- Учителю
- Урок для начальных классов 'Ағаштар'
Урок для начальных классов 'Ағаштар'
Тақырыбы: Ағаштар
Мақсаты: ағаштар жайында білімдерін жетілдіру, олардың құрылысын атау, балаларға ағаштардың сыртқы белгілеріне қарай ажыратуға үйрету.
Көрнекілігі: түрлі ағаштар мен оның жапырақтарының суреттері.
Сабақтың барысы:
1.Ағаштар туралы түсінік беру.
2.Тақырыпқа байланысты жұмбақ жасыру.
Өсімдіктер үш топқа бөлінеді : ағаштар, бұталар, шөптер.Соның ішінде біздер ағаштарға тоқталайық.Ағаштар бір ғана маусым емес, бірнеше жыл, кейде бірнеше ғасырға дейін өмір сүреді.Ағаштар күзде жапырақтарынан айырылып, қыста жалаңаш тұрады.Тек шыршалар сияқты ине тәріздес жапырақтары бар ағаштар суықтан қорықпайды, қысы-жазы жасыл қалыпында сақталады.Ағаштардың көп өскен жері орманды алқап деп аталады.
-Балалар, жапырақты ағаштарды атайық ( қайың, емен,терек,үйеңкі т.б)
-Қылқанды ағаштарды атайық ( шырша, қарағай)
-Ағаштар қайда өседі? (орманда, бақта, бақшада, саябақта)
-Ағаштардың құрылысын білеміз бе? ( тамыры,діңі, бұтақтары, сабағы, бүршіктері, жапырақтары.
Әрбір ағаш туралы қысқаша түсінік.
Ақ қайың
Алатауды бөктерлей,
Өседі ылғи ақ қайың.
Жапырағы көкпеңбек,
Жайқалады жаз сайын.
Ақ қайың- діңі жіңішке, биік өсетін, ақ түсті, жапырақтары дөңгелек пішінді ағаш.
Емен
Білуші едім еменді,
Ең мықты ағаш дегенді.
Жапырағы жайылған,
Саясы бар көлемді.
Емен- қайратты ағаш, оның діңі өте жуан, сырты қатты қабықпен қапталған, жапырақтары сопақша пішіндегі ағаш.Бұл ағашта жапырақтардан басқа жаңғақтары болады.
Қарағай
Көкке бойын созады,
Көпке қолын созады.
Кең құшағын ашады,
Көлеңкесін тосады.
Көк қарағай, қарағай
Мейірбанды анадай.
Қарағай- діңі жіңішке, жай өседі, жапырақтары қылқанды.
Кәне,балалар,саусақ жаттығуларын жасайық.
« Ағаштар»
Орындалуы: қол саусақтарын алақанымызды өзімізге қаратып ұстаймыз.Саусақтардың арасы ашық болады.
Даладағы ағаштар
Тербеледі желменен.
(қолымызды екі жаққа қозғаймыз)
Соққан самал желменен
Ағаштар да тербелді.
(қолымызды жоғары- төмен қозғаймыз)
« Тамырлар»
Орындалуы:
1.Алақанымызды төмен қаратып,саусақтардың арасын ашып ұстаймыз.Осылай 5-10 рет.
2.Қолымыздың сыртқы жағын бір-біріне беттестіріп, төмен қаратып ұстаймыз.
Зәулім биік ағаштар
Осы жерде өседі.
Тамыры жер астынан
Сумен қоректенеді.
Жұмбақ жасырайық.
Ақ көйлекті, көк желек,
Орманда орны бір бөлек.
Желегін күз шешеді,
Сазды жерде өседі. (қайың)
Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң,
Төріңдемін үйіңнің. ( шырша)
Мақал-мәтелдер.
Атаңнан мал қалғанша, ........ қалсын. (тал)
Бір ағаш кессең, он ....... ек. (ағаш)
Дала көркі- мал, қала көркі- ....... ( тал)
........... ексең аялап, басыңда болар сая бақ. (ағаш)
Қорытынды.
Балаларды мақтап, мадақтап бағалау.
Абдуллина А.Т.
Мұғалім-логопед
Благодар орта мектебі
Ақтөбе қаласы.