе
Мерзімі: _________ Сыныбы: 8 Пән Алгебра
№______
Сабақтың тақырыбы: Виет теоремасы
Мақсаты: Квадрат теңдеу коэффициенттері мен оның түбірлерінің арасындағы байланысты сипаттайтын Виет теоремасын, оған кері теореманы және а+в+с=0 жағдайын қарастырып, оларды есептер шығаруға қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру. Алған теориялық, практикалық білімдерін тиянақтау.
Міндеттері: Формулаларды практика жүзінде қатесіз, тиімді пайдалана білу.
Ойлау қабілеттерін және білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру.Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайд, таратпа қағаздар, формулалар
Сабақтың барысы:
- Бүгін біз Виет теоремасын қолдану арқылы топтаса отырып есептер шығарамыз.
І . «Қызығушылықты ояту»
1-флипчарт: сөзжұмбақта берілген тапсырмаларды дұрыс орындаса, француз математигінің фамилиясы шығады.
к
в
а
д
р
а
т
д
и
с
к
р
и
м
и
н
а
н
т
к
о
э
ф
ф
и
ц
и
е
н
т
т
о
л
ы
м
с
ы
з
Сұрақтар:
-
ах² +вх+с =0, (а =0) теңдеуі қалай аталады? (квадрат)
-
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласындағы түбір астындағы өрнек? (дискриминант)
-
Квадрат теңдеудегі а және в. (коэффициент)
-
Квадрат теңдеудің дербес түрі? (толымсыз)
2-флипчарт: оқушы Франсуа Виет туралы мағлұмат береді.
ІІ. Ой-толғаныс
1.Өткен материалды еске түсіру.
Виет теоремасы және кері теоремасы қалай айтылады?
Берілген түбірлері бойынша квадрат теңдеу құрыңдар:
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
х1
2
1
6
0,2
4
-2,1
х2
3
-3
2
-0,4
3
2
х1 + х2
х1 * х2
Теңдеу
2. Мағынаны ажырату.
Деңгейлік тапсырмаларды топта орындайды. Тапсырмаларды бір-біріне түсіндіріп, әр топтан оқушылар есепті тақтаға шығарады.
Берілетін тапсырмалар:
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
А
Берілген түбірлері бойынша квадрат теңдеу құрыңдар:
2;7
-1; 4
-3; -4
В
Теңдеудің бір түбірі 1-ге тең болса, онда екінші түбірді табыңдар:
х²-6х+5=0
х²-19х+18=0
х²+17х-18=0
С
Түбірлері берілген теңдеудің түбірінен 2-ге артық болатын квадрат теңдеу құрыңдар:
6х²-5х+1=0
8х²+6х+1=0
4х²+9х+2=0
ІІІ. Сабақты бекіту. (Интерактивті тақтада дұрыс тұжырым болатындай бос орынды толтырады)
-
х²+рх+q=0 теңдеу ... квадрат теңдеу деп аталады?
-
Егер х1 және х2 х²+рх+q=0 теңдеуінің түбірі болса, х1 + х2 = ... ,
х1 * х2= ...
3) х²+рх+q=0 квадрат теңдеудегі р ... коэффициент, р ... деп аталады?
Үйге тапсырма: §8. №159
Бағалау.