7


  • Учителю
  • Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шығару (6 сынып)

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шығару (6 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу алгоритмі есептер шығару барысында қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру, яғни екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шеше білу дағдыларын дамыту.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту

Тәрбиелік:Оқушыларды әділдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

І кезең. Ұйымдастыру кезеңі.

Бастары компьютердей
Бойлары бәрі бірдей
Жастықты бірге өткізген
Құрбыларға өрімдей - сәлем!

Математика -ғылымдардың патшасы

К. Гаусс

І кезеңі «Математика + Астраномия» . Бүгінгі сабақ жұлдыздар арқылы бағаланады, яғни дұрыс жауап берген оқушыларға жұлдыз беріледі.

ІІ кезең «Математика + Информатика» . (5-7 мин). (Венн диаграммасын қолдану арқылы)

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шығару үшін программа немесе алгоритм жасау керек. Флипчат жасау үшін: Алгоритм шашылды ретмен жинақтаңдар және есептеп шығарған жүйесін де жинақтаңдар :

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу үшін:

  1. айнымалылардың біреуінің коэффициенттері (бірінші және екінші теңдеудегі) қарама-қарсы сандар болатындай көбейткіштерге (көбейткішке) жүйенің теңдеулерінің екі жағын да (бір теңдеуін) көбейту керек;

  2. жүйе теңдеулерінің оң жақтарын және сол жақтарын мүшелеп қосып немесе азайтып, оны бір айнымалысы бар теңдеуге айналдыру керек;

  3. шыққан бір айнымалысы бар теңдеуді шешіп, айнымалының біреуінің мәнін табу керек;

  4. айнымалылардың біреуінің табылған мәніне сәйкес екінші айнымалының мәнін табу керек

І топ

теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешейік.

Теңдеулердің сол және оң жақтарын мүшелеп қосайық:



Берілген жүйенің бір теңдеуін 9х=36 теңдеуімен алмастырайық. Сонда алғашқы берілген теңдеулер жүйесімен мәндес


теңдеулер жүйесі шығады, ондағы бірінші теңдеуден х=4.

х-тің мәнін жүйенің екінші 6х+2у=30 теңдеуіне қойсақ:

6 • 4+2у=30, 24+2у=30, у=3.

Теңдеулер жүйесінің бір ғана х=4, у=3 шешімі бар.

Қысқаша:

9х = 36,

х=4; 6 • 4+2у=30, 2у=6, у=3.

Жауабы: х=4; у=3

ІІ топ:

2-м ы с а л



теңдеулер жүйесін шешейік.

Теңдеулердің біреуінің екі жағын да -1-ге көбейтіп, теңдеулерді мүшелеп қосу керек немесе теңдеулердің біреуінен екіншісін азайту керек:

немесе

у-тің табылған мәнін жүйедегі теңдеулердің кез келген біреуіне қоямыз.



Мысалы:





Жауабы: х=3; y=2

ІІІ топ: 3-м ы с а л

теңдеулер жүйесін шешейік.

Теңдеулер жүйесіндегі айнымалылардың біреуінің коэффициенттері қарама-қарсы сандар болатындай көбейткіштерді таңдап алу керек. Сонан соң теңдеулердің әрқайсысының екі жағын да тиісті көбейткіштерге көбейтіп, берілген жүйені мәндес жүйемен алмастыру керек. 3- мысалдағы теңдеулер жүйесінің бірінші теңдеуінің екі жағын да 7-ге, екінші теңдеуінің екі жағын да -2-ге көбейту керек:

сонда



у-тің табылған мәнін жүйедегі теңдеулердің кез келген біреуіне қоямыз.

Мысалы:





Жауабы: х=5; y=2

«Математика + География» (10 мин)

Балалар қазіргі заманда адам өміріне энергия қажет екенін күнделікті тіршіліктен байқап жүрсіңдер. Сол себепті 2017 жылы еліміздің Астанасында әлемнің түркір-түпкірінен келіп осы энергияны зиянсыз табиғи жолмен өндіруге байланысты ЭХПО 2017 көрме өткізгелі жатыр. Қазіргі таңда энергияны ІІІ жағдайда өндіруге тырысып жатыр: Жел , су және күн арқылы

Сендердің сыныпта орындалатын тапсырмаларың да үш энергия болады .

І топ: Жел арқылы өндірілетін энергияны өндіру деп аталады.

жауабы: х=3, у=5



ІІ топ: Су арқылы өндірілетін энергияны өндіру деп аталады

жауабы: х=6, у=1



ІІІ топ:Күн арқылы өндірілетін энергияны өндіру деп аталады

жауабы: х=4, у=-2

«Математика + Биология» (10 мин)

Теңдеулер жүесін шешіп, құрлықтағы ең үлкен жануар сусиыры туралы мағлұматтар аласыңдар. Х-тің мәні сусиыр аузының қанша градусқа ашылатынын; у-тің мәні сусиырдың ауыз жақтарының қанша сантиметрге ашылатынын береді.

Жауабы: 180º ; 120 см

Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. Р.Бэкон

Балалар,

біз бір - бірімізге көмектесе отырып, біздің бекетімізге де жеттік.
Бірақ бұл соңғы бекет емес, бұл тек қана аялдама.
Біз барлығымыз білім жолының басында тұрмыз. Бізді алда қызықты және керемет сәттер күтіп тұр.

Белсене қатысқандарыңыз үшін, сіздерге шығармашылық табыс тілеймін.
Сабағымызды кері байланыс арқылы аяқтаймын.
Стикер арқылы оқушылар өз ойларын жабыстырып кетеді.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал