- Учителю
- Урок Тригонометриялық тепе-теңдіктерге есептер шығару
Урок Тригонометриялық тепе-теңдіктерге есептер шығару
|
Пән: алгебра | ||
Сабақ тақырыбы |
Тригонометриялық тепе-теңдіктерге есептер шығару | ||
Сілтеме |
Алгебра 9-сынып.А.Әбілқасымова В.Корчевский, З.Жұмағұлова | ||
Мақсаты |
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктердің шығу жолымен танысып және негізгі формулаларды қолданып , бір тригонометриялық функцияның мәні бойынша қалғандарының мәнің табуға есептер шығаруды үйрету
| ||
Міндеттері |
1) Тригонометриялық тепе-теңдіктердің негізгі формулаларын меңгеру, түрлі жұмыстар арқылы оқушының білімін жетілдіру 2)оқушылардың білім дағдыларын жинақтау, шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; 3)жинақылыққа, пікір айта білуге, белсенді жұмыс жасауға жұмылдыру | ||
Күтілетін нәтиже |
Тригонометриялық тепе-теңдіктердің формуласын оқиды, түсінеді,түсіндіреді. Формулаларды қолданып есептер шығарады. Топтық жұмыс арқылы оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнайды, белсенді жұмыс істеуге дағдыланады. | ||
Сабақтың түрі |
Сындарлы оқыту | ||
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар |
Оқулық, таратпа материалдар, тірек-сызбалар,интерактивті тақта,постер,маркер, стикер. | ||
Әдіс-тәсілдер |
Жұптық, топтық жұмыс, диалог, сын тұрғысынан ойлау, өзіндік бағалау | ||
Сабақтың эпиграфы: |
Халықты халықпен теңестіретін, адамды адаммен теңестіретін - білім. М.О.Әуезов. | ||
|
Сабақтың барысы | ||
Ұйымдастырыу |
Сәлемдесу; Түгендеу; Топқа бөлу; Жағымды психологиялық ахуал туғызу; Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін анықтап алу | ||
Үй тапсырмасын тексеру |
Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою, сәйкестіру тест | ||
Бөлімі |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті | |
Білу
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау |
Тригонометриялық тепе-теңдіктердің негізгі формуласы жайлы не білемін деп ойлайсыңдар? Сол жайлы көршіңмен ой бөлісіп, топта талқылаңдар, пікірлесіңдер. Шағын топтарда талқылап, лидерге сөз беріңдер. 5 минут уақыт беріледі. Бекіту сабағы: Алдымен сабағымыздың мақсатын айқындап алайық. - Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді еске түсіру.Бір аргументке тәуелді тригонометриялық функциялар арасындағы қатынастарды өрнектейтін тепе-теңдіктерді есептер шығару барысында қолдану |
Бұрыштардың тригонометриялық функциясы, тригонометриялық функциялардың анықталу облысы, мәндер жиыны, жұп және тақ тригонометриялық функциялар туралы өткендерді еске түсіріп, пікірлеседі, ой бөліседі, қорытындысын айтады.
Жаңа сабақтың мақсатын айқындайды. | |
Түсіну
|
|
1-3сандары бойынша топқа бөлінеді. Топтың аттары : Синус, косинус, тангенс. 1.Тапсырмамен танысады 2.Жұбына түсіндіреді 3.Сұраққа жауап береді, өзі сұрақ қояды. 4.Тақырыпты түсіндіреді. 5.Өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп, топтың тақырыпты меңгергенін өзі сұрақ қойып тексереді. 6.Топтар бір-біріне сұрақ қояды 7.Жеке оқушымен жұмыс. | |
Қолдану |
Тақтамен жұмыс.Тригонометриялық тепе-теңдік формулаларын қолданып есептер шығару. Тапсырма:А тобы № 422, №423(1,2), В тобы №425,№427 С тобы №433
|
Зерттейді,ізденеді, талдайды,түсінеді | |
Сергіту сәті |
Сан - амал - сан ойыны арқылы ой сергітеді. |
Тыңдау арқылы есеп шығару арқылы ой сергітеді | |
Талдау |
Өрнектің мәнін табыңдар Тепе-теңдікті дәлелдеңдер
|
Формуланы қолданып есептер шығарады, талдайды. | |
Жинақтау |
Тест алу |
Білімдерін жинақтап, қорытады. | |
Бағалау |
Оқуды және оқыту үшін бағалау: екі жұлдыз, бір тілек;Бағалау парағы Формативті, өзін- өзі бағалау Мұғалімнің бақылауы |
Бағалау критерийлері арқылы өздеріне баға береді. | |
Кері байланыс |
Үміт ағашына стикер парағын жапсыру арқылы бағалау |
Оқушылар өз пікірлерін жазады. | |
Үйге тапсырма |
§ 5 Формуланы жаттау А тобы № 424 |
Жан-жақты ізденеді |