- Учителю
- Логикалық ойлау қабілетін дамыту 4-сынып
Логикалық ойлау қабілетін дамыту 4-сынып
4 сынып, ПДТ, дара жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Логикалық ойлау қабілетін дамыту
Сабақтың мақсаты: 1. Қолдың ұсақ маторикасын жаттықтыру
2. Есте сақтау қабілетін дамыту
3. Оқушыны адамгершілікке тәрбиелеу
Дидактикалық материалдар мен құралдар: кесте -кілт, қоян және мысықтың сурет үлгісі, желім, сіріңке шиі, қатты қағаз
І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа тапсырмалар орындау.
1 - тапсырма. Мына кестеге назар аударыңыз! Бұл кестеде бірінші қатарда сандар тізбегі, және екінші қатарда әріптер жазылған. Әріптердің көмег і арқылы жасырылған сандарды тауып, есепті шығарайық.
ПТ - ОМ= МП+ВС=
ВП + ВВ= ЕП+ОА+КК=
Шыққан сандарды есте сақтап алықыз!(38, 50, 44, 132)
2 - тапсырма. Келесі кестеге назар аударайық! Бұл кесте де жаңағы кестеге ұқсас, тек бұл кестеде сандарды қолдану арқылы сөздерді табамыз.
2, 5 5, 12, Л, 1, 3
11, 7, 8, 7, 4 10, 6
8, 2, 7, Р 4, О, 9, Н (ит, мысық, сиыр, түлкі, аю, қоян)
Қандай сөздер шығады екен ? Олардың қайсысы үй жануарларына кайсысы жабайы аңдарға жататынын атап беріңіз.
IV. Сергіту сәті.
Кел балақай ойнайық,
Орнымыздан тұрайық.
Қолды қойып бұйірге,
Жаттығулар жасайық.
Оңға, солға қараймыз,
1, 2, 3 жарайсыз !
Серігіп бір алдық біз,
Кел балақай оқылық!
3 - тапсырма. Алдыңғы тапсырмада шыққан сандарды естеріңізге түсіріп көріңіздер. Қандай сандар еді ? Олар 38, 50, 44, 132. Осы сандарды өсу ретімен атап беріңіз.
</ 4 - тапсырма. 132 тал cіріңке шиін санап алып, оларды 44, 50, 38 ге бөліп, үлгідегідей 44 ши пайдалану арқылы қоянның сұлбасын жасап, қатты қағазға желіммен жабыстыр.
V. Оқушыны бағалау. Ауызша
VI. Үй тапсырмасы. Мысықтың сұлбасын 50 ши пайдалану арқылы жасап, қағазға желіммен жабыстыр.