- Учителю
- Ашық сабақ Ертегі құрастыруға үйрету
Ашық сабақ Ертегі құрастыруға үйрету
Сабақтың тақырыбы: Ертегі құрастыруға үйрету
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ертегідегі мәтінді түсіндіре отырып, өз
беттерімен ертегі бойынша жоспар құруға үйрету,
хайуанаттардың қалай дыбыстайтынын ажыратып
айтқыза білуге және сөйлеу тілінің қалыптасуын
дамыту. Дыбыстарды дұрыс айтуын қадағалау.
Сабақтың көрнекілігі: Жәндіктер, хайуанаттар, айна, көбелек, мақта,
плакат
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Қайырлы күн, балалар!
ІІ. 1. Тыныс шығаруды дұрыстауға арналған жаттығулар.
a) Кімнің көбелегі алысқа ұшады - көбелекті салқын ұзақ ауа
арқылы үрлеу.
ә) Мақтаны ұзақ жылы ауа арқылы ауызда ұстап тұру.
2. Артикуляциялық жаттығулар
a) «Күрекше» жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып төменгі ерінге салып 10-15 секунд ұстап тұру керек.
ә) «Сағат» жіңішке тілді ауыз қуысынан шығарып оңға, солға қимылдату.
б) «Сылақшы» ауыз сәл ашық, тілді шығарып әуелі жоғары ерінді, сосын төменгі ерінді жалау.
ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Дыбысты ажырата білесің бе?» Осы тақырыпты ашу үшін біздер бүгін ертегі құрастырып үйренеміз. «Үйшікей» ертегісін білеміз ғой иә?! Сол ертегіге ұқсатып өзіміздің ертегімізді құрамыз. Ертегіні бастаймыз.
Баяғыда бір тышқан күз түскен соң қыстап шығатын үй іздеп жүреді.Қараса бір үйшікей тұр екен: - Пиқ - Пиқ- Пиқ- Пиқ
- Үйшікейде кім бар - ау, ішінде оның кім тұрады? - деп сұрайды.
Ешкім жауап бермейді. Содан тышқан үйшікейде тұрып жатады.
Бір күні тышқан қаламмен дәптерге жазып отырса, біреу есікті қағады да:
- Бақ - бақ - бақ. Үйшікейде кім бар -ау ішінде оның тұрады - деп сұрайды.
- Мен, Тинемдей - Тышқанмын, ал сен кімсің?
- Бақ - бақ - бақ, мен бақамын, үйіңе кіргіз.
Содан екеуі тұрады, Бір күні тышқан мен бақа кітап оқып отырса үйшікейдің қасынан мысықта өтіп бара жатып тоқтай қалады.
- Мияу - мияу - мияу! Үйшікейде кім бар -ау ішінде оның тұрады - деп сұрайды.
- Біздер Тышқанмын құрбақа, сен кімсің?
- Мияу - мияу, мен мысықпын, үйіңе кіргіз.
Бір күні тышқан, бақа, мысық қарындашпен сурет салып отырған еді, бір кезде біреу келіп есікті қақты:
- Аф - аф - аф, Үйшікейде кім бар -ау ішінде оның тұрады - деп сұрайды.
- Біздер Тышқанмын құрбақа, мысық - үшеуіміз тұрамыз. Сен кімсің?
- Аф - аф - аф, мен итпін, кіргізіңдер.
Иттіде кіргізіп алады.
Үйшікейдің қасынан Қасқыр да бара жатып:
- Ррр - р р- р - р р! Үйшікейде кім бар -ау ішінде оның тұрады - деп сұрайды.
- Тышқанмын құрбақа, мысық, ит тұрады.
- Ррр - р р- р - р р! Мен қасқырмын кіргізіңдер.
- Қасқырды кіргізіп алады.
- Содан үйшікейді Аю көріп:
- Уа - уа - уа! Үйшікейде кім бар -ау ішінде оның тұрады - деп сұрайды.
- Тышқанмын құрбақа, мысық, ит, қасқыр тұрады
- Уа - уа - уа, мен аюмын кіргізіңдер.
- Үйшікейге Аю кіргенде оның быт - шыты шығады.
Содан өз ісіне қатты ұялған аю:
- Мына мені көрдіңдер ме? Қандай үлкен әрі күштімін. Жаңадан үлкен етіп үйшікей салып берем. Бәріміз еркін сиятын боламыз, - дейді. Содан аңдар аюға көмектеседі. Олар бұрынғыдан да әлдеқайда әдемі, әрі кең үйшікей салып алады. Олар бақытты ғұмыр кешеді.
- Ертегі сендерге ұнады ма?
2. тапсырма
Қазір біздер осы ертегі бойынша жоспар құрып, кімнің қалай дыбыстайтынын үйренеміз.
Пиқ-пиқ
Бақ - бақ
Мияу - мияу
Аф -аф
Ррр-ррр
Уа - уа
3. Сергіту сәті
Барқ - барқ барқылдап
Қарға ұшады қарқылдап
Құрқ - құрқ құрбақа
Су ішінде жүр бақа
4. Жоспар бойынша ертегіні сұрау.
Жоспарға қарап отырып, ертегіні әңгімелеп беру. Әр кейіпкердің даусын дыбыстау.
</ ІV. Қорытынды:
- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда не істедік?
- Ертегімен таныстық, жоспар құрып үйрендік.
- Бұл ертегінің ішінде қандай хайуанаттар кездеседі?
- Олар неге бірге тұрады?
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңыздар. Рахмет сіздерге!
- Сабақ аяқталды.
- Сау болыңыздар!