7


'Үй жануары' 5 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Қосалқы мектеп-интернат»КММ


Сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: «Үй жануарлары».

Қазақ тілі пәні 5 «б» сынып.



Пән мұғалімі: Бекбосынова Балжан

Мухаметкалиевна.


Семей қаласы-2015ж

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары
Сабақтың мақсаты: үй жануарлары туралы түсінік беру, төлдерін атай білуге үйрету.

Міндеттері:
Білімділік: олардың пайдасы туралы білімдерін бекіту, көптік жалғауын қолдана білуге үйрету.
Түзету-дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, төрт түлікке деген сүйіспеншілігін арттыру, үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, іздену, ойлау, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер,слайдтар,үй жануарлары бейнеленген карточкалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. - Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
- Қыс айларын кім айтады?
- Қазір қай ай?
- Бүгін ақпанның нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?

ІІ. Фонетикалық жаттығу. Кезекші дыбыс «Қ»

М: Тура және кері буындарды жеклей және хормен оқыту. «Қ» дауыссыз, қатаң дыбыс сөз басында, соңында ортасында келе береді.

А О

И Қ У

Е

Қалам-ручка

Қуыршақ-кукла

Тақта-доска

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Сөздерге көптік жалғауын жалғау керек.
Тауыктар, балапандар, әтештер,қаздар, үйректер.

ІҮ. Жаңа тақырыпты өту.
-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- үй жануарлары. Үй жануарларының аттарын, олардың төлдерін, бізге берер пайдасымен танысамыз.
1. Сөздікпен жұмыс. ( Суреттерімен көрсете отырып түсіндіремін) слайд
Жылқы - лошадь Құлын - жеребенок

Түйе - верблюд Бота - верблюжонок
Сиыр - корова Бұзау - теленок
Қой - овца Қозы - ягненок
Ешкі - коза Лақ - козленок
Сөздерді мұғалімнен кейін қайталап, сөз тіркестерін құрау (ауызша)
М: ақ ешкі, қара сиыр, үлкен түйе ала бұзау, сүйкімді лақ, қоңыр қозы,
Сергіту сәті.

Қане балалар, тұрамыз,
Бойымызды жазамыз.
Балықтарға ұқсап біз,
Жүзіп-жүзіп аламыз

2. «Төлін тап» ойыны. Тақтаға жануарлардың суреттер аралас ілінеді. Әр жануардың өз төлдерін сәйкестендіріп қояды. (Оқушы сұраққа толық жауап беруді қадағалау)

Жылқының төлі - құлын.

Сиырдың төлі - бұзау.
Түйенің төлі - бота.
Қойдың төлі - қозы.
Ешкінің төлі - лақ.
3. Көп нүктенің орнына көптік жалғауын жалға.
Құлын ... (дар )
Ешкі ... (лер)
Лақ ... (тар)
Қой ... (лар)

4. Фонетикалық жаттау: құлын

Ү. Ойын ойнау. «Бұл қай жануар?»

Бір оқушы қорапқа салынған ойыншық жануарды сипаттап айтады. Қалған оқушылар оны табады. Менің жануарым үй күзетеді, сүйекті жақсы көреді. Ол не? Ол-ит. Ал, менің жануарым жұмсақ, ұйықтағанды, сүтті жақсы көреді. Ол не? Ол-мысық. Ал, менің жануарымның мүйізі ұзын, сүт береді, шөпті жақсы көреді. Ол-сиыр. Менің жануарымның сүті өте пайдалы, көлік бола біледі, өте сұлу. Ол не? Ол- жылқы, ат.
ҮІ. Қорытындылау. Тест тапсырмаларын орындату.


- Не туралы өттік?

- Не білдік?

Үйге тапсырма беру.
Кестені толтыру.

Үй жануарының атауы

Үй жануарының төлі

Үй жануарлардың несін пайдаланамыз?

Сиыр

Қой


Жаңа сөздерді жаттау:

Түйе - верблюд Бота - верблюжонок
Жылқы - лошадь Құлын - жеребенок
Сиыр - корова Бұзау - теленок
Қой - овца Қозы - ягненок
Ешкі - коза Лақ - козленок
ҮІІ. Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан балаларға смайликтер таратылады.



2.Мәтінмен жұмыс.
Үй жануарларына түйе, жылқы,сиыр, қой, ешкі жатады. Олардың төлдері бар. Түйенің ботасы, жылқының құлыны, сиырдың бұзауы, қойдың қозысы, ешкінің лағы бар. Олар бізге ет, сүт, жүн береді.
1.Мәтінді саралап оқыту.
2. Мәтінді аудару.
3. Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді табу.
Жануарларына, төлдері, олардың.

1. Сөздерді сәйкестендір.
Ақ түйе
Бір құлын
Қоңыр қой
Үлкен сиыр
Кішкентай бота


Сабақтың тақырыбы: «Үй жануалары»

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: оқушылардың үй жануарлары туралы білімдерін кеңейтіп, олардың пайдасы жайында түсінік беру;

Ә) дамытушылық: оқушыларға ойындар ойнату арқылы, ертегілерді сахналау арқылы, өлеңдер айтқызу, жұмбақ шешкізу, мақал - мәтелдер айтқызу,сурет бойынша әңгіме құрау, тіл байлығын, сөздік қорын байыту;

Б) тәрбиелік: үй жануарларын қорғауға, күтіп бағуға, қамқор болуға, адамгершілікке, ізеттілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: төрт түліктің суреттері, әтеш, тауық, қаз,үйрек, балапан, қоян, ит, мысықтың суреттері

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу,сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: көркем әдебиет, өзін - өзі тану, музыка

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі:

Қазір балалар, бәріміз дөңгелек, шеңбер жасап, шаттық шеңберін жасайық.

Достар бірге жүреміз

Бірге ойнаймыз, күлеміз

Міне, біздер қандаймыз

Орман, көлге, шыңға біз

Саяхатқа шығамыз

Бөлінбейтін іргеміз

Әрқашанда біргеміз

Орман, көлге, шыңға біз

Саяхатқа шығамыз

Бөлінбейтін іргеміз

Әрқашанда біргеміз

- Бөбектерім, орындарыңа отыра қойыңдар

- Қазір тіл дамыту сабағы

- Қазір мен сендерге жұмбақ жасырайын дұрыстап тыңдап отырыңыздар

II. Жұмбақ жасыру ойыны:

Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар

(түйе)

- Түйе екенін қалай білдіңдер?

- Түйенің екі өркеші бар екен

- Түйе қандай жануар?

- Үй жануары

III. Жаңа сабақты түсіндіру:

- Балалар, біз бүгінгі сабақта үй жануарлары туралы әңгімелейміз

- Үй жануарлары қандай жануарларға жатады

- Қане кім айтады?

- Оларды неге үй жануарлары деп атаймыз?

- Үй жануарларын адамдар үйде ұстап, күтіп бағады.Оларға жем, су, шөп береді.

- Үй жануарларының қандай пайдасы бар?

- Сүт, ет,қымыз, шұбат береді, жүнінен киім, кілем тоқиды, киіз басады

IV. Төрт түлік малдың суреттерін интерактивті тақтадан көрсету

V. Төрт түлік жайлы көрініс көрсету:

Мұғалім: жайлаудажайылып жүрген төрт түлік мал өз - өздері біздің иеміз кім болады деп таласып қалыпты.

1) Бекбол: Түйе (боздайды)

- Бәріңнен де мені иеміз жақын көреді. Менен алынатын шұбаттың емдік қасиетін айтсайшы. Оған еш нәрсе жетпейді. Иемізге менен пайдалы түлік жоқ.

2) Әлихан: қой (маңырайды)

- Сендер босқа мақтасаңдар, ием мені жақсы көреді. Адамдар киім - кешекке қажетті маталар, үйдегі төсеніштер менің жүнімнен шығады. Иемізге менен пайдалы түлік жоқ.

3) Алтынай. Ешкі (маңырайды)

- Сендер босқа мақтанасыңдар, менің сүтімді ішеді, түбітімнен шарқат, жемпір, қолғап, шұлық тоқиды. Иемізге менен пайдалы түлік жоқ.

Төрт түлік мал жайлы көрініс

Мұғалім:

- Сендер босқа таласасыңдар.Әр қайсыларыңның өз орындарың бар,адам үшін бәрін көресіңдер. Рахмет, балалар!

Сиырдың, түйенің сүтінен күнде шәй құйып ішеміз. Сиырдың сүтінен айран, сүзбе жасап, ішіп, жейміз.

Мұғалім:

Халқымыз жылқыны, атты өте бағалаған.

Мінсе - көлік, ішсе - сүт, қымыз, жесе еті тамақ. Атқа мініп ұлттық ойындар ойнаған. Мысалы, қыз қуу, көкпар, бәйге ойындарын ойнаған. Көкпар ойынын теледидардан көріп жүрсіңдер ме? Жастар да бұл ойындарды ойнап, жүлделі ойындарға ие болып жүр.

VI. Төрт түліктен алынатын өнімдер

- Балалар, төрт түлік малдан басқа қандай үй жануарларын білесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

VII. «Қандай үй жануарлары ұнайды?» ойыны

Ойынның шарты: үстелдің үстіне бірнеше үй жануарларының суреті тастаймын. Әр бала өздеріне ұнататын үй жануарларының суретін алады.

VIII. Сергіту сәті (қимылдарын көрсету)

Сырт - сырт етіп тұяғын,

Би билеші, лағым

Ырғып өтіп жырадан

Басына шық қияның

IХ. Сурет бойынша әңгіме құрау (интерактивті тақтамен жұмыс)

1) Мен ат жарысқа қатыстым. Атым бірінші келді.

2) Өрісте бұзау, құлын,қозы, лақтар ойнап жүр.

3) Айгүл лаққа сүт берді

Х. Жеті лақ ертегісі

Не туралы айтылған?

- Ешкі лақтарына тамақ әкелуге тоғайға кетеді.

- Есікті менен басқаға ашпаңдар, - дейді балаларына

Ешкінің бұл айласын бір күні қасқыр біліп қояды.

Ешкі тоғайға кеткенде,біздің шешеміздің даусы сенің даусыңыздан жуан емес дейді.

Балаларым, есікті ашпаған дұрыс болған. Есікті ашсаңдар сендерді жеп қояды, - дейді.

Венн диаграмма

Лақ Ж Қасқыр

А

Н

У

А

Р

Қасқыр

Х. «Төрт түліктің пірлерін ата!» ойыны

Түйенің пірі - Ойсыл қара

Жылықының пірі - Қамбар ата

Сиырдың пірі - Зеңгі баба

Қойдың пірі - Шопан ата

Ешкінің пірі - Шек - шек ата

ХІ. «Малды қалай шақырады?» ойыны

Түйені - кәус - кәус

Жылқыны - қырау - қырау

Сиырды - әукім - әукім

Қойды - пұшайт - пұшайт

Ешкіні - шөре - шөре

- Балалар, сендерді мамаларың, әжелерің еркелете ме?

- Сендерді жақсы көріп, ботақаным, құлыншағым, ботам, құлыным ,- деп еркелетеді.

ХІІ. «Қара жорға» биі

ХІІІ. Сабақты қорытындылау

- Бүгінгі өткен сабағымыздың тақырыбы қандай?

- Үй жануарлары

- Үй жануаларына нелер жатады?

- Төрт түлік мал, тауық, үйрек, қаз, мысық, ит

- Үй жануарларының пайдасы бар ма?

- Төрт түліктен қандай өнімдер аламыз?

- Малды ұруға бола ма?

- Сүтті жерге төгуге бола ма?

Ақтөбе облысы


Үй жануарлары Білім беру саласы: Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі:

Тіл дамыту Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты:
1. Білімділігі: Балалардың төрт - түлік мал туралы түсініктерін кеңейте отырып, төрт - түлік дәріптеген өлең жырлары арқылы халық ауыз әдебиетімен таныстыру.
2. Дамытушылығы: өнер - салтымызды балалардың бойына сіңірумен қатар олардың сөздік қорын дамыту, интонациялық мәнерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелілігі: Үй жануарларын қамқорлауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ - жауап, дидактикалық ойын.
Көрнекіліктер мен құралдар: үй жануарларының суреттері, сүт өнімдері, көрме құралдары, жүннен тоқылған киімдер.
Бізге көп қонақтар келіп отыр, алдымен амандасып алайық.

Мейрімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық
Шаттық шеңбері:
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы таң достарым.
Сабақтың барысы:
Тақтаға жайлаудың суретін ілу. Балалар бұл не? Бұл - жайлау. Жайлау өсімдік, шөп өсетін жазық дала. Жайлауға малды көктемде шығарады, күзге дейін үй жануарлары осы жайлауда жайылады, шөп жейді, қоректенеді, су ішеді.
Бұл сиыр. Сиыр - өте пайдалы. Сиыр бізге ет, сүт, құрт, ірімшік, май береді. Сүттен май, қаймақ, құрт, ірімшік жасаймыз.
Жылқы - жеті қазынаның бірі. Жылқы - мінсе көлік. Сүтінің емдік қасиеті бар. Жылқы еті де пайдалы, одан қазы - қарта жасайды.
Түйе - төрт - түлік малдың бірі. Түйе ірі жануар. Ол бізге шұбат береді. Шұбаттың емдік қасиеті бар. Түйе жүнінен әр түрлі көрпе жасалып, киімдер тоқылады.
Қой - үй жануары. Қой ұсақ жануар. Қой сүті қорғасын. Қой жүнінен киіз көрпе жасайды, жылы киімдер тоқылады. Қой етін, сүтін пайдаланамыз. Осы кезде залға Шопан ата кіреді, қолында қоржыны бар.
Саламатсыңдар ма балаларым?!
Қараңдаршы балалар бізге қонаққа Шопан ата келді.
Саламатсыз ба? Шопан ата! Осы төрт - түлік малды бағатын қой, ешкіні бағатын түлік иесі Шопан ата. Шопан ата сіз қайдан келесіз? Мен осы сыныпқа көптеген қонақтар келе жатқанын, жаңа балалардың үй жануарлары туралы айтып жатқанын естідім.
Бәрекелді Шопан ата жақсы келдіңіз! Жаңа келе жатып балаларға сиқырлы қоржынымды ала келдім. Бұл осы үй жануарларынан алынған жүннен жасалатын заттар және сүт өнімдері.
Шопан ата сізге көп рахмет, біздің балаларымызға арнап көрме жасап жатырсыз. Бізде балаларға төрт - түліктің пайдасын үйретеміз.
Дұрыс айтасыздар адамдар да оларға көп қамқорлық көрсетеді. Бағады, жем, шөп, су береді. Сауады, күтім жасайды. Қазақ халқы төрт - түлікті өте жақсы көрген, күтіп баққан. Сондай - ақ үй жануарларының төлдері болады. Осы төрт - түлікке байланысты «Қай жануардың төлі?»ойынын ойнаймыз, сізде тамашалаңыз. Ал қане кім айтады?
Сиырдың төлі не?
Жылқының төлі не?
Түйенің төлі не?
Қойдың төлі не?
Ешкінің төлі не?
Балалар, бәріміз бірге осы төлдерге арнап, «Төлдер» әнін орындап берейік. Балалар сабағымызды қорытындылай отырып, біздер үй жануарларының пайдасы одан алынатын өнімдер туралы әңгімеледік. Бірақ оның пайдасын көру үшін, көп еңбек ету керек. Оларды күтіп баптауымыз керек.
Мадақтау: Бүгінгі сабаққа барлықтарыңызда жақсы қатыстыңыздар.

Ілмек сөздер: ,

Түсінік хат


Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: жабайы аңдар мен үй жануарлары жөнінде әңгіме жүргізу арқылы оқушыларға аңдар мен үй жануарларының ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата білуге үйрету

2. Дамытушылық: ақпараттық технология арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру, сын тұрғысынан ойлау. өз пікірін жеткізе білуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту. Салыстыра білу қабілеттерін дамыту, жаңа сөздік қорды игеру, сөйлеу және жазу біліктілігін арттыру.

3. Тәрбиелік: Туған жерді, елді құрметтеуге, жануарларына қамқорлықпен қарауға, өзара жолдастық көмектестік қасиеттерге тәрбиелеу.


Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің, мемлекеттік тілді оқытудың басым бағыттарын айқындау педагогика тәжірибесінің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.

Орыс мектептерінде Қазақ тілін, мемлекеттік тілді оқыту жүйесі қарапайым және бастапқы, негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей бойынша базалық және пәндік құзыреттерді жүзеге асыра отырып, қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынасты игерту мақсатын көздейді. Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланған орынды.
5 сыныптағы қазақ тілі сабағында «Қазақстанның жануарлар әлемі» тақырыбын өткен кезде, алдын - ала дайындаған сурет, сызба және қозғалыстағы көріністер арқылы білім игертуді жүзеге асырдым. Ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ қойылады, оқушының пікірі, жауаптары тыңдалып болған соң сурет астында жасырынған жауапты көру мүмкіндігі беріледі. Мұнда оқушы өз білімін өзі тексере алады және пәнге деген қызығушылығы оянады. Оқушының коммуникативтік қарым-қатынасын, тілдік құзіреттілігін, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жұптық, топтық тапсырмалар беріледі. Мысалы, берілген сөздерді орыс тіліне аударып, сөйлем құрайды. Жұпта жасаған жұмыстарын ортаға салады. Мұнан оқушылардың айтылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім әрекеттерін байқауға болады.


Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жануарлар әлемі




Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: жабайы аңдар мен үй жануарлары жөнінде әңгіме жүргізу арқылы оқушыларға аңдар мен үй жануарларының ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата білуге үйрету

2. Дамытушылық: ақпараттық технология арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру, сын тұрғысынан ойлау. өз пікірін жеткізе білуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту. Салыстыра білу қабілеттерін дамыту, жаңа сөздік қорды игеру, сөйлеу және жазу біліктілігін арттыру.

3. Тәрбиелік: Туған жерді, елді құрметтеуге, жануарларына қамқорлықпен қарауға, өзара жолдастық көмектестік қасиеттерге тәрбиелеу.


Оқыту әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, сын тұрғысынан ойлау, ой толғау, салыстыру, әңгіме құрастыру, Венн диаграммасын, кластер құрастыру.


Сабақтың түрі: аралас сабақ


Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, дүниетану


Жұмыс түрлері: ұжымдық, жеке, топпен


Сабақтың көрнекілігі: «Жануарлар әлемінде» көрмесі, табиғат туралы нақыл сөздер, «Қызыл кітап», диск, жануарлар картасы.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Сәлемдесу (оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру)

ә) Кезекшімен сұхбат:

-Кім кезекші?

-Сыныпта кім жоқ?

-Қазір қай мезгіл?

-Қыстың айларын ата.

-Бүгін ауа райы қандай?

-Біз де жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Балалар салған суреттерін көрсетіп, сол суреттер туралы өз пікірлерін айтқызады.

ІІІ. Жаңа сабақ:

А)- Сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы айту. (1-2 слайд)

-Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстанның жануарлар әлемі», сабағымыздың мақсаты, сабақта үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы әр түрлі тәсілдер бойынша тапсырмалар орындап, білімімізді толықтырамыз. Ал, балалар, сендер қандай жануарларды білесіңдер? (ой толғау)

- Бұл жануарларды қандай топқа бөлуге болады? (3 слайд)


Ә) Сөзжұмбақты шешу. (4 слайд)

- «Қазақстанның жануарлары» сөзжұмбақтың шешуін табыңдар.

1 лошадь 5. сайгак 9. волк

2. архар 6. суслик

3.лось 7. лиса

4.теленок 8. Қарсақ

Б) Венн диаграммасын құрастыру.(5 слайд)

-Балалар, неге аңдарды жабайы және үй жануарлары деп 2 топқа бөлеміз? Ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Ал үй жануарлар мен жабайы аңдардың айырмашылықтарын анықтау мақсатпен Венн диаграмманы толтырайық.


Үй жануарлары Жабайы аңдар

В) «Жануарларды дұрыс орналастыр» (6 слайд)

- Балалар, жануарларды қандай топқа бөлуге болады?

Қазақстанда мекендейтін жануарларды дұрыс орналастырыңдар.

Үй жануарлары Жабайы аңдар

? ?



ІV. «Қазақстанның жануарлар әлемі» мәтінмен жұмыс. (7 слайд)

1. мәтінді мәнерлеп оқу

2. түсіндіру

3. сұрақ - жауап

4. Сөздікпен жұмыс: (8 слайд)

-Жаңа сөздермен танысып, сөздікке жазу

мекен - местность

тіршілік етеді -обитают

тұрақты - постоянный

қыстайды- зимуют

жазық жерлерде - в открытой местности

сүтқоректілер - млекопитающие

бауырымен жорғалаушылар - пресмыкающиеся

қосмекенділер - земноводные

- Жаңа сөздермен сөз тіркестер, сөйлем құрастыру.

Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындау

Қазақстанның жануарлар әлемі

Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар кездеседі. Мұнда жануарлардың сегіз жүз отыз бес түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің бір жүз сексен түрі, құстың бес жүзге жуық, бауырымен жорғалаушылардың елу екісі, қосмекенділердің он екісі, балықтың бір жүз жетісі тіршілік етеді. Тек жәндік түрлерінің өзі -ақ отыз мыңнан асады.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер:

1 . Мәтінде нелер туралы айтылған?

2. Қазақстанда жануарлардың неше түрі бар?

3. Соның ішінде жануарлардың қандай түрі бар?

1 - деңгей

Мәтіннің мазмұнын айтып бер

2 - деңгей

Мәтінді мәнерлеп оқып, аудар

3- деңгей

Мәтін бойынша кластер құрастыр


V. Грамматикалық тақырып: Ілік септік (9-10 слайдтар)

- Ілік септіктің сұрақтары қандай?

- Ілік септіктің жалғауларын атаңдар.


Грамматикалық тақырып бойынша тапсырма.

Көп нүктенің орнына ілік септіктің жалғауларын, керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді жазыңдар.

Жылқы... төлі - ... .

Қой... төлі - ... .

Сиыр... төлі - ... .

Түйе... төлі - ... .

Ешкі... төлі - ... .

VІ. Сергіту ойыны. «Әрі оқу - әрі ойын»

Лиса - түлкі

Смех - күлкі

Медведь - аю

Орнамент - ою

Коза - ешкі

Старый - ескі

Кошка - мысық

Шустрый - пысық

Заяц - қоян

Просыпайся- оян

VІІ. «Жануарлардың мінездерін анықтаңдар»

- Дұрыс жауабын сызықпен көрсетіңдер:

түлкі жыртқыш аң

Қасқыр жуас, момын

түйе аңқау

Сиыр жүйрік мал

Ешкі жуас, момын

Жылқы айлакер

Қой шыдамды

VІІІ. Сабақты қорытындылау.

Тестік тапсырма.

ІХ. Үйге тапсырма: «Қазақстанның жануарлар әлемі» презентация

Х. Бағалау.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал