- Учителю
- Конспект на тему звук ш
Конспект на тему звук ш
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті бойынша технологиялық карта
Түзету жұмысының тақырыбы : Тіс аралық дыбыстарды қою [ш] дыбысы
Сабақтың тақырыбы : Дыбыс және әріп «Ш» Ыдыс -аяқ түрлері
Сабақтың мақсаты : дыбыстардың артикуляциясын анықтау.Фонематикалық дыбысталуды дамыту.
Білімділік мақсаты : ш дыбысының айтылу қалпын түсіндіру, ыдыс-аяқ түрлерімен таныстыру.
Түзетушілік мақсаты : фонематикалық есту қабілетін , сөздік қорын,тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты : тапсырмаларды тиянақты орындауға, жауапты толық беруге үйрету.
Әдіс-тәсілдері : сұрақ-жауап,түсіндіру,салыстыру,ойын
Көрнекілігі: суреттер, «Ш» дыбысының кескіні, тілге арналған артикуляциялық жаттығулардың суреті,айна,ыдыстар.
Қызмет кезеңдері
Логопедтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы
Ұйымдастыру кезең
Психологиялық дайындық
Ал ,қанекей балғындар,
Дүр сілкініп алдыңдар.
Қане енді бәрің де,
Дыбыстарды дұрыс анық атаңдар.
Қайталап айтады
Ұйымдастыру -іздену
Тақтада суреттер ілініп тұр
-Осы заттардың барлығын бip сөзбен қалай атауға болады?
Сендер тағы қандай ыдыстарды білесіңдер?
Асханадағы тамақ iшyгe арналған ыдыстарды атаңдар?
Тамақты қандай ыдыстарда дайындаймыз?
Шәй iшyгe арналған ыдыстарды ата.
A) Ыдыстардың құрылысына қарай бөлімдерін атап түсіндіреді.
Мысалы: Қазан қандай бөліктерден тұрады?
- Шәйнек пен аққұман қандай?
B) Ыдыстарды көлеміне қарай салыстыру.
Мысалы: қазан мен құмыра.
-Шәйнек,шанышқы,пышақ деген сөздердің бірінші дыбысы қандай?
Ұсақ қол моторикасы
Ш дыбысының артикуляциясы
Ш дыбысын дыбыстағанда ерін дөңгеленеді де,алға қарай жиырылады.Тіл ұшы жалпақтанып қысқы тістердің түбіне жуықтайды,бірақ тимейді.Тілдің алдыңғы жағы ойықталады,екі жағы үстіңгі тіске тиеді.
-Алақанымызға жылы ауа,салқын ауа жібереміз.
«ШШШ»
Артикуляциялық жаттығулар: «Күрекше»
«Кесе»
«Тісімізді тазалайық»
«Сылақшы»
Фонопедиялық жаттығулар
-Ш дыбысын созып,буындарда айту
-ша-шо-шу-шы-ше
-аш-ош-уш-ыш
-шка-шко-шку-шкы
-шпа-шпо-шпу-шпы.
Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру.
«Бағдаршам» ойыны
-Мен ш дыбысынан сөз айтамын. Сендер сол дыбыстардың сөздің басында ,ортасында, соңында кездесуін қолдарындағы белгі арқылы анықтайсындар:
Ағаш,шана,қуыршақ,шопан,әже,сызғыш,машина,
пышақ,ақша,шәйнек,шанышқы.
«Бұл қалай өзгерді?» ойыны
-Мен сендерге түбір сөздер айтамын.Ал сендер түбірге тиісті -шы,-ші жұрнағын жалғау арқылы жаңа сөздер жасайсыңдар!
Ән
Сауын
Би
Оқу
Егін
Қой
-Ыдыстар
- Қасық, шанышқы,пышақ
-Қазанда, кастрюльде
-Кесе, шәйнек, аққұман
-Қақпағы, түбі, қолмен ұстайтын тeтiгi
-Ш дыбысы
Жіптен Ш әріпін жасайды.
Таяқшалардан Ш әріпін жасайды.
Қызыл,жасыл,сары дөңгелекті көтереді.
-Әнші
-Сауыншы
-Биші
-Оқушы
-Егінші
-Қойшы
Рефлексивті - түзету
Шошиды шортан шорағай,
Шабақ аулап шағала.
Шегіртке қуып Шорабай
Шапқылар шилі жағада.
Өлеңді жаттайды.
Үйге тапсырма : «Асханада» тақырыбына әңгіме құрастырады.
Мадақтау
Умарова Молдир Жанабергеновна
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс орта мектебі
Мұғалім-логопед