- Учителю
- «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНДЕРІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН ТИІМДІЛІГІ
«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНДЕРІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН ТИІМДІЛІГІ
«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНДЕРІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН ТИІМДІЛІГІ
Кабимолдина А.К.
Педагогика және психология пәндерінің оқытушысы
«М.О.Әуезов атындағы педагогика колледжі» ҚКМК
Семей қаласы, Қазақстан Республикасы
ХХІ ғасыр мәдениеттің, ғылым мен ақыл-ой бәсекесінің ғасыры болмақ.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев
Қазіргі уақыт талабы-шәкірт білімінің тереңдігі. Бұл талап күн өткен сайын оқытушыға үлкен міндет жүктеуде.
Өйткені, ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың көз ілеспес жылдамдық пен даму заманы, сондықтан уақыт талабына сай білімді де парасатты, жан дүниесі кемелденген, намысшыл ұрпақ тәрбиелеу басты мақсат. [1, 48-б]
Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе-білім беру мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздетіру және оларды жүзеге асыратын болашақ мамандарды даярлау. Қазіргі педагогиканың негізгі мақсаты - білімді сапалы ету, оқушының толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау. Жалпы білімнің үш міндеті бар, олар-баланың өзіндік жалпы дамуы, жан -жақты дүниетанымын қамтамасыз ету, оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау. Дәл қазіргі кезде оқытудың кең көлемді қоры жинақталған. Солардың бірі - оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру. Мұғалім оқыту үрдісін басқаруда оқытудың мотивін, мақсатын, мазмұнын, құралдарын, әдіс-тәсілдерін және қорытындысын жақсы меңгеруі және қолдануы керек. Сонда ғана балалардың өз пәніне деген қызығуын арттыра алады. Оқушының танымдық қызығуы танымдық саласына қатысатынан пайда болады. Оқуға, білуге деген қызығу танымдық белсенділіктің қозғаушысы болып табылады. Бұл орайда белгілі ғалым Л. Выгодский былай деген: «Ең алдымен бір әрекетке тарту үшін сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса. Осыны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал мұғалім болса тек сол әрекетті басқарып отыруы керек. Оқушылардың таным деңгейі олардың берілген білімге деген қызығуы және білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты, ойлау әрекетінің әдістерінің қалыптасуына байланысты. Сол үшін мұғалім өз білім деңгейін де әрқашан арттыруға тиіс. Ол қазіргі заманға сай мұғалім тәжіреби-эксперименталдық бағдарламаны жасап, негізгі дидактикалық мақсат пен міндеттерін айқындап, өз жұмысын ғылыми түрінде жоспарлап,оқушылардың білім деңгейін көтеруіне басшылық жасау. Осындай бағдарлама жасау кезінде мынандай мақсаттар мен міндеттер болуы керек:
- оқыту үрдісін жоспарлай білуі;
- оны мақсатты түрде ұйымдастыра алуы;
- жүйелі түрде бақылау мен бағалау үрдісін жүргізіп отыруы;
- оқушыларға берілетін білімдердің мақсаты мен қажетін түсіндіру мен оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді қалыптастыруы;
- оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдауына мүмкіншілік жасаумен қатар басшылық етуі;
- оқушылардың берілген білімді толық қабылдауы мен ғылыми ұғымдарды санасына қалыптастыруды басшылыққа алуы;
- берілген білімді тәжірибеде қолдануға және бекітуге басшылық жасауы;
- оқушылардың алған білім бойынша таным -түсінігін есепке алу, тексеру, және бағалау үрдісін іске асыруы. Информация-ақпарат:-адамдар арасындағы бір-біріне берілетін мәлімет; - хабар беру арқылы анықталмағандықтың азаюы;
-кез келген нысан және үрдістің әр түрлілігін кескіндеу және хабарлау.
Оқушының дербес ізденуі, жаңа тақырыпқа сай қосымша әдебиетпен жұмыс істеу жолдары белгіленді.
Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар өте тез дамып келеді. Еліміздің саяси, әлеуметтік - экономикалық өзгерістерге сай білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі білім беруді ақпараттандыру.
Білімді ақпараттандыру - оқыту мен тәрбиелеу ісінің психологиялық - педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыру бағытында білім беру саласын қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологияларды жасау және пайдалану жұмыстарының теориясы мен практикасын қамтамасыз ету үрдісі. [2, 35-б]
Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады. Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік, материялдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпаратттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр. Білім беруді қайта құру мұғалімінен үлкен дайындықты талап етеді. Олай болса, олардың тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы талап қойылады. [3, 15-б]
Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген қайта құруларды педагогикалық үрдістің негізгі субъектісіне айналып отыр. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу-үрдісін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады. Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру үрдісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуіне және оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттілігі туындады. Педагог мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлауда ақпаратттық әлемде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызу. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі - жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері - жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек. Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі - осы ақпарат. [4, 45-б]
Жаңа мыңжылдық - бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау - бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.
Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру - экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі. Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам - ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру - адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі - «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына өте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды «өзін-өзі тану» пәндерінде қолдануға байланысты педагог - кадрлардың бiлiктiлiгiн көтеру қазiргi кезеңде бiлiм берудi aқпараттандырудың маңызды міндеттерiнiң бiрiне айналып отыр. Бұл -өте күрделi, ауқымды мәселе, сондықтан оның нормативтiк, ұйымдастырушылық, ғылыми - әдiстемелiк және оқу - әдiстемелiк жақтарына тоқталып өтпеске болмайды.
Педагогикалық бiлiм берудiң нормативmiк базасы (бiлiм берудiң мемлекеттік стандаpттары мен оқу пәндерінің типтiк бағдарламалары) бiлiм берудi дамытудың қазiргi заманғы басым бағыттарын белгiлi бiр дәрежеде бейнелей алуы тиiс. [5, 45-б]
Адам мәдениетiнiң компонентi қазiргi дүниетанудaғы бастысы екенi түсiнiктi. Әрбiр мәдениеттi және тәрбиелi адамның өмip сүрiп отырған қоғамда өзiн қоршаған ортаның қалай құрылғаны туралы eң болмаса жалпылама түciнiгi болуы керек. Табиғатты сүю үшiн ондағы болып жатқан құбылыстарды, қандай заңдылыктарға байланысты өзгеpicтep болып отырғанын бiлу қажет. Адамның жас шaғында жетiлдiрiлмеген ойлау қабiлетi сол қалпында қалып қоятыны белгiлi. Сондықтан қазiргi ақпараттық қоғамдaғы өміpге балаларды дайындау үшiн олардың тек ойлау қабiлетін, анализ бен синтез жасау мүмкiндiктерiн ғана дамытып қоймай, оқыту үрдісiнiң ең маңызды бөлiгi - aқпараттық мәдениет элементтерiн бойларына сiңiрiп, ұғындыру керек. Ақпараттық заманда өмip сүpeтiн адам бастауыш мектептің өзiнде-ақ өзiн-өзi шектей бiлетiн негiзгi нормалар мен ережелердi игеруi тиiс.
Оқушылардың ақпараттық мәдениетін көтеру үшін өзін-өзі пәнін оқытуда ақпараттану құралдарының алатын орны ерекше.
Әрбір оқушының жүрегіне жол таба білу, оны қызықтыра білу
ұстаздардың шеберлігінің жемісі.
</ Өзін-өзі тану сабақтарында көрнекілік принципін техникалық құралдар арқылы жүзеге асыру - білімалушылардың білімге деген қызығушылығын арттырады. Олар:(аудио - бейне материалдар, кино фильмдер, мультфильмдер)
Осы ақпараттарды пайдалану, сабаққа байланысты көп нәрсені ұқтыруға мүмкіндік береді, білімалушылардың ой - өрісінің дамуына және өздігінен жұмыс істеу қабілетінің қалыптасуына ықпал етеді.[6, 33-б]
Әрбір оқушының жүрегіне жол таба білу, оны қызықтыра білу ұстаздардың шеберлігінің жемісі.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру мынадай жалпы мақсаттарға негізделеді:
- Әрбір оқушының өзінің жан дүниесін сезінуіне және өзінің дербестігін түсінуіне ықпал ету;
- Жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына өмірлік маңызы бар мынадай түйінді құзыреттерді мақсатты түрде дамыту арқылы ықпал ету;
- Өзінің өмірлік позициясын анықтау;
- Әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес конструктивті шешу;
- Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым қатынас жасау;
- Адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету;
- Өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі, іс-әрекеттеріне шынайы болу;
- Жасампаздық тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;
- Қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Аталған мақсаттар күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғаның өзін-өзі анықтау, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік әлеуетінің дамуына ықпал ететін ақпараттық білім беру кеңістігін құру, мектеп пен отбасының әлеуметтік серіктестігі ынтымақтастығын дамыту арқылы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қалыптасуы үшін жағымды алғышарттар жасауды құру жолдарымен жүзеге асырылуда. [7, 12-б]
Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық оқу құралдарының атқаратын рөлі зор.
Электрондық оқу құрылымы мынандай функцияларды жүзеге асырады:
-
Ақпарат көзі
-
Оқыту құралының негізі
-
Пән бойынша білімдер жүйесі
-
Білім мен шеберліктің ұштасуы
-
Өзіндік білім алу функциясы
-
Тәрбиелік функция
-
Бақылау функциясы
Оқытудың ақпараттық технологиясының мақсаты - ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту, «ақпараттық қоғамға» түбегейлі бетбұрыс жасау. Сондықтан да білімалушылардың ақпараттық мәдениетін көтеру үшін әрбір пән сабақтарында компьютерді қолдану тиімді болып табылады.
Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану - білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы.
Пайдаланған әдебиет:
-
Қ. Өстеміров, А.Айтбаева, Қазіргі білім беру технологиялары, Алматы, 2006ж.
-
Қ. Ж. Бұзаубақова, Жаңа педагогикалық технология, Тараз, Тар.МУ, 2003ж.
-
Қ. М. Нағымжанова. Инновациялық оқыту жағдайларындағы мұғалім қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері. Өскемен, 1999ж.
4. Пидкасистый П.И., Хайдаров Ж.С. «Технологии игры в обучении и развитии» М., 1996,
5. М.М. Жанпейісова, Модулдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде, Алматы, 2004ж. 268 стр.
6. Сайт www.albest.ru, www.tor.kz
7. Суворова Н. «Интерактивное обучение: Новые подходы» М., 2005.