- Учителю
- Бала психологиясы және жағымды қарым –қатынасты дамыту
Бала психологиясы және жағымды қарым –қатынасты дамыту
Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті , №110 мектеп-лицейінің психолог-логопеді Аметова Инкар Касымхановна
Бала психологиясы және жағымды қарым -қатынасты дамыту
Тәрбие-қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе.Оның негізгі өлшемі-тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады.Тәрбие ұғымының маңыздылығы сондай,біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып,тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады.Мұғалім мен мектептің ең қасиетті міндеті-рухани бай,жан-жақты дамыған,дарынды тұлғаны зерттеп дамытып қалыптастыру.
Я.А.Коменский «Тәрбиені мойындамау адамдардың,жанұяның,мемлекеттік және бүкіл әлемнің құруы»деген болатын. Немересіне ертегі айтып береті әженің азайып бара жатқаны қатты алаңдатады. Мектеп- білім ошағы,тәрбие ордасы,тағылым табалдырығы.Мектеп-тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Әр жеткіншек-зерттелмеген құпия. Сол зерттелмеген құпияны ашып,баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін тани білу,ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр.
Ендеше,елдің ұлтжанды азаматын тәрбиелеймін деген кез-келген ұстаз ұлттық мәдениетпен,тарихи, мәдени мұралармен қарулануы қажет.
Үш -ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек, -деп Абай атамыз айтқандай,жүректің жылуы,махаббат,ар-намыс,қайрат-жігер деген сезімдері бар рухтың мекені мектеп мұғалімдерінің жүрегі болуға тиіс.
Тәрбие мәселесі мектеп өмірінде ешқандай маусымды,үзіліс дегенді білмейді, үздіксіз жүргізіліп отырылуы керек.
Мектепте тәрбие кеңістігін қалыптастыруда оқушыларға тәрбие арқылы білім беруде қоғамдық пәндерге атқаратын рөлі жөнінде ерекше мән берілген.ол шәкірттерген отансүйгіштік,ұлтжандылық,идеялық сенімді қалыптастырады.
Бүгінгі таңда оқушылардың бір -бірімен,үлкендермен ,және басқа адамдармен қарым-қатынасын дамыту-педагог-психологтар мен ата-ананың басты назарына алынуда. Бала тәрбиелеудегі мақсатымыз-баланы дұрыс ойлауға,дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы жеке тұлға ретінде қалыптастыру.
Топ,ұжым мүшелерінің көпшіліг бір-бірімен өзара жарасымда қарым қатынаста болады. Мәселен, біреудің басқалардан гөрі жиі кездесетін,ұнататын адамы болады. Ондай адамдар бір-бірімен мүдделес,ортақ істері бар,әңгімелері ылғи жарасып жатады.Көпшілік адамдарда мұндай дос жаран онша көп болмайды. Ұжым ішінде мұндай шағын топтардың болуына қарамастан,ол өзінің бірлігін сақтап,өмір сүре береді. Кейбір адамдар ешкіммен жеке қатынасқа түспейді,ұжымнан өзіне серік таба алмайды.Алайда мұндай адам топқа қажетсіз деген ұғым тумайды.Ол да іске қызу араласады, өзі қалап алған міндетті жақсы атқарады.Оның басқалармен қарым- қатынасы қауымдастықтан тыс жерде болады.
Мәселен,шәкірт өзімен бір үйде тұратын,не басқа сыныпта,басқа мектепте оқитын балалармен қарым -қатынасқа түседі.Топта тек жек көретін,маңайларына жуытқысы келмейтін адамдар да кездесуі мүмкін,мұндайда өзгелер оған жоламай,одан іргесін аулақ салуға тырысады. Топ ішінде осындай адамдардан бейтараптық сақтайтын,онымен қарым-қатынас жасаудан қашпайтын адамдар да болады. Психологтар кейбір оқушылардың өзгелермен араласпай оқшау жүруі,сондай -ақ топтағылардың оларды жатырқап,жолатпау себептерін зертттегнде оқшауланған балалардың сабаққа селқостығы анықталған.
Оқшаулықты сүйетіндер сабақты нашар оқиды,үлгерімін жақсарту үшін тіпті талаптанбайды. Осы жайт сыныптастарынан оған деген немқұрайлықты туғызады.
Мұндай балалар ұжымының жетістіктері мен кемшіліктеріне қуанбайды,не ренжімейді,сыныптың сабақ үлгерімі оларды мазасыздандырмайды.Олар үшін оқу-еш қызығы жоқ,азабы мол жұмыс қана.
Оқшау қалудың екінші бір себебі-олардың қарым-қатынас жасауға шорқақтығынан болуы да мүмкін.Олар өз бетімен достасуды қаламайды,бойын аулақ салып жүреді.Қарым-қатынас үрдісінде ойынның маңызын талқылау үшін балалар арасындағы қарым-қатынас проблемасын қалыптастыру қажет