7


  • Учителю
  • «Ғажайып түстер әлемі» 2-сынып

«Ғажайып түстер әлемі» 2-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

2 сынып, миопия, дара жұмыс

Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып түстер әлемі»

Сабақтың мақсаты: 1.Түс деген үғымға түсінік беру

2.Оқушының қиялдау қабілетін жетілдіру

3.Ертегіге деген қызығушылығын арттыру

Дидактикалық материалдар мен құралдар :түрлі түсті таяқша, сурет дәптер түрлі түсті карандаш,бояу

I.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу.

Психологиялық дайындық

Кел, қолымызды ұстасып, бір-біріммізге «Қайырлы таң! және Сәтті күн» тілейік.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Бүгін біз екеуміз «ғажайып түстер әлеміне» саяхат жасаймыз.

Сен қандай тұстерді білесің ? Калай ойлайсың, түстер не үшін керек? Бұрынғы өткен заманда түрлі түстер болмаған екен. Түрлі түсті әлемнің қалай пайда болғаны туралы ертегіні тыңда.

IV. «Түрлі түсті әлем калай пайда болды» ертегісі

Бұрынғы өткен заманда, бүкіл әлем ақ-қара түсті кезінде,жарықтың және караңғылықтың екі перизаты жерде өмір сүріпті.

Жарықтың перизаты айналасын жарқыраған сәулемен толтырыпты. Ал түнде, басқа перизат жер бетін қараңғылап, бүкіл заттар мен айнала кап-кара болады екен.Сөйтіп екі перизат бір-бірін алмастырумен уақыт өтіпті. Бір күні, жарықтың перизаты жерге түстер силағысы келіпті. Сөйтіп өзінің сиқырлы сәулесімен серпігенде, оның алдына барлық түсті перизаттар қатар тізіліп тұра қалды. Перизаттардың бірі көк, екіншісі қызыл, тағы біреуі күлгін, төртіншісі сары...

Сол кезде жарық перизаты былай деген екен -«Кымбатты перизаттар!, сіздерді оңай жол күтіп түрған жоқ, өздеріңіздің түсті сәулелеріңізбен жерді жарқыратып, оны түрлі түске бояуларың керек». Перизаттардың әр қайсысы өзінің сәулесімен жерді жарықтандырғанда, аспан мен су көк түске боялып, бақтағы раушан гүлдер қызарып шыға келіпті. Бүкіл әлем түрлі түске еніп, бұрынғысынан да әдемі, қызықты болыпты. Сөйтіп барлық перизаттар жақсы іс жасапты....

Саған ертегі ұнады ма ?

V. Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдынан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Ұп-ұлкен боп өседі.

VI. «Сиқырлы таяқша» ойыны

Өзіңнің жақсы көретін түсіңді ата және сол түске сай келетін таяқшаны таңда. Енді сен осы түстің перизатысың. Ертегідегідей қолыңдағы таяқшаңмен әлемді жарықтандырып, қалаған нәрсеңді осы түспен бояй аласың. Сен не жасар едің? Осы түске нені бояр едің?

VII.Көзге арналған жаттығу.

Ыңғайланып отырып,басымызды қозғалтпай, иегімізді алақанымызға қойып, көзімізбен 5 күлтелі гүлдің суретін сағат тілінің бағыты бойынша саламыз.Сосын керісіңше....

VIII. Графикалық тапсырма. «Перизат» Біздің бүгінгі саяхатымыздың естелігіне, әлемді түрлі түсті жасаған перизаттардың суретін салайық.

IX. Оқушыны бағалау. Ауызша бағалау, мақтау

X. Үй тапсырмасы.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал