7


  • Учителю
  • Негізгі түстерді ажырату 2сынып

Негізгі түстерді ажырату 2сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сарқан облыстық көмекші мектеп -интернаты

АШЫҚ САБАҚ

Негізгі түстерді ажырата білу

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты:

Оқушылардың түстер жайын мәліметін кенейтіп бекіту. Түстерді өзара салыстырып, ажырата білуге дағдыландыру.

  1. Коррециялық мақсаты:

Сабақта орындалатын жаттығулар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, суретке қарап сөйлем құрастыру арқылы ауыз екі сөйлеу тілін дамыту, ойын ойнату арқылы есте сақтау қабілетін дамыту, суретті бояу арқылы балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамыту.



  1. Тәрбиелік мақсаты:

Сабақ барысында оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, сабақ барысында сауаттылыққа, ұстамдылыққа баулу.



Әдісі: аралас.

Сабақтың түрі: бекіту

Көрнекілігі: гүлдер аппликациясы, әткеншек, техникалық құрылғылар, көбелек бейнесімен түлі-түсті аппликациясы.



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а/ Сәлемдесу

б/Көңіл күйін сабаққа аудару:

  • Балалар алдарында тұрған қандай гүлдер?

  • Бәшешек.

  • Дұрыс баалалар бұл бәйшешек гүлі. Ал енді ұнатқан бәшешек гүлінен алып бір- бірлеріне ұсынындар. Ұсынар сәтте сабаққа тілер жақсы тілектерінді айтуларын тиіссіндер.

  • Ұстаздың оқушысына айтқан тілегі: Жанерке мен саған сабақты жақсы оқуына тілектеспін!

  • Жанеркенің сыныптасына айтқан тілегі: Нұрдаулет мен саған үлгілі оқушы болуына тілектеспін!

  • Нұрдаулеттің сыныптасына айтқан тілегі: Ельдар мен саған тілерім саба,ынды тек 4-5 -ке оқы!

  • Ельдардың ұстазға айтар тілегі: Апай мен сізге тілерім еш уақытта ауырманыз!

  • Көрдіңдерме балалар әр уақытта жасаған жақсылығын, жақсы тілектерін өзіне әрдайым қатып келіп отырады, осы жақсы, игі тілекпен сабағымызды бастасақ .



  1. Өткен сабақты қайталау:

М: Балалар әр-бір жыл мезгіліне көңіл аударайықшы қандай түстерден құралған?

О: қыс ақ түсті көбірек қамтыған.

О: Көктем -жасыл, ақ қоныр түсті қамтыған.

  1. О: Жазда айнала толық жасылданады.

О:Күзде сары түс басым болады.



  1. Сабақты пысықтау

М: Кәнеки балалр ал енді біз «Ғажайып алаңға » барайық. Жоғарыда айтып кеткендей қазір бізде қай мезгіл?

О: Қыс мезгілі

М: Осы қыс мезгілін «Ғажайып алаңымызға» құрастырайық бірлесіп.

М: Ал енді ғажайып алаңымыздың бағдары кімді көрсетсе сол бала қыс мезгілін баяндап береді. Түстерін де анықтап береді.

М: Балалар тақтаға көңіл аударайықшы, мынау қай мезгіл?

О: Көктем мезгілі

М: Дұрыс балалар, қарымыз еріп, күн жылынып, жылғалардан су ағып, бәйшешек гүл жарады, құстар ұшып келіп, жан-жануарлар оянып, жәндіктер тіріліп көктемгі өмірге дайындалады. Кәнеки осы көктем мезгілінің түстерін «Ғажайып алаңымыздан көріп анықтайық».

М: Балалар көктем айында ақ бұлтты, қандай түсті бұлт алмастырады? Аппақ қардың орнына не жауады?

О: Ақ бұлтты көк бұлттар алмастырады және қардың орнына көгілдір жаңбыр жауады.

М: Ал кең байтақ жерімізде қар еріп, жерде не өседі?

О: Шөп, гүл.

М: Дұрыс балалар шөп көгеріп, жауқазын гүлдері өседі. Жауқазынның түсі әр түрлі болады: ақ, көк, жасыл, қызыл, қызғылт, сары, қою көк т.б.

М: Сонымен қатар балалар көктемде құстар ұшып келеді. Құстардың түстері көбіне се қара, қоныр болады.



Сергіту сәті:

Кәнеки балалар біраз сергіп, бой жазып, көз дәлдігімізді арттырайық.

Тапсырма: Себетке сары, жасыл, қызыл, көк түстен құралған доптарды дәлдеп салу, салу барысында түстерін анықтау, шатаспай айту.



М: Ал енді балалар бойымыз сергіп қалса ғажайып алаңымызға қайта оралайық. Балалар біз ойын ойнап жүргенде ғажайып алаңдағы жауып жатқан жауын тоқтап, аспанға не шықты?

О: Кемпірқосақ шықты.

М: Дұрыс балалар. Кемпірқосақтың түстері қандай?

О: Әр түрлі.

М: Түстерді кезегімен атайықшы.

О: Қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, қою -көк.

М: Ал енді балалар ғажайып алаңымыздың бағдары кімге бағдар ұстаса сол бала ғажайып алаңдағы пейзажды әңгімелеп, түстерін анықтап береді.

М: Ал енді балалар біраз дәптермен жұмы істейік. Даптерлерінде салынған суретті аяқтау қажет. (жетіспейтін кемпірқосақтың түсін анықтап бояу)

  1. Сабақты қорытыңдылау:

Салынған кемпірқосақтың түстерін кезектілігімен атау.

  1. Оқушыларды мадақтау:

Балалар бүгінгі сабақта сендер жақсы білім көрсете алдыңдар, барлықтарын өте жақсы жұмыс істедіңдер.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал