7


  • Учителю
  • Кеңістікте бағдарлау. Сабақ жоспары

Кеңістікте бағдарлау. Сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Кеңістікте бағдарлау

Мақсаты:

  1. Түзету - білімдік: Оқу арқылы кеңістікте бағдарлауды дамытып жетілдіру.

  2. Түзету - дамытушылық: Көріп қабылдау сезімін және зейінін сонымен қатар ойындар арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.

  3. Түзету - тәрбиелік :Ұқыптылыққа тәрбиелеу

Құрал - жабдықтар:

Дәптер,қарындаш , өшіргіш, т.б.


Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушылардың оқу құралдарын тексеру. Зейіндерін сабаққа аудару.

2. Өткен сабақты қайталау.

Әртүрлі фигураларды көзбен көрсетіп , сызып шығу.

3.Негізгі бөлім:

Көзге арналған жаттығулар:

Көздің шаршағанын басады және қырағылығына әсер етеді. Әр қимылды бұлшық етті қатайтпай, көзді сығырайтпай, еркін, 5-6 реттен рахаттана орындаймыз.


Көзімді жәймен жұмамын

Жұмып қатты қысамын

Көзімді ашып, жыпылық қағып

Қабақты түйіп тұрамын


8 санын көзіңмен бірнеше рет жүргіз

Қолымды қатты ысумен

Қыздырып бір аламын

Жәй жұмылған көзімді

Алақанмен басамын

1,2,3,4 деп

Көзімді ашып аламын

Көзімізді қимылдата отырып айтамыз.


Оң құлағым қайдасың,

Сол құлағым қайдасың

Көре алмай сендерді

Қараймын алға мен енді


Ал енді қалам дәптерімізді аламыз да , тапсырмалар орындайық.

«Жаз да оқы»

Клетканың ортасына «Н» әріпін жазамыз. Оның оң жағына «А» әрпін, «Н» әріпінің сол жағына «А» әріпін жазамыз. Қандай сөз шықты?

А

Н


А


Соңғы клеткаға «А» әріпін жазайық. Оның сол жағына «Л» әріпін, оның сол жағына «А» әріпін , оның сол жағына «Б» әріпін жаз да оқы.

Б

А


Л

А

Жаз да оқы


Оқ жақ төменгі клеткаға «М» әріпін жаз,сол жақ жоғарғы клеткаға «А» әріпін, сол жақ төменгі клеткаға «А» әріпін жаз, оң жақ жоғарғы клеткаға «Л» әріпін жаз. Енді оны сағат тілі бойымен оқы.

Сағат тілі БОЙЫМЕН оқы, қандай сөз шықты.

А

Л

А

М


Жаз да оқы

Сол жақ жоғарғы клеткаға «Л» әріпін,оң жақ жоғарғы жақ клеткаға «І» іріпін, сол жақ төменгі клеткаға «Т» әріпін, оң жақ төменгі клеткаға «К» әріпін жаз да САҒАТ ТІЛІНЕ ҚАРАМА - ҚАРСЫ ОҚЫ


Л

І

К

Т

Көзге арналған жаттығулар

Көзді жыпылықтату.Тез-тез кірпік қағамыз.


Үлкен шеңбер. Сағаттағы цифрларды сағат тілі бойынша, одан кейін қарсы бағытта қарап шығамыз. (2 рет)


Екі көзімізбен бірге оң жақ иығымызға қараймызда, 5 секунд тұрамыз


Монитордан теріс қараңыз да, көзіңізді жұмып, ашпай тұрып 10 рет жылдам көзіңізді қысыңыз.


Әдемі бір суретке немесе терезе сыртындағы көрініске байыппен назар аударыңыз. Көзіңізді 10-20 секундқа жабыңыз. Денеңізді еркін ұстап, жақсы тыныққаныңызды сезініңіз!


ЖҰМБАҚ

Ұстасаң үгітіліп жоғалады,

Дамылдап отырмайды ешбір жайда

(Көбелек)


Графикалық диктант

Графикалық диктант жазу барысында бір бөлігін берілген нұсқаулар бойынша жазады да , екінші бөлігін оқушылар өздері орындайды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал