7


  • Учителю
  • Виет теоремасы 8 сынып қазақша

Виет теоремасы 8 сынып қазақша

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мұхит атындағы ОЖББМ




8 «б» сыныбы





2014-2015 оқу жылы

Уақыты: 13.12.14

Сабақ № 41

Сабақтың тақырыбы: Виет теоремасы

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың квадрат теңдеуді шешу дағдыларын жинақтау, жүйелеу. Квадрат теңдеу коэффициенттері мен оның түбірлерінің арасындағы байланысты сипаттайтын Виет теоремасын, оған кері теореманы есептер шығаруға қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру.

2. Дамушылық: Формулаларды практика жүзінде қатесіз, тиімді пайдалана білу.Әрбір жеке тұлғаның ақыл - ойының дамуын, есептеу дағдыларын жетілдіру, өз ойын жеткізе білу, ой өрісін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше

еңбектенуге, математикалық іс - әрекеттерін қалыптастыру. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайд, таратпа қағаздар, формулалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. оқушыларды түгендеу;

  2. оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

  3. сабаққа назарын аудару;

  4. сабақтың мақсаты мен міндетін баяндау;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Берілген семантикалық картадағы теңдеулердің түрін анықтау.

Теңдеу

Толық

Толымсыз

Келтірілген

1. х2+8х+3=0

+

+

2. 6х2+9=0

+

3. х2-3х=0

+

+

4. -х2-2х+4=0

+

5. 3х+6х2+7=0

+

Сөзжұмбақ шешу арқылы бүгінгі сабағымызға негіз болатын теореманы ашқан француз математигімен танысамыз.


к

в

а

д

р

а

т

д

и

с

к

р

и

м

и

н

а

н

т

к

о

э

ф

ф

и

ц

и

е

н

т

т

о

л

ы

м

с

ы

з

Сұрақтар:

  1. ах² +вх+с =0, (а ≠0) теңдеуі қалай аталады? (квадрат)

  2. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласындағы түбір астындағы өрнек? (дискриминант)

  3. Квадрат теңдеудегі а және в. (коэффициент)

  4. Егер теңдеуде (в) немесе (с) коэффициенті нөлге тең болса, теңдеу қалай аталады?

- Бүгін біз Виет теоремасын қолдану арқылы топтаса отырып есептер шығарамыз.

Сиқырлы жапырақтар. Берілген теңдеулердің арасынан толық квадрат теңдеуді тауып, дискриминантын табу.

Қатесін тап. Слайдта көрсетілген анықтамалардың қатесін табу.

Әр дұрыс жауапқа оқушылар өздерін 1 ұпаймен бағалап отырады.

ІІІ. Негізгі бөлім:

Деңгейлік тапсырма

А-деңгейі Әр дұрыс есеп 1 - ұпай

  1. Квадрат теңдеудің коэффициентерін атаңдар:

2. a, b, c-ның мәндері белгілі. теңдеуін құрыңдар.

В-деңгей Әр дұрыс есеп 2 - ұпай

Виет теоремасы арқылы есептеу:

С-деңгей Әр дұрыс есеп 3 - ұпай

Берілген мақал - мәтелдердегі сандарды теңдеудің түбірлері ретінде алып келтірілген квадрат теңдеу құрыңыз:

Мақал - мәтелдер

Түбірлер

Теңдеу

Білімді мыңды жығады, білікті бірді жығады.

1, 1000

Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

1, 7

Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді.

6, 4


ІҮ. Қорытынды.

Формулаларды анықтау

Ү. Бағалау.

Бағалау дискрипторы:

Ұпай саны

0-14

15-20

21-29

30-33

Баға

2

3

4

5




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал